Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

И. Б. ЖЕЗДЕМ ХАТЫНАН.
Тұрмысың жырақ.
Аман ба? Шырақ!
Күйзелібсін көбірек,
Милләт үшін бегірек. 
Һәмәнда сақтан! 
Сақтамақ Хақдан,
Қоршаған дұшбан төңірек.
Милләтке қызмет,
Жұмлаңа міндет.


93


94
Ұйқыны аш! дер ек, 
Надандықтан қаш! дер ек. 
Болмайды үндеб:
Дұсбан тұр күндеб, 
Бізде бұл бір індет.
Әр сөзің алтын.
Ұғар ма екен халқың?
Сынаған да шығарсын
Милләтдің қалпын.
Тіл алмас деб қорқамын,
Дер едім тартын.
Мода (
1
) болды кіділік.
Сал сөзді елегіш.
Бір жөнге тарту жоқ; 
Шалқайақ ерегіс,
Алалықдан күш бөлу,
Бұл қанша керек іс?
Шемен бар әуе дерлік; 
Сасық бар бүйе дерлік;
1
Ресім


95


96
Замана түрленді, 
Жақсылар кірленді, 
Азасынан ұу жерлік. 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ЖАУАБ ХАТДАН.
Аманбыз, жезде!
Солай ма сізде? 
Амандасбақ жол, әдет. 
Тағзымға – тағзым,
Назымға – назым 
Тілеушілік ол әдеб.
Жолдан мен де шықбайын, 
Сөзбен сыйлаб мықтайын.
Жолға сіз көсем,
Сөзге һәм шешен,
Оның менде бірі жоқ.
Іздемей жоғын,
Шайқамай тоғын,
Қараб жатқан тірі жоқ.
Мен де соның бірімін. 
Өлгенім жоқ, тірімін.


97
7–7069


98
Ағаның ақыл,
Айтқаны мақұл,
Жаны ашыған жақындық. 
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес 
Ат шығармақ ақындық.
Ер батқанда жорғалық;
Молда жоқда молдалық!
Байқасақ, жезде!
Бауыздар кезде
Үн шығу бар емес пе?
Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес пе:
Ұлақ құрлы бақырмай,
Өлген екен, апырмай!
«Милләтке қызмет,
Бәріңе міндет».
Деб айтасыз өзіңіз.
Милләтден безұу
Әйтбесе төзұу,
Шын болса сол сөзіңіз.
Маса


99


100
Кей іс шарты құрбанмен,
Болмас қорқыб тұрғанмен. 
Мен бұқтым, жатдым,
Сен бұқтың, жатдың,
Кім істемек қызмет?
Ауызбен айтыб,
Істерге қайтіб.
Жоламасақ не міндет?
Тек жүрсе, тоқ жүрмекді
Қиын деме білмекті.
Жезде-еке, солай!
Көрмессіз қолай
Жан сақтаудың ебіне.
Айтбайтын жыр бар,
Ашпайтын сыр бар
Тымақтының көбіне.
Сізге жаздым ұғар деб,
Тымағы жоқ шығар деб.
................................


101


102
ҒЫЛЫМ.
Ғылымдар дүниалық сихыр болмақ;
Оқыған ол ғылымды кәфір болмақ;
Зулатыб шариғатды шарт жүгініб
Молдекең отырғанда мойнын толғаб.
Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан;
Артында ілесе алмай жүрміз һәман;
Күн сайын өзгеріліб, өнер артыб,
Бәрі де бара жатыр алға таман.
«Заманың түлкі болса, тазы боб шал!» 
Деген сөз айатбенен бірдей маған
Алақдаб артымызға қарағышдаб
Жүргенде-ақ озыб, ұзаб кетді заман;
Нәрсені түске енбеген өңде көрдік;
Соларды табқан ғылым, дейміз жаман.
Ғылым деб нені үйрендік біздер жасда
(Айтқаным бекер болса, алмай таста.
Табылар ақтайтын да, боқтайтын да,
Сөз емес арнаб жазған дос пен қасқа)
Ғылым бар бет жұуу да талай дедік;
Жұуған жөн былай бастаб, бұлай дедік;


103


104
Жұусаңдар солай етіб сауабы көб,
Жаза бар жумағанда олай дедік. 
Шартдар көб дедік ғұсыл құйынғанда;
Шаһуат пәлендей боб құйылғанда;
Қалайша көзде... деб айтбады екен?
Үйрет деб мұның бәрін бұйырғанда!
Әйелмен пәлен бар деб жанасқанда;
Пәлен деб ұйқысыраб адасқанда;
Үйрету балаларға қандай жақсы!
Ақылға салыб, ойлаб, бал ашқанда!
Мектебде оқымаған білмей жүр ғой!
Жердегі мал-махұлық, құс асбанда?
Айтамын молдекең жоқ оңашада,
Сөз бермес кәфірсің деб таласқанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет