ЖАҚСЫМЕНӨТКЕН ЖAPTЫ CAҒAT Сократ айтады: «Менiң бiлетiнiм – ештеңе білмейтінім» деп. Жеңіске жетудің төте жолы – өзіңнен ақылды, өзіңнен тəжірибелі адамнан үйрену. Қай саланы таңдасаң да, сол саладағы авторитеттерді білуің керек. Қай
салада да саған үйретері көп адам табылады. Олармен араласу
көзқарастарыңды өсіреді, біліміңді тереңдетеді. Сонымен бірге ең жоғарғы
орталарға есік ашады.
Адамдардың көбі кездесулерге, танысуларға мəн бермейді. Есесіне,
жақсы адаммен өткізілген жарты сағат өмірге деген көзқарасыңды өзгерте
алуы мүмкін. Сондықтан да өмірлік жолыңнан, уақытыңды алатын, пайда
əкелмейтін, ықпалы кері, əрдайым кедергі келтіретін адамдарға өз
уақытыңды ысырап етпе.