Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ


К Кәпір (араб) – ақиқатты жасырушы, білмеуші, сенбеуші.  «Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ, Оқыған ол ғылымды  кәпір болмақ» (114) Л



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

К
Кәпір (араб) – ақиқатты жасырушы, білмеуші, сенбеуші. 
«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ, Оқыған ол ғылымды 
кәпір болмақ» (114)
Л
Лаухул-Махфуз (араб) – адам тағдыры жазылатын кітап, 
тақта. «Қаламда Лаухул-Махфуз ұмытқан ба, Жазбапты бұл 
орынды көрмесіме» (102)
Ләфүз (араб) – лебіз. «Сөз тергеуге төзімді, Көп мағына, 
аз ләфүз» (97)
М
Мақсұд (араб) – мақсат. «Байға – мал, оқығанға – шен 
мақсұд боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан» (95) 
Миллат (араб) – ұлт, халық. «Миллат үшін еңбектері 
сіңген деп, Өсиет қып кейінгіге берермін» (106) 
Мода (араб) – мүсін, сурет. «Мода болды кіділік» (112) 
Молда, мулла (араб) – мырза, тақсыр, қамқоршы. «Молда 
сатса тиынға, Ол – Алла емес, сыйынба!» (99)
Мүбтала – араб сөзі, душар болу, бір нәрсеге ұшырау
азап шегу. «Не жазып ем, Құдай-ау, мен қазаққа? Мүбтала 
ғып салғандай бұл азапқа»
Мүшкіл (араб) – қиын жағдай. «Кіреді тентек есі түстен 
кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік» (95)
П
Право (орыс) – құқық. «Ағалық правосын қолыма алып, 
Келемін айтайын деп ақыл, інім» (111)
С
Сәлла (араб) – сәлде. «Басында сәлла, Аузында Алла
Молдаларда не ғамал?» (199)


328
Т
Тілла – алтын ақша. «Пайғамбарды сатып отыр тіллә 
алған, Яһудамен бірге аттарың жазылар» (106)
Ұ
Ұлұқ (араб) – әкім, төре, билеуші. «Мақтады ұлұқ, болды 
мәз, Қауым үшін қайғы аз» (98)
Х
Хал (араб) – жағдай, күш, қуат. «Кіреді тентек есі түстен 
кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік» (95)
Хадис (араб) – әңгіме, кеңес, ізгі сөз. «Аят пенен хадисте, 
Адал ниет, ақ іске, Жаңылмасам, жоқ еді, Жаза тартсын 
деген заң» (102)
Ш
Шариғат (араб) – заң ережесі, заңдар, мешіт заңы. 
«Зулатып шариғатты шарт жүгініп, Молдекең отырғанда 
мойнын толғап» (114) 
Шаһуат (араб) – нәпсі. «Шарттар көп дедік ғұсыл 
құйынғанда, Шаһуат пәлендей боп құйылғанда» (115)
Шен, чин (орыс) – мансап, дәреже. «Байға – мал, оқығанға 
– шен мақсұд боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан» 
(95)
Я
Яки (араб) – немесе, болмаса. «Өзіне біткен түсі 
өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса» (1, 84)
Яһуда (араб) – пұтқа табынушылар. «Пайғамбарды сатып 
отыр тіллә алған, Яһудамен бірге аттарың жазылар», (1, 106)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет