Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет8/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ЖАУҒА ТҮСКЕННІҢ СӨЗІ.
Жанға көңіл қалыб тұр:
Жан бұл күйге салыб тұр.
Тәнге көңіл қалыб тұр:
Тән шыдамай арыб тұр.


71


72
Жұртқа көңіл қалыб тұр:
Жұрт жалғанға наныб тұр,
Өтірік өрлеб күшейіб,
Шын жеңіліб талыб тұр.
Бақ дегенде байлау жоқ:
Уағдадан таныб тұр;
Тағдыр шіркін таб беріб, 
Тамағымнан алыб тұр;
Бәле деген аңдушы
Айағымнан шалыб тұр;
Жала деген төбеті
Балтырымнан қабыб тұр;
Жау білегін сыбаныб,
Пышағын қайраб, жаныб тұр;
Сауысқан, қарға, қарақұс,
Жемтік аңдыб, бағыб тұр;
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағыб тұр;
Табалаған жаманның
Шайан тілі шағыб тұр;
«Әй сені ме!» дегеннің 
Айызы әбден қаныб тұр;


73


74
Жаны ашыған жақынның 
Жас көзінен ағыб тұр;
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауыб тұр.
«Әлдеқалай болар» деб,
Жүрегі жұлқыб қағыб тұр;
Түгі жылы, білмедім:
Түледі ме? Нағыб тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барыб тұр!..
АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым
Көлі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім 
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіб еңбек, бейнет, 
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 
Оттай бер! Жануарым, екі айақты;
Адамдық хайуанға қанша хажет!


75


76
Жаратқан малды Хұдай не керекке?
Мінуге, сойұу, соғу, жүндемекке?
Жорта бер қамыт киіб, қамшыңды жеб, 
Бұйрық жоқ ұрасын деб үндемекке.
Тайаққа еті үйренген қойшы жайлаб
Көк есек қозғала ма? Түрткенге айдаб.
Есебден алданғандай болғандар көб
Жасықды асыл ма деб білмей қайраб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет