190
ШАҺЗАМАН МЫРЗАҒА
Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып,
аузыңыз көпіріп, таласқа кетіп барасыз. Таластан
қазақ
баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып,
ойласып істелік.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп,
иә аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным
жоқ ғой. Мақсат – сіз болып,
біз болып, ақылдасып
отырып,
дыбыс басына хәріф белгілеп, жазуымызды
бір жөнге салалық деген. Осы күнде һәркім һәр түрлі
жазып жүр, бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ.
Жазғанымыздың хата,
дұрыстығын айырарлық емле
жоқ. Оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып-
арнаған хәріфтер жоқ. Бір сөзді екі кісі екі түрлі
жазады. Хаттә бір кісінің өзі де бір сөзді екі түрлі
жазады. Мысалы, сіз де «өзен-үөзен» екі түрменен
жазып көрсеттіңіз. Соның екі түрін жазғанша бір-ақ
түрін дұрыстап, кесіп айтсақ болмай ма? Сіздің жазған
сөзіңізден байқаймын: қазақтың тілінде неше һәм
нендей дыбыстар бар екен деп, һеш уақытта ойланып
қарамағансыз. Өзгелердің
қазақ тіліндегі дыбыстар
турасында жазғанын оқымағансыз. Дыбыс менен хәріф
екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі
дыбыс-
тарды айтамын, сіз арабтың хәріфтерін алып келіп
көрсетесіз. Сіздің қарауыңызша:
араб хәріфтеріне
дұрыс келетін дыбыстар қазақ тілінде бар болмақшы,
дұрыс келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болмақшы. Олай
болғанда арабтың хәріфтері қазаққа келмей тұрған
уақытта, қазақта һешбір дыбыс болмасқа керек ғой.
Араб хәрфінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз
ойлаймыз, қазақ араб хәрфінен бұрын да сөйледі деп,
сөйлеген соң дыбыстары да болды деп. Ол дыбыс-
192
тарының араб хәріфтеріне тура келетіні де бар, келмей-
тіні де бар деп. Бәрі тегіс келмейтін себебі: араб әліф-
басы қазаққа деп арнап шығарған әліфба емес, араб
тіліне арнап шығарған. Һәр халықтың тіліндегі дыбыс-
тардың ішінде бөлектік болады.
Бірінде бар дыбыс,
бірінде жоқ болуға ықтимал.
Мысалы: с(сса)-
Достарыңызбен бөлісу: