Екінші болма



Pdf көрінісі
бет96/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Эмоционалды  интеллект.  Қазақтың  тəрбиесі  жақсы,  бірақ  кейде
көңіл-күйді  басқаруды  үйретпей  ме  деп  қаласың.  Əйтпесе  неге  көпшілік
жерлерде  даяшылары  жұлқынып,  сатушылары  сілкініп  отырады?  Бұл
дегенің  біздің  табиғатымызға  қарсы.  Бəріміз  бала  кезімізден  бір  нəрсені
көріп  өстік.  Ол  –  қонақжайлылық.  Қонақ  келгенде  ішкен  асымызды  жерге
қойып,  қолымызда  бар  ең  бағалы  нəрсені  алдына  тосамыз.  Мен  осы
қонақжайлылықты «Rumi»-ге сипат етіп алдым, басқа құпия жоқ.
«Starbucks»-тағы  адамдар  неге  жылы  ұшырап  тұрады?  Олар
«Starbucks»-та  жұмыс  істейтіндіктен  емес.  Керісінше  Starbucks  онда
осындай  жылы  жүзді  адамдардың  жұмыс  істейтіндігінен  ашық-жарқын
болып көрінеді.
Ақылды  адамдар  айтады,  егер  дұрыс  команда  жинай  алмасаң,
қаржылық табысқа да жетпейсің дейді.
«Rumi»-де  ең  кəсіби  даяшылар  болмаса  да,  олар  мейiрiмдi.  Бұл
көзқарасты  біз  «Starbucks»-тан  алдық.  Оның  негізін  қалаушы  Говард
Шульцтен
60
 былай  сұрапты:  «Өз  қарамағыңыздағыларды  жымиып  тұруға
қалай үйреттіңіз?». Сонда Шульц: «Біз күле білмейтін адамдарды жұмысқа
алмаймыз»  деп  жауап  берген  екен.  Менің  ұстанымым  да  сол,  жаңа
персоналды  жинағанда,  олардың  қайырымдылығына  қараймын.  Даяшы
болам  деп  бетінде  безеуі  бар  жігіт  те  келді,  алайда,  ол  мейірімді  болса
жеткілікті.  Ол  үстіңе  шай  төгіп  алуы  мүмкін,  бірақ  шын  өкініп,  кешірім
сұрағанда,  сен  оны  түсініп,  кешіре  аласың.  «Бізге  жұлдыздардың
командасы керек емес, жұлдызды команда керек» дегенді жиі қайталаймын
жəне  осыны  айтқанда,  «Жұлдыз»  деп  эмоционалды  интеллектісі  бар
адамдарды айтамын.
Егер  көңілді  адаммен  кездессең,  қандай  сезімде  боласың?  Өзің  де
қуанып  қалмайсың  ба?  Дəл  солай,  егер  сен  өзіңді  көңілді  ұстасаң,  өзгелер
де  сенің  жаныңа  үйір  болады.  Жалпы,  менің  ұстанымым:  жақсы  сөйлеу
керек.  Жақсы  нəрсе  айтпасаң,  ештеңе  айтпай-ақ  қой.  Айналаңдағы
адамдарға мұқият зер салып жүр. Өйткені адам өзінің ойы мен пікірін ылғи
да  сөзбен  жеткізе  бермейді.  Ол  оның  бет  қимылында,  жестінде,
мимикасында  жазылып  тұрады.  Осыны  оқи  білсең,  өмір  сүру  жеңілдей
түседі. Өзіңе де, өзгелерге де көбірек пайда əкелесің.
Уэйн  Дайер
61
 айтады:  «Сезім  дегеніміз  ара-тұра  сізге  келіп  қонатын
эмоциялар  емес.  Бұл  –  біз  өзіміз  таңдайтын  реакциялар.  Егер
эмоцияларымызды  игере  алсақ,  өзімізді  көп  қатерден  сақтай  аламыз».
Баяғыда,  Сократ  айтып  кеткен:  «Адам  өз  ойларын  басқара  алады,  ал


эмоциялар  ойлардан  туады».  Демек,  адам  өзінің  ойында,  эмоциясын  да
басқара  алады.  Оның  миы,  жүрегі,  өз  таңдауымен  ғана  əрекет  етеді.  Басқа
ешкім  оған  əмір  жүргізе  алмайды.  Егер  біреу  саған  «мен  сені  сүйемін»
десе,  ол  адам  кез  келген  сезімде  болуға  ерікті,  бірақ  сені  сүюді  қалады
деген сөз. «Қаным басыма тепті» десе, кез келген реакцияға ерікті, бірақ өзі
ашулануды таңдады деп қабылдау керек.
Осыны  түсінуді  эмоционалды  интеллект  немесе  əлеуметтік  интеллект
дейді. Өз эмоцияларын басқара алу, өзгелердің эмоцияларын оқи алу жəне
дер кезінде қолдау білдіре алу. Мұның бəрі адамды жеңіске жетелейтін ең
маңызды факторлардың қатарында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет