Екінші болма



Pdf көрінісі
бет100/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Oйды басқару. Виктор Франкл, концлагерьден өткен əйгілі психиатр,
былай  дейді:  «Адамнан  бəрін  тартып  алуға  болады,  оның  еркінен  басқа».
Адамды  түрмеге  қамап  қоюға  болады.  Бірақ  түрмедегі  өмірді  қалай
қабылдайтынын басқара алмайсыз. Оны өлтіруге де болады.
Бірақ  өлімге  қатысты  пікірімен  ұстанымын  тартып  ала  алмайсыз.  Кез
келген  жағдайда  оны  қалай  қабылдауды  таңдай  аламыз.  Жəне  бұл  –  түпкі
еркіндік. Əлем сіздің ғана қарым-қатынасыңызбен өлшенеді.
Бұл шындығында тым жаңа түсінік емес. Сократ пен оның ізбасарлары
қалаған философиялық мектеп, «адам өзін тани алады, өзінің сенімдері мен
құндылықтарын өлшей алады» дейді жəне «адам өзін өзгерте алады, өзінің
сенімдерін  өзгерте  алады,  демек  эмоцияларын  да  өзгерте  алады.  Өйткені
біздің  эмоцияларымыз  біздің  сенімдерімізден  туады».  Тағы  бір  қағидасы:
«адамдар  саналы  түрде  ойлау,  сезіну  мен  əрекет  етудің  жаңа  жолдарын
əдетке  енгізе  алады».  Бұл  адамды  құдіретті  болмаса  да,  қуатты
жаратылысқа айналдырады.
Ануар  Садат,  Мысырдың  бұрынғы  президенті,  көп  жылдар  түрмеде
отырды.  Қол  қусырып  отырған  жоқ,  ойланды,  кітап  оқыды,  рухани,
психологиялық  тұрғыда  өзін  қанаттандырды.  Сонда  ол  мына  ойға  келіп
тіреледі:
«Өзінің ойлау жүйесін өзгерте алмаған адам, басқа еш нəрсені өзгерте
алмайды,  демек,  прогреске  ешқашан  жетпейді».  Осы  ойды  түсініп,
түйгеннен  кейін,  ол  түрмеден  шықты  да,  біраз  жылдан  кейін  президент
болды. Мысырдың саясатын өзгертті.
Екі  адамның  қайсысы  көбірек  жеңіске  жетеді?  Көбірек  талаптанған
адам. Көбірек жеңіс туралы ойлап, көбірек соны қалаған адам оған көбірек
күш жұмсайтыны да анық. Бəрі ойдан басталады.
Сен  қазір  кімсің?  Оған  өзің  ғана  жауаптысың.  Егер  анау  бір  кітапты
оқымасаң,  ана  бір  адамға  анау  бір  сөзді  айтпасаң,  анау  жерде  анау  күні
болмасаң, сен осы адам болмас едің. Салдар əр түрлі болуы мүмкін, себеп –
өзің  ғана.  Өзіңді,  өз  қарым-қатынасыңды  өзгертсең,  болашақ  басқа  бір
салдарға  əкелуі  мүмкін.  Мүмкін  ғана  емес,  əкелетіні  анық  та.  Осы  жерде


өте маңызды концепцияға келіп тоқтаймыз. Ол – жауапкершілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет