Екінші болма



Pdf көрінісі
бет4/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
ӨКІНІШ ҰЯТ. БАНКРОТ
Адамдардың  көпшілігі  осы  кітапқа  қатысты  «Қуаныш  білгенін,
оқығанын  аударып  жаза  салды»  деген  ойда  қалуы  мүмкін.  Ондай  сынға
дайынмын. Бірақ ескеретін жайт: бұл кітаптың ерекшелігі – мен оқыған
алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған қоса, сол кітаптардан
түйгенімді  қолдану,  жүзеге  асыру,  біздің  менталитетті  ескеру  жəне
соның нəтижесінде жүзеге асырылған тəжірибе. Бəлкім, білгенімді кейде
дұрыс  қолданбаған  шығармын,  соның  салдарынан  бір  мүмкіндіктерді
жіберіп  те  алған  болармын.  Сондықтан  сенің  де  шалыс  қадам  баспауың
үшін,  өзіңнің  емес,  менің  қателіктерімнен  сабақ  алуыңды  сұраймын.  Бұл
кітапта  мен  баяндайтын  əңгіме,  келтіретін  мысал,  айтатын  ақыл-кеңес
–  өз  басымнан  өткен  тəжірибеге  негізделеді.  Жазған  мысалдарымның
нəтижесі  жақсы  болса,  бір  жеңіске  жеткенім,  ал  позорға  (масқараға)
немесе  банкротқа  ұшыраған  кездегі  мысалдар,  дұрыс  əрекет  етпеудің,
барымды қолдана алмауымның нəтижесі. Көз жасы дегенім – кейде біліп
тұрсам да, дұрыс жасамағаныма қынжылғаным.
Қазақстанда  өз  бизнесімді  бастағанда,  əріптестік  туралы  көптеген
кітаптарды  парақтадым.  Партнёрдің  (серіктес)  қандай  болуы  керек  екенін
оқыдым, ал іс жүзінде оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа ұшырадым.
Əскерде  «устав,  написанный  кровью»  деген  түсінік  бар,  белгілі  бір
жазатайым  оқиғаға  алып  келгеннен  кейін  енгізіліп  отыратын  ережелер
жиынтығы. Тура сол сияқты, бұл кітаптың əр бөлімінің астарында қуаныш,
өкініш жəне банкротқа ұшырау хикаялары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет