Екінші болма


Өзіңнен  табысты  адамдарды  ізде



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Өзіңнен  табысты  адамдарды  ізде.  Мысалы,  Федор  Овчинниковті
іздеп  Сыктыкварға  бардым.  Ол  кезде  əлі  не  істейтінімді  білмеймін,  бірақ
бірдеңе  істеуге  болатынын  білем.  Жаңа  тыныс  керек  болды.  Бірақ  қай
бағытқа қараймын? Елдің бəрі Түркияға барып жатқан кез. Шабыт іздеген
жерімді  қараңыз.  Бір  қарағанда  түсініксіз.  Бірақ,  ел  қатарлы  өмір  сүрсең,
елден ерекше нəтиже бермейсің деген жақсы сөз бар. Ел бармаған жермен
жүру  керек,  ел  көрмеген  жерді  көру  керек.  Бұл  өзі  жердің  түбі.  Мəскеуге
дейін  бес  сағат  ұшасың,  одан  əрі  тағы  бес  сағат.  Мың  шақырымнан  кейін
Солтүстік Мұзды мұхит. Овчинников – «Додо Пиццаның» негізін қалаушы.
24  жасында  «Сбербанктен»  400  мың  рубль  несие  алған.  Пəтер  жөндеймін
деп алған несиеге Сыктыкварда кітап дүкенін ашады. Біраз уақыттан кейін
ол  инвесторларды  тарта  алды,  сөйтіп,  «Книга  за  книгой»  сегіз  дүкеннен
тұратын сауда желісіне айналды.
Алайда 2008 жылғы дағдарыстан соң қарыздардан кұрылу үшін өзінің
үлесін түкке тұрмайтын ақшаға сатуына тура келеді. Бұл туралы журналист
Максим Котин «И ботаники делают бизнес» деген кітап жазды. 2011 жылы
Федор Сыктыкварда бірінші пиццериясын ашты. Бес жылдан кейін əлемнің
тоғыз елінде (АҚШ, Англия, Эстония, Литва, Румыния, Қытай, Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан) 160 пицериясы жұмыс істеп тұрды.
Бүкіл  Ресейді  пиццаға  «отырғызды»:  140  пиццериясы  бар.  Ол,  керек


десеңіз,  итальян  тағамдарына  маманданатын  IL  Patio  желісін  де  (135
мейрамхана)  басып  озған  адам.  Қысқасы,  Овчинников  білгенімен  көп
бөлісті, мені шексіз байытып жіберді. Одан көп нəрсе үйрендім. Егер сонда
бармасам,  бəлкім,  «Rumi»-дің  негізгі  философиясы  да  болмас  па  еді.  Əлі
күнге дейін араласып, жөн сұрасып тұрамыз.
Мысалы,  ол  соншама  табысты  кəсіпкер  болғанына  қарамастан,  өзі
блог  жүргізеді.  Бұл  –  ол  үшін  франчайзингке  адамдар  тартудың,  басқа
сөзбен  айтқанда,  бизнесін  кеңейтудің  жолы.  Қаржылық  мəселенің,  кіріс-
шығыс есебінің бəрін ашық жариялайды интернетке.
«Мұның  не?»  дегенде:  «Бұл  артқа  шегінбеуге  стимул»  дейді.  «Кірісің
мен шығысың елдің көз алдында болған соң, жарты күшпен жұмыс істеуге
құқы  жоқ»,  Маған  осы  идеясы  ұнады,  өзіміз  де  есеп-қисабымызды  ашық
жүргізуге  тырысып  жүрміз.  Сол  сияқты,  Артем  Овечкинмен  кездесу  үшін
Мəскеуге екі сағатқа ұшып барып келгенім бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет