Екінші болма



Pdf көрінісі
бет88/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Статистиканың құрбаны. Сен кімсің? Бұл өмірде өз орнын тапқысы
келген, бойында жаны бар, жүрегі соғып тұрған тірі адамсың ба, əлде жай
ғана статистиканың құрбанысың ба?
Жарық  дүние  есігін  аша  салып-ақ,  қолымыздан  келетін  іс  –
статистиканың  ақпараты  болу.  Мысалы,  сен  өмірге  келдің,  демек,  1986
жылы  туғандардың  қатарында  барсың.  Бірінші  сыныпқа  бардың  –  сол
жылы  мектепке  барған  оқушылардың  тізіміндесің.  Үйленсең,  АХАЖ
бөлімінде  некесін  тіркеген  отбасылардың  қатарындасың,  өлгенде  де
статистикаға мағұлмат болып енесің.
Ал  енді,  сұрақ.  Сен  сол  статистикадағы  сандардың,  мағлұматтардың
бірісің бе, жоқ, əлде, оған қоса жеке қалыптасқан тұлғасың ба?
Статистиканың  құрбаны  болу  кез  келгеннің  қолынан  келеді,  тіпті
үйсіз-күйсіз  жүрген  азаматтар  статистикалық  мəліметтерге  өз  септігін
тигізіп  жүр.  Ал  сен  ол  сияқты  статистика  құрбаны  болудан  бөлек,  өмірде
жеңіс жолында жүріп, өзіңнің миссияңды атқара алдың ба?


Сондықтан  да  жай  ғана  көптің  бірі  болып,  сандарды,  мəліметтерді
толықтырып тұратын тағы бір «+1» болғаннан гөрі, тұлғаға айнал, ол үшін
сенің ісің де, өміріңде шедевр болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет