ӨМІРДЕН ЛƏЗЗAT AЛУ Жалпы, біз, қазақ жұмысқа берілген, еңбекқор халықпыз ғой. Ешқашан өзімізге ақша қимаймыз. Бір затты қалап тұрамыз да, отбасын ойлаймыз, үйдің шаруасын бітіру керек, тағысын-тағы. Дұрыс түсін, үйге ақша апарма, отбасыңды асырама демеймін. Жай ғана, əр жеңістен соң немесе жасалған жұмыстан кейін біз өзімізді марапаттай білуіміз керек. Бұл бізді алға итермелейді, əрі қарай жұмыс жасауға серпін береді. Керемет іс тындырдың ба, өзіңе сыйлық алып қой. Жаңа телефон, автокөлігіңе қысқы дөңгелектер, жаңа көйлек немесе қымбат мейрамханада кешкі ас, шетелге саяхат дегендей. Ал біздің адамдар өзінен ақша аяйды, демалыссыз, марапатсыз еңбек етіп шаршайды, қажиды, өмірден түңіледі, ондай жағдайда жеңіс түгіл, кішігірім жеңістерге де жетпейді, себебі, адам өмірден лəззат ала білуі керек. Шымкентте керемет қылып, «ЕКІНШІ БОЛМА!» тренингін өткізіп,
мəз болып қайттық. «Versus» академиясының директоры Мейірбек мырза
болса, дем алмастан Астана қаласында өткізілетін дəріске қызу дайындық
жүргізіп кетті. Оны жұмыстың ортасынан шығарып алып, дүкенге
апардым. Шоппинг адамды демалдырады дейді. Сондықтан да біз қымбат
дүкенге барып, Мейірбек мырзаға қомақты қаражатқа киім алдық. Киімі
жоқ емес, бар, бірақ бұл Мейірбек мырзаның атқарған жұмысы үшін менің
оны марапаттауым, оған деген көңілім толды деген сөз. Содан ол да, көңілі
көтеріліп, Астанада өткізілетін тренингтің қамына кірісті. Біз əр істі
бітіргеннен кейін, демалып, өмірден лəззат ала білуіміз керек.