Екінші болма


ІI ТАРАУ БІЗДЕ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?



Pdf көрінісі
бет6/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ІI ТАРАУ
БІЗДЕ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?
БІЗДІҢ ПРОБЛЕМАЛАР
Біз  өзіміздің  энергиямызды  басқаларға  жұмсаймыз.  Кімнің  не
кигеніне,  қандай  автокөлік  мінгеніне,  барлығына  назар  аударамыз,
салыстырамыз.  Оған  қоса,  əрбіреуіміздің  бір  болса  да,  «проблемный»
досымыз  бар,  Оның  мəселелерін  шешіп,  əңгімесін  тыңдап,  өз  уақыты
мызды аламыз.
Біз мүлде əсер етпейтін нəрселерге уақытымызды жұмсауға құмармыз:
жаңа  заң  шықса,  қолданысқа  жарамайды  ғой  деп  сын  айтамыз,  əліпби
өзгерсе, басымызды ауыртып əліпби ойлап табамыз. Сен əсер ете алмайтын
нəрсеге  бекер  күш  жұмсап,  əуре  болудың  қажеті  жоқ,  өйткені  нəтижесін
бəрібір өзгерте алмайсың.
Бірде  белгілі  блогер  Ержан  Рашевтің
6
 Instagram-да  махаббат  туралы
жазған,  бірақ  «мен  қазақ-атеистпін...»  деп  басталатын  постына  «like»
бастым.  Сол  кезде  бір  жігіт  маған  directке:  «Қуаныш  аға,  мен  атеистпін
деген  адамға  қалай  «like»  басасыз?»,  –  деп  сұрады.  Сонда  адамдар  «біреу
атеист  екен»,  «неге  оған  «like»  басады»  деп  қанша  күш  жұмсайды.  Біз  өз
күшімізді  болмайтын,  өзіміз  əсер  ете  алмайтын  нəрсеге  зая  кетіретінімізді
тағы бір мəрте еске салғым келеді. Бір қисса есіме түсті: Баяғыда бір адам


«əлемді  өзгертемін»  деген  екен.  Əлемді  өзгерте  алмағаннан  кейін  «елімді
өзгертемін»  деген  екен.  Елін  өзгерте  алмағаннан  кейін,  «өзімнің  қаламды
өзгертемін»  деген  екен,  қаласын  өзгерте  алмаған  соң,  «отбасымды
өзгертем»  деген,  ол  да  болмаған  соң,  «ең  болмаса,  өзімді  өзгертейін»  деп
айтқан  екен.  Өмірі  өтіп,  өзін  өзгерткеннен  кейін,  отбасының  да  өзгергенін
байқаған.  Сол  кезде:  «Мен  қателесіппін.  Əлемді  өзгертпес  бұрын,  өзімді
өзгертуім  керек  еді.  Өзімді  өзгерткенде,  қасымдағылар  да  өзгеретін  еді»
деген  екен.  Сондықтан  да  энергиямызды,  күш-қуатымызды  өзіміз  əсер  ете
алмайтын нəрсеге жұмсамау өте оңай жəне маңызды лайфхак деп білемін.
Неге  бізге  қатысы  жоқ  мəселеге  бұлқан-талқан  болып,  күйіп-пісіп,
энергиямызды  кетіріп,  уақытымызды  жоғалтамыз?  Басқаға  уақыт  тапсақ,
неліктен өзімізге уақыт таппасқа?
Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша осыншама кітап
оқисыз?»,  –  деп  сұрайды.  Жауабым  оп-оңай:  біреуді  өсектемесең,  жаңа
əліпби  ойлап  таппасаң,  бостан  бос  уақытыңды  алатын  таныстардан
құтылсаң, онда кітап оқуға да уақытың жетеді.
Алдыңғы  жылы  алпыс  екі  кітап  оқып  шықтым,  осы  жылы  жетпіске
жеткіздім.  Кітап  оқу  –  өзіңді  дамытудың  негізгі  құрамдас  бөлігі,  осыны
ұмытпа.  Уақытты  зая  кетірмей,  кітаптан  білім  нəрімен  сусындап,  шөліңді
қандыр. Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы тиген кітаптар мен
фильмдердің тізімін беремін, кəдеге жарар деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет