десеңіз, итальян тағамдарына маманданатын IL Patio желісін де (135
мейрамхана) басып озған адам.
Қысқасы, Овчинников білгенімен көп
бөлісті, мені шексіз байытып жіберді. Одан көп нəрсе үйрендім. Егер сонда
бармасам, бəлкім, «Rumi»-дің негізгі философиясы да болмас па еді. Əлі
күнге
дейін араласып, жөн сұрасып тұрамыз.
Мысалы, ол соншама табысты кəсіпкер болғанына қарамастан, өзі
блог жүргізеді. Бұл – ол үшін франчайзингке адамдар тартудың,
басқа
сөзбен айтқанда, бизнесін кеңейтудің жолы. Қаржылық мəселенің, кіріс-
шығыс есебінің бəрін ашық жариялайды интернетке.
«Мұның не?» дегенде: «Бұл артқа шегінбеуге стимул» дейді. «Кірісің
мен шығысың
елдің көз алдында болған соң, жарты күшпен жұмыс істеуге
құқы жоқ», Маған осы идеясы ұнады, өзіміз
де есеп-қисабымызды ашық
жүргізуге тырысып жүрміз. Сол сияқты, Артем Овечкинмен кездесу үшін
Мəскеуге екі сағатқа ұшып барып келгенім бар.
Достарыңызбен бөлісу: