Екінші болма


І ТАРАУ БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?



Pdf көрінісі
бет3/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

І ТАРАУ
БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?
«RUMІ»-ДІҢ ХИКАЯСЫ:
2,5 жыл + 8 жыл
Алғашқы  кітабымды  неге  сатып  алдың?  Болжап  көрейін:  «Қуаныш
Шонбай  екі  жылда  «Rumi»-ді  осындай  деңгейге  жеткізді  ғой,  тренинг
жасап  жүр,  осы  бірдеңе  білетін  шығар,  көрейінші,  не  жазып  жатыр
екен»  деген  оймен  алдың.  Ал  мен  белгілі  бір  нəтижеге  жетпесем,  ешкім
болмасам,
бұл
кітапты
сатып
алмайтын,
тренингтеріме
де
қатыспайтын  едiң.  Осыған  байланысты  бір  оқиға  есіме  түсіп  отыр.
Жақында 2015-жылы Instagramда жазған постарымды қайтадан жүктеп
көрдім.  Сол  кезде  отыз  сегіз  like  жинаған  постар,  қазір  бір  жарым  мың
like жинапты.
Өткенде  маған  бір  жігіт  келіп,  сұрайды:  «Қуаныш  аға,  сіз  қалай  екі


жылда  10  миллион  долларлық  бизнес  жасадыңыз?  Сізден  соны  үйренуге
келдім», – дейді. «Оның алдындағы сегіз жыл қайда кетті?», – деген сұрақ
туындады менде. Сегіз жыл бойы оқығаным, білім алғаным, қателескенім...
қайда? Барлығы соңғы екі жылды көреді, соны үйренгісі келеді. «Мақсатың
бар ма?», «Алдымен жалқаулықтан арылайық», – десем, «Қуаныш аға, оны
үйренуге келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу керегін айтыңызшы, соны
жасай берейін», – дейді. Сол кезде оның əлі көп нəрсені білмейтіні, үйрене
алмайтыны  анық  көрінеді,  бірақ  амбициясының  жоғары  болуынан  оны
мойындағысы келмейді...
Менен  журналистер  де,  қарапайым  адамдар  да  бір  нəрсені  сұрайды:
«Rumi»-ді  қалай  аштыңыз?»,  «Сізге  бұл  идея  о  баста  қалай,  қайдан
келді?»...  Қазір  сол  үшін  көп  сұхбат  та  бермеймін.  Мені  бұл  жеңіске
жеткізген  –  осы  сызбадағы  сегіз  жыл.  Сол  сегіз  жылдың  ішінде  талай
қателестім, үйрендім, білдім, көрдім, адыраспандардан арылдым.
Ал  елдің  көретіні,  оларға  белгілісі  –  тек  «Rumi»  ашылғаннан  кейінгі
екі жыл. Егер кезінде банкрот болған бизнестерімнен сабақ алмасам, алпыс
мың  теңгелік  мұғалімдік  жұмыста  істемесем,  өзімді  дамытпасам,  бүгінгі
күнгі жеткен нəтижемнің ешқайсысы болмайтын еді.
Баяғыда Пабло Руис-и-Пикассоға
4
бір ауқатты адам суретке тапсырыс
беріпті. Келесі күні тапсырысшы келіп, суреттің құнын сұрағанда, Пикассо:


«100  000$»  десе,  тапсырыс  беруші:  «Неге  100  000$?  Бір-ақ  күн  уақытың
кетті ғой?», – деп айтты деседі. Пикассо болса: «Бір күн жəне жиырма бес
жыл» деп жауап береді.
Ал  бізде,  жұртшылықты  қызықтыратыны  сол:  «Қалай  осындай  қысқа
уақытта  табысқа  жетуге  болады?»,  «Қуаныш  мырза,  сіздерде  SMM-ге  кім
жауапты?», «Автоматизация жүйесі қандай?» – бұның барлығы сырт көзге
ғана көрінетін нəрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің менталитетімізге ғана
тəн, біз ғана біліп-түсінетін нəрселер бар. Жетістікке жетудің қазақша жолы
болғандығының да, қазақ тілінде тренинг өткізіліп, кітаптың қазақ тілін де
жарық  көруінің,  қазақ  тілді  аудиторияға  бағытталғандығының  да  негізгі
себебі осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет