нəтиже көрсете алған.
Өлең жаттау мысалында қорытындылайтын болсақ, ақпарат есте қалу
үшін 10
рет қайта оқығанша, 1 рет оқып еске түсіруге тырысқаннан ұтасың.
Кітапты оқу барысында бір тараудан кейін кітапты жауып қойып есіңе
түсірсең, не біреуге əңгімелеп айтып берсең оң əсерін ұлғайтасың. Ал
қолдана алсаң мүлдем естен шықпайтын болады. Тренингке қатысқан күні
үйге бара салысымен, басынан соңына дейін еске түсіріп көрсең,
тренингке
кеткен ақшаңның ақталары сөзсіз.
Джеффри мырза зерттеуінің ең қызығы – зерттеуге қатысқан
студенттердің таңдауы қайталау болғаны. Олардың ойынша жаттаудың ең
ыңғайлы жолы қайталау екен.
Көріп тұрғандай, осындай жалған
сенімдердің салдарынан біліктілік иллюзиясы кең тарап бара жатыр.
Google сынды сервистер оған өз үлесін қосып та жүр. Телефонның
көмегімен кез келген ақпаратты оңай əрі тез (Internet болса болғаны) табу
мүмкіндігі «мен білемін» деген ұстанымды «сыйлайды» екен.
Зерттеудің ашқан тағы бір жаңалығы –
жаңа материалды көрнекі
құралға, яғни диаграммаға, интеллект картаға айналдыру немесе сурет
ретінде салудың тиімділігі. Аталмыш əрекеттер
жаңа материалдың мида
сақталуына жақсы əсер етеді деген үмітпен практикаға кірісіп кетеміз.
Алайда, жаңа ақпараттар жұмыс жадында болған кезінде өзара тығыз
байланыс орнамаса, тиімділігі айтарлықтай болмайтыны анықталды. Яғни,
жаңа материалды толық түсінбесек жəне бұрынғы
білгенмен байланыстыра
алмасақ, ертең қолдана алуымыз да екiталай. Жоғары да келтірген қойма
мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа ақпарат тиісті орнында сақталмай,
бір қуыста қалып қояды.
Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті)
идеяларды
анықтауды не оның мəнін түсіндіруді меңгеру керек. Бұл көбіне уақытпен
келетін дағды дер едім. Сондықтан бастапқыда кездескен сəтсіздіктен
қаймықпа.
Достарыңызбен бөлісу: