Әдебиеттер тізімі
1. Романовский М.В., Врублевской О.В. Бюджетная система Российской Федери: -
Учебник 2-е изд.М.: Юрайт.- 2000г. - С.78-85
2. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Росссийской
Федерации: Учебное пособие. –М.: Дашков и К. 2002г.- С.23-36
3. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм
использования.- Алматы: Қаржы –Қаражат.- 1995г. С.32-44
4. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюджетов.- СПб:
Питер.- 2001г. С.88-90
5. Ильясов К.К, Саткалиева В.А. Гасударственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК.-
1994. С.18-25
Резюме
В этой статье рассматриваются проблемы государственного бюджета, о
бюджетные отношения, принципы бюджетной системы.
Summary
This article discusses the problems of the state budget, the budgetary relations,
the principles of the budget system.
ӘОК 656
М.А. Исмахова, Э.М. Адиетова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
КӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҒЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада халықаралық тауарлық және қаржылық нарықтары, көлік
шығындары,
халықаралық
тасымалдаулар,
қызмет
көрсету
нарығының
ерекшеліктері туралы айтылады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
62
~
Негізгі сөздер: халықаралық нарық, инвестициялық қызмет, фрахт,
сақтандыру, транзиттік шығындар.
Қазақстанның халықаралық тауарлық және қаржылық нарықтарға шығу
жағдайларында республика үшін елдің көлік торабының дамуы маңызды рөлге ие
болып отыр. Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағдайында, экономикалық
әлеуеті мен тарихи дәстүрлерінің арқасында көлік шеңберіндегі әлемдік
шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық интеграциясының белсенді
жақтаушысы және көлік тасымалдарының дамуы саласындағы ғаламдық үрдістердің
қатысушысы болып табылады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұлттық деңгейде көлік жүйелерінің
дұрыс емес дамуы өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы жоғары шығындардың
өтелмеуіне, шаруашылық қызметтің барлық салаларының дамуының тоқырауына,
аймақтардың өзара байланысының және еңбек ресурстарының жылжуының
шектелуіне әкеледі. Транзитті - көлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану экономиканың
ұқсас салалары мен орталарының жедел дамуын ынталандырады. Экономика мен
көлік кешенінің дамуы диалектикалық бірлік пен бір-біріне объективті тәуелділікте
болғандықтан да, Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіне интеграциясы жолында
мемлекеттің көліктік стратегиясын таңдауы қазіргі сатыдағы алдыңғы қатарлы
міндеттердің бірі болып табылады.
ДСҰ-ның сыныптауы бойынша 600 түрден астам қызмет көрсетулер
есептелінеді. Төлем балансын құрастыру бойынша ХВҚ-ның басшылығына сәйкес,
төлем балансымен есептелінетін сатылатын қызметтердің құрамына қызметтердің
11 түрлері кіреді (көлік, жол жүрулер, байланыс, құрылыс, сақтандыру, қаржы,
ақпарат,
лицензиялар,
бизнес-қызметтер,
мәдениет,
тауарларды
үкіметтік
ұйымдарға жеткізулер).
Тұтынушыларға жеткізу әдістері бойынша қызметтер инвестициялық
(банктік, қонақ үйлік және басқалары), саудалық (көлік, сақтандыру және
басқалары), сауда-инвестициялық (байланыс, құрылыс, ақпарат және басқалары)
болып бөлінеді.
Қызметтер
факторлы
(капиталдың,
еңбектің,
технологиялардың
жылжымдылығымен байланысты төлемдер) және факторлы емес (қызметтердің
қалған түрлері) болуы мүмкін.
Әлемдік экономика тұрғысынан қызмет көрсету түрлерінің анағұрлым
маңыздысы – көліктік қызмет көрсету (тауарлар мен жолаушыларды халықаралық
тасымалдау) болып табылады.
Көлік шығындары – бұл фрахт, сақтандыру, тиеу, түсіру, қораптау, қораптан
босату бағаларын және басқа да бірге жүретін шығындарды қосатын тауарды
сатушыдан сатып алушыға жеткізу бойынша барлық шығындар болып табылады.
Көлік шығындары әлемдік импорттың орташа алғанда 3-4% құрайды және олар
төмендеу бағытында. Шығындар құбыр көлігін пайдаланған кезде анағұрлым төмен.
Көлік шығындары кәсіпорындардың аумақтық орналасуына әсер етеді.
Еңбектің аумақтық бөлінуі келесілерді бөледі:
1) Ресурстарға бағытталған салаларды (өндіруші);
2) Нарыққа бағытталған салаларды (өңдеуші);
3) Өндірістің минималды шығындарымен еркін бағытталған салалар.
Экономиканың әлеуетті саласы – көлік, ал көлік ресурсы – оның өндірістік
әлеуеттерінің алдыңғы қатардағы ресурстары болып табылады, сондықтан, қазіргі
заманғы экономика үшін үлкейген көліктік тәуекелділік сипатты.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
63
~
Көлік бір жағынан-нарық саралынымы яғни тауарлар айырбасын «нақты»
іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан-ол нарық
субъектісі ретінде тауарлармен жүргіншілерді тасымалдай отырып өз қызметін
сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және
осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Көлік кешені құрамына темір жол, автомобильдік, әуе, өткізгіш құбырлар,
теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін, экономика инфрақұрылымын
қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады.
Халықаралық көліктік байланыстар уақыт өткен сайын өсуде. Халықаралық
жүк тасымалдаулар индустриалды елдердің жалпы жүк айналымының 65-90%-н
құрайды.
Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыру кезінде көлік, екі
және одан да көп елдердің арасындағы көлік операцияларының пәнін құрайтын,
жүктердің, жолаушылар мен багаждың жылжуын қамтамасыз етеді. Халықаралық
саудадағы тауарды жеткізу үрдісі келесілерден тұрады: а) тауарды экспортер-
мемлекеттің ішінен берілген мемлекеттің шекаралық пунктіне және портына дейін
тасымалдауды; б) тауарды импортер-мемлекеттің шекаралық пунктісінен (портынан)
оны мемлекеттің ішінде тұтыну пунктісіне дейін тасымалдауды; в) транзиттік (үшінші
мемлекеттер арқылы) немесе теңіз тасымалдауын, егер тауардың экспортер-
мемлекеті мен импортер-мемлекетінде жүктерді және жолаушыларды, бір мемлекет
шекараларындағы тасымалдаулардан (ішкі тасымалдаулар) ерекше, екі және одан
да көп мемлекеттер арасында тасымалдаудың бір жалпы шекарасы болмаса.
Халықаралық тасымалдауларға екі негізгі белгілер тән болып келеді:
1) олар екі және одан да көп мемлекеттер арасында жүзеге асырылады;
2) олардың орындалуы халықаралық келісімдермен бекітілген шарттармен
реттелінеді.
Барлық халықаралық саяхаттардың жартысынан азы жер үсті жолдары
бойынша жүзеге асырылады, осы кезде әуе көлігінің орны жыл сайын жоғарылауда.
Қазіргі заманғы көлік желісі мен көлік тасымалдауларының құрылымы
әлемдік экономиканың даму мен халықаралық еңбек бөлінісі үрдісінде қалыптасты
және өз кезегінде, аталған үрдістерге белсенді әсер етеді. Жалпы қарқын келесіде
қорытындылады: жүктердің халықаралық тасымалдаулары халықаралық саудаға
қарағанда баяуырақ өсуде, өйткені, тасымалданатын шикізаттың мөлшерлері,
әсіресе, мұнайдың, маңызды дәрежеде өседі немесе тіпті өспейді, материал
сыйымдылықты өндіріс шикізат көздеріне ауысады.
Ресей мен Қазақстанның темір жолдары мен магистралды құбырлары
мемлекет меншігінде қалуда, сол уақытта, теңіз, өзен, автомобиль және авиация
көліктері акционерленген және жекешелендірілген. Осындай шарттарда, ерекше
мағынаны тарифтік саясат, инвестицияларды тарту және темір жолдар мен
магистралды құбырларын мемлекеттік басқару мен нарықтық реттеудің оңтайлы
үйлесімдерін іздеу болып табылады.
Көлік саласындағы заңнаманың модификациясы мен дамуы, көлік
компаниялары менеджментінің анағұрлым тиімді қызметі және халықаралық
тасымалдаулардағы әртүрлі көлік өкілдерінің мүдделерін келістіру, сондай-ақ, ресей
тасымалдаушыларының бәсеке қабілеттілігіне әрекеттесетін болады. Ресейдің
транзиттік жағдайын тиімді пайдалану мүмкіндіктері, ең бастапқы кезекте, Транссіб
магистралімен байланысты. Азияға – Қытайдың, Моңғолияның, Корея мен
Жапонияның көлік жүйелеріне шығулары бар, ал Ресейдің Еуропалық аймағы мен
Беларуссия арқылы – Батыс Еуропа елдеріне шыға алатын (Транссіб) Қиыр Шығыс
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
64
~
елдерінен Еуропаға Ресейдің темір жолдары арқылы транзит Азияны айналған теңіз
жолымен салыстырғанда жүктерді жеткізудің уақытын және құнын қысқартады.
Халықаралық сауданың өсу шамасы бойынша, әртүрлі көлікпен жүктерді
тасымалдау бойынша, тауарларды тиеу мен түсіру бойынша төлемдер мен
түсімдердің жоғарылауы, көлік құралдарына қызмет көрсету мен жөндеуге, сонымен
қатар, әртүрлі жинаулар бойынша да төлемдер мен түсімдер ұлғаяды.
Көлік шығындарының көлемі шартты түрде келесідей бейнеленуі мүмкін:
Қ
ТА.
= A + Д/К,
Мұндағы
Қ
ТА.
– тасымалдау құны,
A – шығындардың тұрақты бөлігі,
Д – өнімді тасымалдау тарифі,
К – көлік құралдарын пайдалану коэффициенті.
Көлік шығындары көлемі мен жүкті тасымалдау қашықтығы арасындағы
алынған тәуелділік, есептеулерде, тарифтерге белдік құндық коэффициенттерді,
тарифтерге
тиісті
ауысымдық
коэффициенттерді
енгізе
отырып,
жолдар
санаттарына түзетулерді және өзге де өлшеуіштерді есепке алуға көмектеседі. Бұл,
бірқатар тәжірибелі тапсырмаларды шешу мүмкіндігін береді, нақтырақ айтсақ,
дайындаушы – зауыттан тұтынушыға жеткізілетін өзара ауыстыратын бұйымдармен
салыстырғанда, дайын өнім тасымалдауларының экономикалық мақсатқа лайықты
ресурстарын анықтау; қандай пункттерден өнімнің берілген түрін жеткізу
экономикалық тиімдіректілігін шешу; олардың өзара ауыстырымдылығы кезіндегі
өнімдердің қандай түрін берілген объектіге алып беру тиімділігін анықтау болып
табылады.
Бұл дегеніміз, жүктерді тасымалдау кезіндегі көлік шығындарының
төмендеуі, олардың тұтынушыларға рационалды жеткізуді ұйымдастыру есебінде
қол жеткізілуі мүмкін.
Осылайша, халықаралық қызметтер шеңберінің, соның ішінде, көлік
қызметтерінің, теоретикалық негіздерінің эволюциясы мен даму алғышарттарын
талдау, келесідей төменгі қорытындылар жасауға көмектеседі:
Әлемдік экономиканың дамуының маңызды заңдылықтарының бірі –
экономикалық өсу мен ол жерде халықаралық қызмет көрсету үлесінің жоғарылауы
арасындағы өзара байланыс болып табылады, өйткені қызметтер қоғамдық
өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, адамдардың әлеуметтік және
материалдық емес қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді, оларға сервистік, инженерлік,
көлік қызметтері мен байланыс қызметтерін көрсетеді. Халықаралық қызметтер
рөлінің жоғарылау беталыстары мен халықаралық қызметтер шеңберінің
материалдық өндірістің жоғарылау қарқындарынан алға түсетін өсуі - қызметтер
саласының
тұрғындардың
жұмыс
бастылығы
мен
еңбектің
техникалық
қамсыздануының өсуіне, өнім сапасын ендіруге және оның пайдалығына
әрекеттесетін әлемдік шаруашылықтың ірі саласына айналуымен байланысты.
Көліктік қызмет көрсетулер нарығының кеңеюі дамудың келесідей
бағыттарын көздейді:
- тасымалдаушылардың әлемдік көлік нарығында, бұл ең бастапқы кезекте,
экспорттық-импорттық операциялардың сыртқы саудалық тасымалдауларында,
бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауы;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
65
~
- халықаралық транзиттік көлік дәліздерін (ХКД) ұйымдастыру үшін әлемдік
нарықтың ең ірі қатысушылары арасында мемлекеттің жағрафиялық және геосаяси
жағдайының артықшылықтарын пайдалану;
- транзиттік шығындарды қысқарту және экономикалық және экономикалық
емес сипаттағы өзге де шиеленісулерді болдырмау мақсатында әлемдік нарыққа
шығу үшін тікелей көлік жолдарын дамыту.
Әдебиеттер тізімі
1. Грачев Ю.И. Транспортировка товаров при экспортно-импортных операциях- М.,
1995.- С.52-58
2. Крохалева И.А., Хлопов К.В. Практика внешнеторговых перевозок - М, 1991.-
С.36-40
3. Серебрякова Г.Н. Международные транспортные организации -М., 1986г.-С.18-22
Резюме
В этой статье рассматриваются товарные и финансовые рынки, затраты
транспортировки, международные перевозки, особенности рынка услуг.
Summary
This article focuses on commodity and financial markets, the cost of
transportation, international transportation, particularly services markets.
ӘОК 342
С. Нысанова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа
Конституцияда жарияланғандай Қазақстан басқа көрші елдермен татулық
принципін сақтау және олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы
шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Негізгі сөздері: Конституция, Парламент, Үкімет, Президент.
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң"
деген мағыналарды береді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай
аталған.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас
республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп
аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер
қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993
жылғы
және
1995
жылғы
Қазақстан
Республикасының
Конституциялары.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
66
~
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін
жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995
жылғы
30
тамызда
өткен
республикалық
референдумында
қабылданған
Конституциясы (1998 жылғы және 2007 жылдың 21 мамырдағы өзгерістер мен
толықтырулар). Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын
тұжырымдап, бір арнаға келтірді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен
бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемле-
кеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет
Халықтың билік етуі жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік
биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы тек қазақ ұлты емес,
сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар
топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент
депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге
қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
Егемендік және тәуелсіздік жарияланды. Егемендік мемлекеттік биліктің
бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні болып табылады.
Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттің
азаматтарын жалпыға бірдей тең құқықпен мемлекеттік - құқықтық бірлікке
топтастырып отырған Қазақстан Республикасы осындай егемендік жайында толық
сипат бере алады.
Мемлекеттің билігінің біртұтастығы Қазақстанды тәуелсіз, толық билікті
бөліктерге бөлінбейтін бір ғана мемлекеттік биліктің болуы мүмкін және бар
екендігін білдіреді.
Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі - оның мемлекет аралық
қатынастағы егемендігі. Қазақстан мемлекетінің басқа бір мемлекеттің билігіне
бағынбауы, оның дербестігін, сөзсіз сыртқы саясаттық құқықтық субъектілігін
білдіреді. Ешқандай басқа мемлекеттің Қазақстанның ішкі істеріне араласуға құқығы
жоқ, өйткені ол - егеменді ел.
Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекетіміздің
аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының
аумағын күшпен басып, қосып алу, не ыдыратып жіберу халықаралық қауымдастық
тарапынан елдің аумақтық тұтастығына қол сұғушылық және жалпыға бірдей
халықаралық құқық принциптерін өрескел бұзушылық болып табылады. Қай жақтан
шықса да, мұндай озбырлық әрекеттердің кез келгеніне Қазақстан Республикасы
өзінің қарулы Күштерінің барлық қуатымен тойтарыс беруге хақылы. Бұл - оның
мемлекет ретіндегі егемендік құқығы. Сондықтан Конституцияның 2-ші бабында:
"Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді" - деп атап
көрсетілген.
Конституцияда жарияланғандай Қазақстан басқа көрші елдермен татулық
принципін сақтау және олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы
шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
67
~
Біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну принциптері –Қазақстан
Республикасының негізге алынатын конституциялық құрылысы, елдегі билікті
күшпен иемденіп кетпеуіне қоғам алдында кепілдік беретін принцип.
Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені оның бірден-бір бастауы
- Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Әйтсе де, бұл билік
өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы жүзеге
асырылады (Конституцияның 3 - бабы). Осыған орай, Конституция Парламенттің,
Үкімет пен Жоғарғы Соттың міндеттерін дәл белгілеп, шек қоятын және біртұтас
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз
етудегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі қисынды шешімін тапқан.
Республика Парламенті белгіленген жағдайда ел Үкіметіне сенімсіздік
білдіріп, Президентті қызметінен босатуға "қауіп" төндіре алады. Президент өз
тарапынан Парламентті таратып, Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға, Парламент
қабылдаған заңдарға тыйым салуға және Үкіметтің актілерін өзгертуге не тоқтатуға
құзыры бар.
Үкімет өздері ұсынған заң жобасы қабылданбаған жағдайда, Парламент
Палаталарының бірлескен мәжілісіне Премьер-министрдің бастауындағы Үкіметке
деген сенім мәселесін қоюға құқылы.
Егемендіктің
тағы
бір
белгілері:
өз
азаматтығының
және
басқа
мемлекеттермен қарым-қатынас қабілеттілігінің болуы. Азаматтыққа байланысты
мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, басқа да құқықтық-нормативтік
кесімдерде көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа
да халықаралық ұйымдардың мүшесі, көптеген шет мемлекеттермен елшілік
қатынастарын жолға қойды.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңбасы, Туы,
Әнұраны бар. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Заңдарда
оларды пайдаланудың тәртібі белгіленген.
Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен Конституция қабыл- дап,
тікелей мемлекет бастышын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң,
оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар,
демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына,
тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың
мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді.
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін
ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам
мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет
органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс
істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе
атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.
Қуқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң
үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол прин-циптер:
заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем
деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы,
т.б.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
68
~
Әлеуметтік мемлекет- жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен
адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен
барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы
ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге
әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік
берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмыс
бастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен
тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару
жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық
сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдында
жауапты үкіметті тағайындайды.
Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік бөлісу
жүйесінде Президент "билік буындарының үстінен қарау" құқығына ие әрі олардың
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана
тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет
болған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар мен заңдар шығарады
(Конституцияның 45 - бабы).
Қазақстанның
біртұтастығы
оның
әкімшілік-аумақтық
бөлшектерден
құрылатындығын (облыс, аудан, қала, аудан, ауылдар мен селолар),
автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол
Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Қазақстанда сайлау жүйесінің екі түрі қолданылады:төте сайлау және
жанама сайлау. Қазақстан Президенті, Мәжіліс және Мәслихат депутаттары төте
сайлау жүйесі арқылы сайланады. Президентті конституциялық заңға сәйкес
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке
толған азаматтары дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау
құқығының негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің, жұмыс істеп тұрған сайлану
өкілеттілігінің, мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Жергілікті органдарды - мәслихаттарды жалпыға бірдей, төте сайлау құқығы
негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды. Жиырма
жасқа толған азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика
азаматтары бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутатттарының жартысы әрбір екі жыл
сайын қайта сайланып отырады.
Қазақстан - Президенттік Республика
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, елдің
лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары
лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді,
былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық
болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында
қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол
қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
69
~
Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол
заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентінің
заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел
қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгізілген
күннен бастап, бір ай ішінде қарауға міндетті екендігін білдіреді. Парламент осы
талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар жарлық қабылдай алады.
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғары өкілетті органы. Парламент тұрақты негізде
жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Үкімет- Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жасайды. Үкімет өзінің бұл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап
береді.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот
жүйесінеРеспубликаның Жоғарғы соты және жергілікті соттар кіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудытиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауап
беретін жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (Президент пен
Үкіметтің өкілдері болып табылатын әкімдер басқаратын) жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |