Рухани интеллект. Шамиль Аляутдинов айтқан «рухани білім»
туралы айтуға құқылымын деп ойламаймын. Дін туралы қай деңгейде
ізденуді əркім өзі шешсін. «Рухани білім» дегенді мен басқаша түсінемін.
Бұл – өзіңнің рухыңды, ішкі ойлау жүйеңді басқара алу. Бұл дегенің өте көп
ұғымды сыйдырады. Ол – позитив ойлау, өз ойы мен ісі үшін
жауапкершілік ала білу, өзіне жəне Құдайға деген сенім, т.б. Біртіндеп
баяндайын.
Позитив. Кез келген тұлғаның өзін дамыту тренингіне барсаң,
позитивті ойлаудың қажеттілігі туралы айтады. Өйткені, ең күшті материя –
адамның ойы. Ал ойыңды өзің ғана түзей аласың. Демек, сен өзгермей
ештеңе өзгермейді. Жалғыз проблема – өзіңсің. Жалғыз шешім де өзіңсің.
Мысалы, «Лада Калинаға» мініп алып, жол ережесін сақтамайтын адамдар,
өздерінде осындай көлік болған соң жолды кесіп өтеді. Олар жолда тəртіп
сақтамайтындықтан, сондай көлік мінеді. Ең алдымен адамның ойын
өзгерту керек. Егер ойлау жүйеңді өзгертсең, бəрі өзгереді. Ой
тағдырыңызды жасайды. Стивен Кови мұны парадигма дейді. Осы
парадигма, демек өмірге деген қатынасың, ішкі мотивің позитив болу
керек.
Хэл Элродтың бестселлерге айналған «Магия утра. Как первый час
дня определяет ваш успех» (The Miracle Morning. The Not So Obvious Secret
Guaranteed to Transform Your Life) деген кітабы бар. Талай адамға ұсындым,
оқығандардың ішінде ұнамады дегені болған жоқ. Сол Элродтың
қайталайтын бір қағидасы: «Күнде таңертең өзіңізге позитивті көңіл күй
белгілеңіз» дейді. «Бүгін жоспарымның бəрі орындалады», «Уақытқа
баймын». Осылай позитивті ұйғарымдарды жиі-жиі қайталай беру керек.
Бұл бір сектанттардың əрекеті сияқты көрінуі мүмкін, бірақ өзін
дəлелдеген əдіс.
Психосоматикалық медицинаның негізін қалаған француз психологі
Куэнiң жеңісі сол – ол пациенттерін күн сайын «Мен күн сайын жақсы
болып барамын» деп айтуға мəжбүрлейді екен. Нəтижесінде шынында да
олардың жағдайы жақсарады. Плацебо эффектісі дегенді бəріміз білеміз.
«Сауығып кетемін» деп сеніп ішкен адам іші қуыс «дəріден» де айығып
кетеді. Ең басты шарт, адамның сол «дəрінің» пайдалы екеніне сенуі ғана.
Енді мынаған қара. Кейде кəсіби медицина жаза алмаған дертті
емделушінің өзі сеніп барған балгерлер емдеп жібереді. Мұнда да көбіне
емдеуші емес, емделушінің ойы маңыздырақ.
Осының бəрі – 1882 жылдан 1910 жылға дейін Францияның Труа
деген қаласындағы кішкентай дəріханада жұмыс істеген Эмиль Куэнiң
анықтағаны. Ол адамның санасы, дəлірегі, бейсанасының қаншалықты
ықпалды екенін шегелеп кетті. «Мен жетемін!» деп қайталаған адамның
дегеніне жетпеген жерін көргем жоқ» дейді ол. «Қай істі бастағанда да
қолыңыздан келетініне сеніңіз, сонда жартылай дегеніме жеттім деп
есептей берсеңіз болады». АҚШ-тың 32-президент Теодор Рузвельттің сөзі
.
Брайан Трейси айтады: «Өмірдің ең маңызды сабағы – ол сіздің
қаламайтын дүниеңіз туралы айтпау жəне ойламау». Тек қана саған керек,
өзің қалайтын дүниені айт. Мүмкін, қазір ауылда шығарсың, бірақ
Астанада тұрғың келетін шығар. «Астанада тұрамын» де. «Ауылда
тұрмаймын» деме. «Болмай қалса...» емес, «болып кетсе» дегенге дайын
бол. Нейромаркетинг данышпандары «болымсыз шақта сөйлеуге тыйым
салады. Темекі шекпеңіз», «Дəретхана қағазын тастамаңыз» деген
ескертпелерге қарашы. Кішкентай балаға «балшықты баспа» деген сайын
басады емес пе? Сондықтан
да «Rumi»-дің дəретханаларына «Бұл дəретхананы кішкентай балалар
да пайдаланады» деген жазу қойдық. Меніңше, бұл «Не курить, не сорить»
дегеннен гөрі жақсырақ əсер етеді. «Ма», «ме» болымсыз жалғауымен
берілген тапсырманың ешқашан орындалмайтынын тарих та, психология
да көрсетіп отыр. Яғни, тілекті де болымсыз жалғаумен айтудан тартын.
Позитивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нəтижелерді көбірек ұсынады.
Мұны Американың ең ауқатты бес жүз адамының өмірбаянын сараптаған
Наполеон Хилл
64
да дəлелдеді. Бернард Шоу: «Адамдардың көпшілігі жан-
жағына қарайды да, «неге?» деп сұрайды. Мен жанжағыма қараймын да,
«неге болмасқа?» деймін. Бұл дүние мүмкіндіктерге толы. Əр минутта жаңа
мүмкіндік сен тосып тұр, əр қадам жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Заманауи əлеуметтік зерттеушілердің бірі, композитор Бенджамин
Зандер Тед лекциясын бергенде (The transformative power of classical music)
мынадай нəрсе айтады.
XX ғасырдың басында Британияның аяқ киім шығарушы екі
компаниясының өкілі Африкаға барыпты. Нарықты кеңейткісі келіп,
экспортқа шығара алатын жаңа адамдар іздеген ғой. Бір аптадан кейін
бірінші саудагер Манчестерге телеграмма жолдайды, «Келгенім бекер
болыпты. Мұнда аяқ киім сата алмаймыз, Африкада адамдар мүлде аяқ
киім кимейді екен» дейді. Дəл соның ізін ала, екінші өкілі жеделхат
жіберіпті: «Ғажап! Шексіз мүмкіндіктер! Африкада ешкiм əлі аяқ киім
кимейді екен!». Қарап отырсаңыз, екеуінікі де дұрыс. Мүмкіндікті көргісі
келген адам оны көреді, ал көргісі келмеген адам кедергіні көреді.
Осы (QR кодты сканерлеп, композитор Бенджамин Зандер Тед
лекциясын көре аласың.
Экономист, XX ғасырдағы ең əйгілі менеджмент теоретигінің бірі
Питер Друкер айтады: «Эффективті адам проблемаларды ойламайды, ол
мүмкіндіктерді ойлайды. Олар мүмкіндіктерін суарып, проблемаларды
шөлдетіп ұстайды. Мүмкіндіктерге зейін қойғанда проблемалар өздері-ақ
қаша жөнеледі. Өйткені проблемалар мүмкіндіктерден қорқады».
Өзіңді өзгелер сыйлайтын, құлақ, асатын, пікірін бағалайтын адаммын
деп есептесең, уақыт өте келе шынында, да сондай адамға айналасың.
Мүмкін, бəрі сен қалағандай емес, кедергілер көп шығар. Мүмкін, бүкіл
дүние саған қарсы шыққандай сезімде болатын шығарсың.
Бірақ өзіңді алда. Бəрі жақсы сияқты кейіп таныт. Сонда бəрі жақсара
түседі. Өмірді театр деп те, спорт деп те қарауға болады. Бірақ спорттан
айырмашылығы – сенің жаттықтырушың өзің ғана. Сырттан біреу келіп
көңіл күйіңді көтеріп бермейді. Өзіңе деген сенімді де өсірмейді. Өзің ғана
осының бəріне жауаптысың.
Достарыңызбен бөлісу: |