Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!


ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
–  Бір  орманда  шағын  мемлекеттік  мекеме  тұрғызылып,  үй-
лер салып, аста-төк тегін тамақпен қамтамасыз етіліпті. Ар-
тық  тамақтың  қоқысы  орман  ішін  шірітіпті.  Қасқырлардың 
мекені  болса  керек.  Дайын  азық,  мол  қоқыстан  тамақтанып 
өскен бөлтіріктер өсе келе, қасқырлардың ата салтын бұзыпты. 
Ұжымдық, қауымдық ғұмыр-тəртібін жоққа шығарып, ата-ене-
лерін  талап,  көсемдерін  өлтіріп,  бауырларынан  безіп,  жеке-же-
ке одағайсып, барлық тəртіп пен жүйеден аттапты. Адамдарға 
шабуыл жасап, көрінгенге шауып, ақыр соңында сұр мергендердің 
қанды  қақпан,  оңтайлы  мылтығынан  қырғынға  ұшырапты.  Біз -
дің рухани ұлттық санамыздың көк жайлауына да өзгелер өз қо -
қыс тарын  аяусыз  төкті.  Саясаттың  қоқысынан  ұлттық  руха-
ният тың  орманы  шіріді.  Ұлттық  құндылықтарға  ұрпақ  есіней 
қарап, тарихқа үстем пиғылмен көз жүгіртеді. Міне, осы үзік-үзік 
көріністер адамзаттың да жəне біздің қоғамның да түр мен сыр-
сипатын  елестетеді.  Тепе-теңдік  бұзылған...  Əлем,  өрке ниет: 
өзі  мен
  өзі  əлек.  Біз  кімді  күтіп  жағалауда  қалғып  отырмыз?!.. 
Оған  жауап  беретін  қайсың  бар!?..Бізге  біткен  ұлттық  сана-
ны  қоқыстан  айыратын  амал  бар  ма!?  Сананы  дерттен  айық -
 тыратын  халық  емшілері  болады, – дейді.  Халық  болсаң,  ем шің 
қайда!?...Əлде, құл сиіп кеткен құрсағыңды тазалау үшін уақыт 
керек  пе!?...Өлеңім,  ақ  періштем:  Сен  не  дейсің!?...  Жо-жоқ, 
мұның  бəрі  кейбір  ақпарат  көздерінің  көбік  сөз,  көпіртпесі  бо-
лар!?.. – деп, – Менің ішкі түйсігім шыңғырады. Ғалым жігіт бол-
са күннен-күнге сұмдық хабарларды жеткізіп түңілдірулі... Сен -
бейін десең бəрі де көз алдыңда болып жатыр – өрескелдіктер мен 
өзімшілдіктер.
ҚАҒИДАЛЫ САЛТЫНАН АДАСҚАН ҚАСҚЫРЛАР
Əділ заңға ғұмыр берген Тəңірім!
Заң өзгерді, жасың қайсы, кəрі кім!?
Құлақ тұстан болат тіспен шайнады,
Перзент қылған, ұя ұстар айбары.
Өз Атасын жарып салды азғының,
Жалғыз барып қоқыс сайдан қазды інін.
Ұлыс кетті ыдырасып, ырылдап,
Қаншық қасқыр қансырады шырылдап.
Ата-бөрі жатыр əне өлмекші,
Бөлтірігі өз қанына шөл депті.
Қаптап келіп бөлтіріктер қараған,
Ата-ескі, ағып жатыр жаңа қан.
Шын қасқырды енді қайдан табасың,
Кіл бөлтірік қоқыс жеген санасын.
Ұясынан кетті солай жарасым,
Қаншық жылап, деді, қайда барасың!?
Буындырды атасын да, анасын,
Қоқыс-сана бір көрсетпек шамасын.
Өлді атасы, ыңырсыды аналық,
Қылдыңдар деп балалық.
Жалғыз-жалғыз өлесіңдер құрып деп,
Көп жылады қанға басын ұрып кеп.
Аққан қанын кешіп ойнап бөлтірік,
Анасында жарып салды өлтіріп.
Ата жау мен ит-құстарға тастады,
Жалғыз-жалғыз өмір сүре бастады.
 Ата салттан көр-саналар жатсынды,
Жеп үйренді атты менен атсызды.
Біліксіздер білгендерін жасады,
Ата-анасын өлтіргенге мас əлі.

638
639
Түлкі-қарсақ айдап салып ауылға,
Өз олжасын қыстырғанды сауырға.
Бірлігі жоқ, қалай қасқыр атанбақ,
Жалғыз-жалғыз өлтірді оны бақандап.
Ит ұйықты қаншығына мінгілеп,
Еркегінің енін алды тілгілеп.
Ит те емес қасқыр да емес ыздиды,
Тұқымына тоз-тоз қылып тұз құйды.
Ата салтын аяқ асты қылғасын,
Кім сыйлайды азғындардың бір басын.
Əркімдерге тосып өлді жырмасын,
Қарсақ алды, қасқыр мекен, қыр басын.
Адам атты, есек тепті, түлкі жеп,
Адасқандар өлді ақыры күлкі боп.
Шашау шықпас көкбөрілер қатал-ды,
Ұлы арманның патшалығы аталды.
Талай дəурен сүріп еді желпініп,
Тəубасына атажауды келтіріп.
Көкжалдардың бұл құпия заңы дүр,
Батса күні, атса, сірə, таңы бір.
Бөлінбеген, бөлтірігі, бөрісі,
Үлгі болған, ұя басы ер ісі.
Көптің күші, көктің туы – жеңісі,
Əріден сол баба-салттың келісі.
Баба тегі, ана көрік атанған,
Қасқыр қылды ұлы тəртіп, қатаң заң.
Күллі əлем мойынсынып таныды,
Азуларын намысына жаныды.
Бірлік қана қасқыр етті, қасқырды,
Бірлік кетті екі көзді жас қылды.
Орман іші куə болды сұмдыққа,
«Бірлік» атты бөрі сарып тұр құтқа.
Қарын қамын қоқыс шешті, жуынды,
Тойған қарын іздемес ар, туыңды.
Неге керек ортақ намыс, бөрілік,
Өз кеудесін өршеленді төр ұғып.
Қарап жүріп қандасымен тіресті,
Табылмады «Тəк!» – дейтұғын бір есті.
Қоқыс жеді, майдансыз-ақ ас тапты,
Азды ұрпақ, араздаса бастапты.
Ата қалды, анасын да талады,
Туыстан жат, жалғыздықты қалады.
Жалғыз-жалғыз жау іздеді тойынды,
Адамдарға салып көрді ойынды.
Адам деген: қасқырлардың қасқыры,
Жаһандағы жауыздардың бастығы.
Бөлтірік пен қырып салды көкжалды,
Қасқыр жайлы сосын жалғыз сөз қалды.
Міне, солай, оққа ұшып көмілді,
Өзі барып таңдап алды өлімді.
Мың асқанға, бір тосқанды тап қылды,
Терісін ап, етін итке лақтырды.

640
641
Апан құлап, арландарым жеңілді,
Ет-сүйегін көрінген ит кемірді.
Тойған қарын, сана менен дұшпан-ды,
Жүрекке жау қарын тұрған тұстан-ды.
Жүрек сөзін ұлтым тыңдап бағынсын,
Қандас көрсе, көріп тұрып сағынсын.
Қарақұртым... өз балағым... өз жауым.
Ой-тасқын да, ашу-дауыл, сөз-жауын.
Отан-қазық əркім келіп ырғайды,
Əр кеудеде əлмисақтан бір қайғы.
Бірін-бірі ішіп алмақ, ұрттамақ,
Сарсаң пиғыл, сана шірік құрттамақ.
Құрт білмейді тойғанын һəм жегенін,
Ненің бүгін, кімнің ертең керегін.
Құрт-санамен қайда кетіп барасың,
Азған əлем кімнің жазбақ жарасын.
Анау тұрған қазекем бе қалғулы,
Болды өткізіп ызы-қиқу, бар дуды.
Адамзаттан жыландар да түңіліп,
Бірін-бірі жұтып жатыр, құрыдық!..
Сен қайдасың Алашымның ұлдары,
Мынау дертке нелер шипа, кім дəрі?!
Рухыңды қоқыс қаптап алғасын,
Қолбаладай саған енді бар ма сын.
Арзан азық ұлт рухын улады,
Бірін-бірі итше шайнап тулады.
У құтыртып, ұраны да өзгерді,
Соның бəрін мынау қара көз көрді.
Өз көйлегін шешіп тастап жалаңаш,
Өз-өзіне қарап күлді шала мас.
Бəрі қалды ата дəстүр, антыңның,
Көшесінде жырқыл менен жарқылдың.
Əке сүйел, ана безгек атанды,
Жанға бермес асылымды жат алды.
Ит аралап, доңыз бұзды некемді,
Адал ұрпақ қайдан шықпақ, бекер-ді.
Көкжалдардың бөлтірігі азды ма,
Жүрегіме сарсу болған саз бұ да.
Санамыздың құрсағына мола сап,
Жау қолында іңгалайды болашақ.
Оят мені, түртіп жібер санамды.
Соқыр сана жолдас қылар наданды.
Бар зұлымдық сүйеніп жүр наданға,
Сақта Құдай, сана берші мағанда!?..
Көгерейін өз тамырым нəрлесін,
Ая мені, шығар-шықпас қалды есім.
Əділсің Сен, Жаратқаным , Жан-Ием,
Соған шүкір, бір Тəуелсіз бар Ием!
Ием менің – Жаным Алла, жан тұрақ,
Қауызыма тамсын нұрың тамшылап.
Бүр жарайын саған созып мойынды,
Көрдім қанша көрге түсіп ойынды.

642
643
Жарық сəуле – ұлтымызды бастасын,
Оян ,Сабыр, ұйқықұмар қасқасың!?
Өлең маған: Түңілмегін, Тұр – деді,
Сенен ниет, Тəңірімнен нұр – деді.
ІV
(ЖҮРЕК ПЕН ЖЫРДЫҢ УЛАНҒАН САНАНЫ, 
АДАМЗАТТЫ ЕСІРКЕУІ)
Жұтыла бастаған жұмыр жер мен өзін-өзі жұта бастаған 
он  сегіз  мың  ғаламды  құтқармақ  боп,  сананы  оятып,  иман  мен 
əдепке,  əсем  өмірге  жол  бастағысы  келіп,  ЖҮРЕК  ПЕН  ЖЫР 
шы рылдап көрді. Бірақ, нəтиже берер емес!.. Енді, не істемек ке-
рек!?..
Бүлкілдеген жүрек тамыр, жыр тамыр,
Сен ұйқыңнан оян, – дейді – Тұр, Сабыр!
Өлең мені аялады күлімдеп,
Жанарыма жан көзімен үңілмек.
 Жан көзінде тамшылаған жас бар-ды,
Үн қатты ол əсем саз бен астарлы.
Иман-əдеп іңгалаған бесік-ті,
Жан-бесіктен жансебіл саз есіпті.
Адамзатқа жалбарынды жүрек-жыр,
Ұлға ұят, ерге намыс тілеп жүр.
Оны таптап бара жатыр табандар,
Өз жолына қарамайды адамдар.
Кіл көкірек астамсыған, ақырып,
Жыр-жүрекке түкіреді қақырып.
Жүрек жылап зайыр сұрап қол жайды,
Өңкей мақтан онда зайыр болмайды.
Бар білері байлығы мен мансабы,
Алдап кету, жалмап кету аңсары.
Жүрек жылап ұлт дəстүрін сұрады,
Қала түгел басын шайқап тұр əні.
Жүрек жылап бейбіт күнді іздеді,
Қай ғасырдың қалдығысыз Сіз деді.
Жүрек байғұс махаббатқа тығылмақ,
Қайтесіңіз деді уақыт шығындап.
Жүрек сосын кешпек əділ бір майдан,
Жүрек өлсе шықпақ енді жыр қайдан.
Жүрек пен жыр ақиқаттан нұр ішпек,
Бəрі қашты: «Мына жолың бұрыс» – деп.
Кетті уақыт, кетті дəуір сырт беріп,
Ішін ұстап күлді оны қырт көріп.
Бəрі күлді, қара түн мен қара жым,
Өзегінен қан құстырып сананың.
Жүрек пен жыр құшақтасып жыласты,
Жалбарынды Жаратқанға сыр ашты.
Кетті іздеп бір Алласын, Тəңірін,
Хақ қаласа төгер иман жарығын.
Дүниенің бəрі гүлге айналар,
Жыр-жүрегім сайра бар.
Ей, адамзат, жүрегіңді тыңдап көр,
Білгеніңді бізше сосын жырлап бер.

644
645
Жүрек пен жыр, тілек пен нұр қабысқан,
Бəрі өзіңде, бақ іздеме алыстан!
Өз жүрегің – бар бақыттың пернесі,
Жүрек айтпай түзелмейді ер көші.
Өзіңді-өзің енді таптай бермеші,
Адамзаттың ақыл-сана, зердесі!?..
Көкірегің қарақұртқа айналды,
Қалыбыңнан жылан үркіп, қайғы алды.
Көкбөрілер үрдісінен жаңылды,
Ат есекке, арлан итке таңылды.
(Өлі сана өлексеге табынды)
Өңештерде құлақ та жоқ, көз де жоқ,
Оған айтар сөз де жоқ!
Өлген сана өңеш болып қағынды,
Кім қуантар жаныңды!?
Адамзаттың жүрек көзі – бір дағы,
Бірге аштырмай сол бір көзді шырмады.
(Ғалам азбақ сүйектердің қырманы)
Бұл қара жер – көк зеңгірдің жүрегі,
Қан-қан болып бүлкілдейді бір өзі.
Кетті білем оның кербез көрігі,
Жер-жүректің қалды қанша өмірі!?
Өңеш болдық, сезім өлді, бұл бір де!..
Жүрек пен жыр жылап отыр үңгірде.
Күңіренді жыр жүректі азалап,
Қалаңыздан сол үңгірі тазарақ.
Сен қозғама!..
Жүрек пен жыр жыласын!
Кімді қайда жығар екен, мына сын!?.
Не істейді?!..Қандай амал бар бұған!?..
Кім шығады болашақтың алдынан!?..
V
ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
(Үштік одақ)
Бірін-бірі жұтып Адамзаттың екпіні мен тепкінінен қорлық 
көрген табиғат атаулы, Жыландар Патшалығы өз-өзін жұтып 
жатты.  Осы  көріністен  шошынған  он  сегіз  мың  ғалам  Жылан 
Патшалығының қол астына көшіп, ерікті түрде бұл майданға кі-
руді  жөн  көрді.  Адамзаттан  кек  алудың  амалын  іздеуге  көшті. 
Адамзатты  тəубасына  түсірмесе  болмайтынын  білді.  Барлығы 
бірдей құритынын көк аспан, қара жер түгел түсінді. Жыландар 
асқан ашу мен ызаға берілді.Əрі,болашақ ұрпағының қамын ойлап, 
адам  деген  жауыздардан  сақтанбаса  болмайды  деп  үрейленді. 
Адам деген зиянкестің қара жер-көк аспанның шеңберінде бірде-
біреуін қалдыруға болмайды – деп, жар салды. Адамзаттың бар-
лы ғын бірдей кінəлағандары дұрыс емес еді. Бірақ, оны қалай тү -
сін діресің. Ксенофобия дертіне шалдыққандар ештеңені естімей-
ді. ҮРЕЙ!.. ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ!.. Дүниені ксенофобия дерті жалмай баста-
ды. Ғалым жігіт кезекті хабарын осылай бастады. «Өркениет» 
бұл хабарды ессіз ғалымның, Езбе пікірі деп, мазақ қылды. Қарқыл-
дап күліп, жындыханаға қамап тастау керек деп шешті. Ғалым 
жігітті жындыханаға қамап қолына жер шарының ойыншық-кө -
шірмесін беріп қойды. Ғалым жігіт шындығында жалғыз өзі жер 
шарының тағдырын ойлап, ойыншықпен сөйлесіп жындана бас-
тады. Ксенофобия дерті бұған да жетті.
Күллі əлемде жылан құрған Патшалық,
Адамзатқа қастанып,
Ұран салды аттанып –
Деп, – ұрпақты сақталық!!!

646
647
– Адамдардың бейнесіне көшің – деп,
Ішке кіріп кеміріңдер төсін – деп,
Қарақұрт пен қасқырды,
Сөзбен арбап тас қылды.
Өттері ісіп асқынды.
Қарақұрт пен қасқырлар,
Жыланменен бірікті,
Дүние тік тұрыпты.
Аяушылық дегенді
Шеттерінен ұмытты.
Адамзатты жоқ қылуға келісті,
Ажал құшпақ жер үсті.
Жазықсыздар қақсады,
Жанын ала бастады.
Құтылмады қашқаны.
Адамзатқа бар табиғат
Жау болды!
БҰҰ-ның да,
Басы қара дау болды!..
Қарақұрт,  Жылан,  Қасқыр  бірігіп  адам  бейнесіне  көшіп  алды. 
Адамдармен адам сұлбасында соғысып, ішіне еніп алу ең тиімді 
жол еді. Кер Жылан осының барлығын ұйымдастырды. Үшеуі бі-
рігіп  адам  бейнесіне  еніп,  адамзаттың  арасына  сіңіп,  арала сып 
кетпекші.  Бұл  бір  табылған  ақыл  болды.  Жыландар  адам  тұл-
ғасының  омыртқа  бойы  жұлын  мен  бас  қуысындағы  жайлауға 
орналасты. Себебі, адамзаттан кегін алу үшін оның ақыл-пара-
сатын  улау  керек  болды.  Қарақұрттар  адамдарға  шексіз  əмір 
етудің даңғыл жолы – жүректен бастау алатынын түсінді. Сон-
дықтан, олар: талтаңдап, емін-еркін келіп, жүрек деген мекеннің 
жайлауына орналасты.
Ал, қасқырлар ата-дəстүр салтынан адасып, санасы қоқысқа 
семіргендіктен, қайда барарын білмей есіріктеніп, сергелдеңге тү-
сіп тұрды. Аздан соң көпті көрген Кер Жылан қасқырларды адам-
дардың  құрсақ  тұсындағы  жайлауға  орналастырды.  Адамзат-
тың құрсағына ұрпақ бітетін болса, оларды жатырда жатқанда 
қасқырларға  шайнатып  өлтіруді  мақсат  тұтты.  Сөйтіп,  олар, 
өзара Үштік Одақ құрып, адамзаттан кек алуды бастап кетті. 
Бұл кекшіл Одақтың кесірі Əлемге тие бастағанына да біраз уа-
қыт болды.Үдеп, үлкен күшке айналып барады.
Ксенофобия патшалығы құрылды!
Үрей қаптап қырылды.
Жаналғыштар жанықты,
Жер: қап-қара табытты.
Қара табыт көтеріп,
Көксау ниет жөтеліп,
Жүрек біткен былғанды.
Аяқ асты жыр қалды.
Ақымақтар семірді,
Ақыл күтті өлімді.
Қарап тұрсаң:
Бəрі адам!..
Адамы жоқ бірақ та,
Өртенді орман, құрақ та.
Жер бетіне:
Тозақ шықты шоқтанып.
Масайрады
Жын-перілер:
Көздерінен от тамып.
«Өркениет»
Ада болды:
Жалған күлкі,
Сып-сыпайы тұрқынан.
Қайдан қарғыс,
Неден келді,
Не үшін!?
Деп жылады боқтанып.
Сосын оның
Сұрамақ боп,
Себебін:
Зындандағы ғалымды,
Іздеп-қайта сабылды,
Мəн берген де жоқ халық.
Ксенофобия –
Теңселдірді халықты,

648
649
Орман ұқты, тал ұқты.
Ғалым жігіт
Шыныменен жынданып,
Жер-ойыншығын құшақтап,
Жылап-жылап көздің жасын ағытты.
Адамзаттың
Төбе шашы тік тұрды,
Ал, көрінбейтін,
Патшалығы жыланның,
Адамдарды адамдарға жұттырды.
Өңешіне,
Өзі өртеген
Əлемнің,
Күл-қоқысын тықтырды.
Қала біткен
Молаларға айналды,
Ойып алды
Көшеде:
Қанағатсыз,
Тойымсыз –
Екі көзі шыққырды.
Көрінбейтін
Патшалығы
Жыланның –
Ксенофобия дертіменен ауырды.
Көрінгенді
Сүйетұғын:
«Өркениет-Адамзат» –
Тастап қашты дəуірді.
Ксенофобия –
Адамзатты
Санасынан шектеді.
ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ торлап кетпеді.
Ойдан құрап,
Күш пен бұрап жасаған– 
Саясатшыл, сандырақтың талқан болды мектебі.
Ксенофобия!.. Ксенофобия!.. Ксенофобия!..
Ия,  сонымен  көрінбейтін  Одақтың,  жыландар  патшалығы-
ның  қырғыны  адамзаттың  ақыл-Мандарын  зындандағы  жынды 
ғалымның ауызына телміртті. 
Бірақ, бұл Одақтың, жыландар патшалығының қолынан кел-
мейтін  бір  іс  бар  еді.  Олар:  Өнер  атаулыны  өлтіре  алмайтын. 
Тал бойларын аралап кететін, бір құдіретті күштен өлердей қо -
рық ты. Оның аты – САЗ ӨНЕРІ болатын! Иман мен Қайыр-Қана-
ғат, Зайыр мен Білім, Өнер мен Талап, Сүйіспеншілік пен Махаб-
бат, Парасат пен Сенім жəне Тəңір сыйлаған шексіз Таланттан 
жаралған шынайы өнерді жеңу мүмкін емес екендігін де түсініп 
үлгерді.  Себебі,  саз  өнеріне  тосқауыл  қоятын,  Құдайдан  басқа 
күш жоқ. Саз толқыны Одақтастардың кез бойын еріктен тыс 
аралап  шығатын  қасиетке  ие.  Ал,  сырыңды  біліп,  еркіңнен  тыс 
ішіңді аралаған жаудан асқан қауіпті дұшпан жоқ екенін, Үштік 
Одақ  сезді,  білді.Сиқырлы  саз-жылан  патшалығының  сардарла-
рын тəтті сезімге шақырып, бойларындағы аяушылық қасиетті 
оята беретін еді.
Сондықтан, Олар: ҚОРҚЫТ АТАНЫ, ҚҰРМАНҒАЗЫНЫ, АБЫЛ -
 ДЫ, ҚАЗАНҒАПТЫ, ТƏТТІМБЕТТІ, МОЦАРТТЫ, ПАГАНИ НИДІ, 
БЕТХОВЕНДІ  жəне  бəрін-бəрін  жек  көреді.  Дəстүрлі  өнерді  аз-
ды румен айналысып жатырған да, сол, Үштік Одақ! Адамзат ты 
Ксенофобия  дертінен  сақтайтын  ұлы  күш – Иман  мен  Əдепке 
суарылған ӨНЕР! Əу басында Жаратқан Ием Адамның кеудесіне 
жан салғанда жеті түрлі сазбен салыпты деген де сөз бар. Саз 
өнерінің құпиясы мен қуаты – тылсым дүниеге тең. Алла өз қала-
уымен туындатқан саз өнерінде – болмысқа күш, санаға сұлулық 
пен  серпін  беретін  нұр  бар.  Адамзат  бақытты  өзінің  жаны-
нан  емес,  өзгенің  қанынан  іздеуді  дағдыға  айналдырды.  Өзімшіл 
алпауыттардың өрескел тəкаппарлығы – өздерін де, өзгені де Ксе-
нофобия дертіне ұшыратты. Барлық бақыттың бастау-сағасы, 
Бір  АЛЛА!  Алланы  сүйіп,  достарын  қадірле!  Ұлттық  салт-дəс-
түріңді, бабаларыңнан қалған киелі ұғым, қастерлі қасиет, да на-
лық-дағдыларды көзіңнің қарасындай сақта! Топырағынан көк те-
ген ағаштың жемісі мен саясы – барша жолаушыға ортақ. Ұлт 
бесігінен  нəр  алып,  адамзаттың  асыл  перзентіне  айналған  Тұл-
ға лар  қаншама!..  Ұлы  сазгерлердің  Тəңірлік  туындыларында  сол 
нұрлы шуақтың Иман-сəулесі бар. Көкірегінде Иман-сəулесі жоқ 
қараңғы қоғамда, ксенофобия дерті белең алып, өрши түседі.

650
651
Ксенофобия жалмады.
Барлық сана ұшынды,
Дəл қарақұрт пішінді.
Ішім-сыртым,
Түгел жау боп өзіме,
Қайрап алдым тісімді.
 Үрей қаптап сұрланды,
Шашты қарға қырманды,
Шашты адам иманды,
Ар-ұяттың 
Терісінен,
Жасап алды шиланды.
Он сегіз мың ғалам тұр,
Бір-бірінен дір қағып.
Жүрегінде жылан тұр,
Бойын толғап ырғалып.
Құрсақ тұста
Қорқаулар,
Болашақты жүр бағып.
Ксенофобия дертіне –
Саясат та шалықты.
Бəрін-бəрін жау көріп,
Оған тағы сендіреді халықты.
Бесік қылды дүниеге,
Санаға:
Үрей деген табытты!..
Барлық жүрек –
Барлық жерде үрейлі,
Бір-бірінің жоқ болғанын тілейді.
Ой қанжарын
Оңашада жанып ап,
Қиялы мен құрлықтарды ірейді.
Енді, міне,
Он сегіз мың ғаламға,
Жұқты дерті адамның,
Түрін қара заманның!?
Айырып көр,
Ал, қане,
Арам қайсы, адал кім?!
Барлық табан астында,
Бір-бір ор бар қазылған.
Құтылмайсың жазымнан.
Сендік ғұмыр
Өзге жанға көп арзан,
Бір шайнайтын сағыздан.
Ксенофобия дертіне –
Сана қорқып берілді.
Кірпігіне кек ілді.
Көлеңкесін көріп қалса
Қару ала жүгіріп,
Атып, шауып,
Өлтірмек боп тебінді.
Есірік боп елірді.
Аспан мен жер,
От пен су,
Күллі ғалам дерттенді,
Барлығы да бірін-бірі жеп көрді.
Сүйіп жүрме
Адам ғой деп
Құр тері,
Жылтыраған беттерді.
Төрт құбыла –
Түгел үрей,
Қорқыныш,
Бірін-бірі аңдымақ.
Ксенофобия – бүгінге тəн, жалғыз ат.
Құрлық біткен,
Ел біткен!
Сені де сол бір қорқыныш өкшелер,
Күнге дейін дем біткен.
Ей, дүние, үрей баққан таңға ұзақ.
Ксенофобия – бүгінге тəн, жалғыз ат.
Иманды жан
Аманатын аялап,
Алласына күлім қағып жолығар.
Аш жүректер торығар.

652
653
Қанағат пен қайырдан,
Махаббат пен мейірден,
Алшақтаған жандардың,
Маңдайының соры бар.
Ксенофобия
Қақпанына түсіп ап,
Өзін-өзі дарға асып қорынар.
Адам азды ақылдан,
Ақыл азды талаптан,
Сана өшіп, ой кеміп,
Иман кетті табыстан,
Ер өлмеді намыстан.
Қанағат өлді,
Мінез-от,
Қалғыған халық көз жұмды.
Сөз қылмасты сөз қылды.
Алтыннан кесек жасады,
Жібекті жыртып бөз қылды.
Жеті шəріп,
Əулием,
Жеті бірдей қазынам,
Асылымнан адастым.
Қарақұрт боп таң астым,
Кер жылан боп кеңестім,
Қасқыр болып қалжастым,
Ақыл-естен алжастым,
Көлеңкеммен егестім.
Адам боп келіп санамды,
Аждаһа жылан сан алды.
Қарақұрт ниет елірді,
Жүректің тұсын кемірді.
Құрсақтан алды қасқырың,
Сəби де – обал, жас-мұңым.
Өзін де өзі жалмады,
Адам боп келіп алдады.
Санасы бар
Ұл болса,
Бірінші соны таңдады.
Жағалап жүріп аздырды,
Өзіне көрін қаздырды.
Үрейге байлап
Пендені,
Үмітін жанның аз қылды.
Шыны қайсы адамның,
Шырғалы қайсы заманның!?
Өз қолыммен
Кеудемнен,
Мен солай, міне, жан алдым.
Елес келіп ендеді,
Сананы у мен жемдеді.
Жүрек тұста –
Қарақұрт,
Құрсақ тұста қасқырың,
Сен қылғанды –
Мен қылдым,
Адамның жауы Мен деді.
Кер жылан боп керленді,
Адам етін азық қылмақ жер де енді.
Қарақұрт тəксіз қашанда,
Сазайын жанның берді енді.
Құрсақтың ішін ойрандап,
Қанды қасқыр желденді.
Бітімге келер
Түрі жоқ,
Айырды солай елді енді.
Қарақұртқа қайырсыз,
Қағанат-сенім артқан кім?!
Қасқырға беріп қоқысты,
Қарғысын сырттан таққан кім?!
Жөніне жатқан жыланның,
Құйрығынан тартқан кім?!
Жау жасаған өзіңсің!..
Адамның іші ала дүр,
Өзіңе-өзің қара бір!?
Иман-əдеп, салт-дəстүр,
Қуғын көріп сана жүр.

654
655
Төгілді саз кеп, төгілді.
Қорқыт боп сосын егілді.
Құрманғазы
Жан Бабам,
Сəулелі нұр боп өрілді.
Моцарт шығып мұң басты,
Үрейдің отын кім басты!?
Патшалық құрып
Шалғайдан,
Паганини сырласты.
Саз тербеді, көлбеді,
Жарыққа жаным шөлдеді.
Тірілтті қайта ұлы саз,
Жатыр еді көмгелі.
Жүректің басы қарақұрт,
Саздан қорқып бұғынды.
Жұлынның бойы кер жылан,
О да қашып тығылды.
Құрсақтың іші
Қорқау-ды,
Есінен танып жығылды.
Тамырдың бойын саз алды,
Айдынды аққу-қаз алды.
Өзім боп келіп
Бұл ғалам,
Бермекші Менің жазамды.
Саз тоқтаса өлермін,
Сəулелі саз бен көгердім.
Кешір мені
Табиғат,
Зиянсыз зəре өлеңмін!..
Адамзаттың жан бойы мен тəн бойын, он сегіз мың ғаламды 
сазбен  тербеп,  жырмен  аластап,  қанатымен  қаусырып,  қарлы-
ғаш-бауырымен  құшқысы  келетін,  алып  жүректі  ақ  періштенің 
аты – ДƏСТҮРЛІ, ҰЛТТЫҚ ӨНЕР! Адамзат, ақыл-есінен адас ты. 
Өлердей  қорқып,  үрейден  қалтырап,  дірілдеп  жынданды.  Жы -
ландар патшалығы күннен-күнге жақындай түскенін сезінді. Ал-
лаға жалбарынып жан сақтап, пенде байғұс күн кешіп жатты. 
Ата-бабалардың  əруақтарына  дұға  бағыштап,  садақа  берді.
ТƏУБƏ!..  ТƏУБƏ!..  ШҮКІР!..  ШҮКІР!.. – деп  жалбарынып,  зар 
иле ді. Біреулер: Он сегіз мың ғаламды, жер мен көкті САЗӨНЕРІ 
мен аластап бақсыға айналды. Егер жылан патшалығына он се -
гіз мың ғалам, мұхиттар мен таулар, дүлей дауылдар мен тас-
қындар,  өрт  пен  зілзалалар,көк  пен  жер  қосылса  адамзаттың 
күні  не  болмақ!?..  Онда,  əп-сəтте  күлі  көкке  ұшады.  Жандарын 
қоярға жер таппады. Азуын айға білеген мақтан-көкіректер бір 
сəтте-ақ мыш болды.Түкке де тұрмайтындығын ұқты.
Мейірім мен махаббаттың шексіз иесі, кешірімшіл Бір АЛЛА 
ғана, Қорғаушы! Əлде де, адамзатты, өзінің сүйіп жаратқан құл -
дарын  арашалап,  қорғап  тұрғанына,  Аллаға  Шүкірлік  қылсын, 
ПЕНДЕЛЕР!..  Басқа,  не  келеді  қолдарынан,  ПЕНДЕЛЕРДІҢ!?.. 
То заңдай  да  салмағы  жоқ  пенделер,  əншейінде,  мықтымсып 
мақ тануға  шебер.  Осындайда  тышқанның  ініне  тыр  жалаңаш 
кіріп кетуге дайын тұрады! ...Алла өзінің Құлдарын топырақтан 
жан салып жаратқалы кешірумен келеді. ...Алла кең жəне кеші-
рімді.  Аллаға  шүкірлік  қыламыз!  САҚТА-САҚТА,  САҚТАЙ  ГӨР, 
АЛЛА!..  АЛЛА  ТАҒАЛА  АДАМНЫҢ  КЕУДЕСІНЕ  ЖЕТІ  САЗ 
БЕН  ЖАН  САЛҒАН.  ҰЛЫ  САЗДА – АЛЛАНЫҢ  НҰРЫ  БАР. 
АНА НЫҢ  ƏЛДИ-ƏУЕЗІНДЕ-АЛЛАНЫҢ  УЫЗ-НƏРІ  БАР.  АЯТ-
ДҰҒАЛАРДЫ  ҚЫРАҒАТТАП,  ƏСЕМ  ДАУЫСПЕН  ОҚЫҒАНДА, 
ЖАНДЫ-ЖАНСЫЗДЫҢ  БАЛҚИТЫНЫ  СОНДЫҚТАН.  Ұлы  Саз 
Өнерінің қуатымен тауларды көтеріп, жердің тартылыс күшін 
азайтуға болады. Алла тағала дəстүрлі саз өнеріне, міне, сондай 
құдірет  пен  қуат  берген. (АЛЛА  ҚАЛАСА  БАРЛЫҚ  КҮШ-ҚУАТ 
АДАМЗАТТЫҢ  ИГІЛІГІНЕ  ЖҰМЫС  ЖАСАЙДЫ)  ҰЛТТАРДЫҢ 
САНАСЫНДА  ҚАЛЫПТАСҚАН  САЛТ-ДƏСТҮР – ХАҚТЫҢ  ҚА-
ЛА УЫ МЕН,  БАБАЛАРДЫҢ  БАТАСЫ  СІҢГЕН  ЖƏНЕ  ЖҮРЕК 
ПЕН  ЖАДЫҒА  ОРНЫҚҚАН,  РАХМАНИ  ҚАҒИДАЛАР!..  ОНЫҢ 
ОЗЫҒЫНА АЛЛА ӨМІР БЕРЕДІ, ТОЗЫҒЫН ШЕКТЕЙДІ. Адам-
зат Алладан кешірім сұрап: Кешір, Кешіре гөр, Алла!? ...Біз, бəрін-
де  өзімшілдікпен,  өркөкіректікпен  ұмытыппыз,  теріс  жасаппыз 
деп жылап-еңіреп жалбарынып жатты.
Кешір Алла!?...Кешіре гөр, Жан Алла!?
Сенен басқа мен қамқоршы табам ба!?

656
657
Кешіре гөр, жан Алла?!..
Жаным Алла, жалбарындым, жыладым,
Бəрі сендік: анау аспан, мына күн!
Сен болмасаң – соқыр болып құладым.
Сен қаласаң – жанды көз боп шырағым!
Жаным Алла, кешіре гөр, адамды!
Қолды жайып дұға қылдым, таң алды.
Кешір Алла, кешіре гөр, құлдарды,
Сенен басқа арашалар кім бар-ды!?
Қайтара гөр патшалығын жыланның,
Қан жылатты, қан жүректі мұнар күн.
Бір ашуын қисын бізге табиғат,
Сəжде қылып жылап отыр жамиғат.
Кешіре алса, кешсін бізді табиғат!?..
Ал, жылан патшалығы он сегіз мың ғаламның тілін адамдарға 
қарағанда  түсінгіш  те,  тапқыш  еді.  Он  сегіз  мың  ғаламға  жы-
ландар патшалығы адамдарға қарағанда сыйлы да, мүдделес еді. 
Себебі, адамзаттың баласы шексіз үстемдікке ұмтылып, таби-
ғат  пен  болмыстың  алдында  барлық  қадыр-қасиеттен  жұрдай 
болған,қанағатсыз, тойымсыз ӨҢЕШ бейнесінде елестейтін.Тəңі -
рімнен  тін  тартқан,  Алланың  нұр-тамшысынан  жаралған  дəс-
түр лі САЗ ӨНЕРІ ғана жылан патшалығының ашуын қайтарып, 
адамзатты апаттан құтқаруы мүмкін еді. Себебі, Саз құдіреті 
сонда,  ешбір  кедергісіз  жүрек  пен  санаға  ене  беретін  еді.Нұрлы 
Саз – Алланың руханиятқа салған шексіз, сан мың сара жолы мен 
кілтінің, құпия шипасы мен нəрінің бірі еді.
Адамзаттың  баласының  үрейленіп  қорыққаны  соншалықты, 
жү рек пен жүйкеге кіріп алып ашу мен ызаны қоздыратын Ібіліс-
тің  ұрпақтарын,  жын-шайтандарды  саз  өнерінің  қуатымен 
алас  тап,  жұмыр  жерден  қуу  үшін  барлығы  бірдей  ӨНЕР  мен 
ӨНЕРПАЗ атаулыны іздеп кетті. Жыландар патшалығының жү -
регіне де осы саз өнері арқылы жол тауып, түсіністік пен сенімге 
шақырудың  амалын  қарастырды,  Адамзат!..  Байлығы  мен  ман-
сабы бұл жолы пайдасына, қадеге жарамады. Мүжəлсіз, мүсəпір 
күй  кешіп,  адамзаттың  қорқынышы  мен  үрейі  көзінен  сора  бо-
лып ағып тұрды... Үштік Одақ адам бейнесіне еніп алып дүниені 
кедергісіз  аралай  бастаған  кез  еді,  бұл!..  Адамзаттың  баласы: 
Өнер мен Өнерпазды іздеп ауыл мен қаланы, сай мен саланы ке зіп 
босып  жүрді.  Жан  тəтті,  жылан  патшалығына  жұтылып  ке-
тудің қаупі бар болатын. Хақтың нұры дəстүрлі саз бен жүрекке 
жететінін,  бəле-жəледен  қорғап  тұратынын  енді  мойындады. 
Адамзат ақылға келе бастады. Дəстүрлі Өнер мен өнерпаз төрге 
шығып, құрмет көре бастады. Міне, Алланың құдіреті! Алла өзі-
нің нұрлы өнер, өміршең жаратылысын қорлатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет