иллюзиями»). Ричард Брэнсон
63
он екі жасында Рождествода сату үшін
шырша өсірген. «Теряя невинность» (Losing My Virginity: The
Autobiography) деген кітабында ол өзі өсіріп
жатқан шырша бұтақтарын
қояндар қырқып кеткенін айтады. Сонда ол, қояндарды ұстап алып,
көршілеріне сатып, бəрібір ақша жасапты.
Өз басым ең алғашқы табысымды 2000 жылдары таптым ғой деймін.
Базарға шығып, шырша сатқаным бар еді. Он төрт жасар бала үшін 2000
теңге деген əжептəуір ақша болатын. Сол ақшаға өзім армандаған
кроссовки сатып алғаным есімде. Анама сол кезде маған жұмыс істеуге
рұқсат бергені үшін əлі күнге дейін алғыс айтамын.
Өйткені өзінің 14 жасар баласы базарда шырша сатып жүргені оған аса
ұнай қоймағаны анық еді.
Ең бастысы, ол маған кедергі келтірген жоқ,
қайта жұмыс істегенімді қолдады.
Талай жылдан кейін, Алматыда кофейняда отырып, тоғыз жасар Стас
деген баланы көрдім. Ол ойыншық сатып жүр екен. Əдетте демалыс
орындарында қайыр сұрайтындарды аса ұнатпаймын.
Ал бұл баланікі
қайыр сұрау емес, адал еңбек еді. Баланы шақырып алып, 3000 теңгеге
ойыншық сатып алдым (4000 теңге деп тұр екен, саудаласып,
бағасын
түсірдім). Сол балаға қарап, қуандым. Алақан жаймайтынына, салфетка
мен қалам сияқты ұсақ-түйек емес, кəдімгідей қомақты тауар жинай
алғанына риза болдым. Қоржынында бағасы он мың теңгеге дейінгі қымбат
ойыншықтар да бар еді.
Енді ойлап қарасаң, бұл бала сол ойыншықтың
бəрін бір жерден алды ғой? Бəрін сатып алуға ақшасы жетуі неғайбыл.
Демек, біреуді (ол əжесі болса да) көндіріп, сендіріп, жалға алғаны анық.
Осы шаруамен айналысуға рұқсат ала алғаны (тіпті ата-анасынан болса да)
да анық. Қарап отырсаң, оның осы кафеге дейінгі жолының өзі жолсыз
жерде жол іздей алатын ширақтығын көрсетеді.
Баланың жеңілдің асты,
ауырдың үстімен жүруге тырыспайтынына, қазірден бастап жұмыс істеуден
қашпайтынына риза болдым.
ҰБТ алғаш шығып жатқан кез еді. Бірде танысым келіп: «ҰБТ деген
жақсы тема, тест кітаптарын басып шығарса, демде өтіп кеткелі тұр», –
деді. Маған айтқан себебі, мамам ол кезде білім беру саласында істейді.
«Мамаңмен сөйлесiп көр». Бірден қызығып кеттім. «Мама,
мен осылай
бизнес жасайын», – дедім. 67 мың теңге керек еді.
Сұрап едім, бермеді. «Балам, мені мұндайға араластырма. Қызметімді,
абыройымды ондай нəрсеге қолданбаймын», – деді. «Жақсы». Бардым да,
буфеттегі əпкеден 100 доллар, өзім киінетін бутиктен 200, тəрбиешіден
жетпегенін алып, бизнеске кірістім. Он күнде 83 мың теңге пайда таптым.
Үнемі кітап əкелетін болдым. Апталық табысым жүз мыңнан кем емес. Ол
кезде көп ақша. Қазір мен туралы: «Он тоғыз жасында алғашқы миллионын
тапқан», – деп жатады. Алғашқы миллион сол кезде келген.
Мұны неге айтып отырмын? Жылап-сықтап отырғанша бірдеңе істеу,
əрекет етуді, жоқ жерден мүмкіндіктер жасауды бағалаймын. Мүмкіндікті
күтіп отырмайтын, өздері жасайтын адамдар міндетті түрде
жеңіске жетеді
деп сенемін. Еңбектің қадірін неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым табысты
болады.
Достарыңызбен бөлісу: