Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет3/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ХОЖА НАСРЕТДИН АҚЫЛЫ
Бір күні Хожа Насретдин жиылған жұртқа үгіт ай-
туға мінбеге шығыб: «Азаматтар! Мен сөйлейін деб 
тұрғаным ненің жайы, білесіңдер ме?» дебді. Жұрт: 
«Жоқ білмейміз!» дебді. Хожа: «Білмесеңдер білмей-
тін нәрселеріңді мен қалай сөйлеймін» деб мінбеден 
түсібді. Жұрт қамтама қалыб, білмейміз дегеніміз 
ағат болған екен, енді сұраса білмесек те білеміз деб 
айталық дебді.
Екінші рет Хожа мінбеге шығыб тағы сұрабды: 
«Азаматтар! Мен не жайын сөйлемекпін, білесің-
дер ме?» деб. «Білеміз! Білеміз!» деб жұртдың бәрі 
шұулабды. «Өздерің біліб тұрсаңдар, мен несін ай-
тайын» деб Хожа мінбеден тағы түсібді. Жиылған 
адамдар, айтады: «енді сұраса білетіндер де, білмей-
тіндер де бар» деб айтбақшы болыб, сөз айтысды.
Үшінші рет Хожа мінбеге шығыб бұрынғыдай 
тағы сұрағанда, жиылғандар «білетініміз де бар, біл-
мейтініміз де бар», дебді. «Олай болса, білетіндерің 
білмейтіндеріңді үйретсін, білмейтіндерің білетін-
деріңнен үйренсін!» деб Хожа мінбеден түсібді де 
жүріб кетібді.


11


12
ОҚҰУҒА ШАҚЫРҰУ.
Балалар! Оқуға бар! Жатба қараб!
Жуыныб, киініңдер шабшаң-рақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан;
Қараб тұр терезеден күн жылтыраб.
Адам да, ұшқан құс да, жүрген аң да, 
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: 
Кішкене қоңыз да жүр, жүгін сүйреб,
Барады аралар да ұшыб балға. 
Күн ашық, тоғайлар шад, ың-жың орман, 
Ойаныб жан-мақұлық түнде қонған;
Шығады тоқылдақдың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақдың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қараб жүр;
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалаб, ал кітабды қолдарыңа!
Құлдарын Хұдай сүймес жалқау болған.
НӘБЕК АТЫ.
Арабдың Нәбек деген жалғыз аты; –
Сол екен болған малы, мүлкі, заты,


13


14
Озбайтын шабса жылқы асқан жүйрік,
Бітбеген өзге атдарға түр сифаты. 
Күн сайын жал құйрығын сүзіб тараб;
Сұуарыб мезгілімен, жемдеб қараб
Өткізбей күндіз ыстық, түнде суық
Адамнан атын артық күтеді араб.
Бар екен Дайыр деген бір асқан бай
Малы көб, түрлі бұйым бәріне сай,
Мұңы зор: сонша байлық ортасында:
Аты жоқ жылқысында жарлы атындай.
Ал деді, айамады малын, затын;
Алмады, бермеді де Нәбек атын:
Атқұмар атын қимас, жанын қиар, –
Атынан еш нәрсе жоқ оған жақын. 
Дайырда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ;
Жарлыдай жалғыз атты, бай сиқы жоқ; 
Алмаққа Нәбек атын амалменен,
Ойлайды алдайын деб бір фақыр боб.
Жүретін Нәбек һәман жолын біліб, 
Үстіне сылқым-сылқым киім іліб,
Аурұу, халі мүшкіл, мүсәпірше.
Отырды жол шетінде – аһ, уһілеб.


15


16
Оңаша, жолдасы жоқ, жалғыз өзі 
Нәбекті келе жатқан көрді көзі 
Өтерде нақ қасынан, бишарасыб,
Ыңқылдаб, міне Дайыр айтқан сөзі:
«Е, жаным! Мен жолаушы, жолым алыс, 
Адам жоқ бұл маңайда маған таныс,
Аурұу, дәм татбаған үш күндей аш, 
Орнымнан жылжу маған қиын жұмыс. 
Атыңмен анау елдің ортасына,
Жеткізсең берер едім көб-көб алғыс!»
Тоқтатыб, басын тартыб, Нәбек атды
«Жарайды, мінгесе ғой, кел!» деб айтды. 
Сөйлейді тағы Дайыр, жыламсыраб:
«Халім жоқ, міне алмаймын, дертім қатты».
Атынан бұл сөзді естіб, түсті Нәбек
Көтеріб мінгізді ерге сүйеб, демеб.
Тиүуі тізгін қолға мұң-ақ екен
Жөнелді, бір тебініб, Дәкең шүу деб.
Шығыб аб оқ бойы жер, қараб кейін, 
Ойлайды: бірдеме оған деб кетейін.
«Әй, Нәбек! Кім екенім білдің бе енді? 
Атыңмен қоштас, аңқау, сорлы ақбейіл!»


17
2–7069


18
«Тұра тұр! Нәбек айтды, тоқтаб солай, 
Атыма асық еді адам талай. 
Тілейтін жалғыз сенен тілегім сол –
Адамға айта көрме алдың қалай!»
«Бұ не сөз? Не тілек!» деб бай таңданды
Мәнісін білейінші деб ойланды:
«Айтба деб, сонша өтініб, жалынасың,
Көрерсің айтсам онан не залалды?»
«Ойлама! Нәбек айтды «арбайды деб;
Қол жетбей, тілін құраб, жалғайды деб;
Оқиға бұл секілді шықса аузыңнан,
Білгейсің! Жайылмай, жай қалмайды деб. 
Қалайша алғаныңды жұрт естісе,
Қарасбас шын фақырға алдайды деб.
Мұны естіб, Дайыр жылдам атдан түсді: 
Ұққанға адал сөзден бар ма күшті?
Құлашын жайыб, қойнын ашыб келіб,
Нәбекті сүйіб Дайыр, мойнын құшды.
Ебі көб, дорбасы жоқ қайыршылар,
Ебіне Хұдай көнсе, байып шығар!
Арымай алдырғанға Нәбекшілеб,
Адам аз айтқанды ұғыб Дайыршылар.


19


20
Жақын бол, жақындықды ебім дейді, 
Бергенді алдым еббен тегін дейді. 
Қайтармай, қарыз алыб қайбіреулер
Алдадым, бермей кеттім, жедім дейді.
Осындай ер басына іс көб келер!
Білмесбіз: кімге қалай, кім дөб келер!
Сұмдығы сұраушының азаймаса.
Не жөн бар? Қайырсыз деб жұртқа өкпелер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет