УДК 332.135
Д.К. Кисметова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы еуразиялық интеграцияның дамуы
туралы баяндалды.
Негізгі сөздер:
Интеграция, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық,
Біртұтас Экономикалық Кеңестік, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын түбегейлі
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізу бағытында кең ауқымды
жетістіктермен қарсы алып отырған болса, ал халықаралық қоғамдастық Қа-
зақстанды бүгінде жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде
таниды.
Қазақстанда ұлттық мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланып, елдің аумақтық
тұтастығы қамтамасыз етілді. Ел сенімді түрде дамудың нарықтық қатынас жолына
қадам басып, әлемдік экономикаға сәтті енді. Бүгінде Қазақстан – бұл табысты,
динамикалық сипатта дамып, әлемдік үдерістерде елеулі рөл атқарып отырған
мемлекет. Біздің елімізді өзгелер бәсекеге қабілетті мемлекет деп біледі, онысы ХХІ
ғасырдың түрлі сынақтары мен қатерлеріне уақытылы және тиімді қам-қаре-
кеттерімен дәлелденіп отырғандай.
Тұрақты ішкі саяси ахуал, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім,
мемлекеттік құрылысты ұтымды жүргізу – осының бәрі Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды да салиқалы саясатының нәтижесі.
Қазақстан Президенті – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы страте-
гиялық әріптестіктің сенімді жақтаушысы. Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық
туралы Декларацияның, ғажайып «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі және
Каспийдің қойнауын игеру жөніндегі елеулі келісім-шарттардың қабылдануы осының
нақты дәлелі.
Реформаларды
жүргізу
барысында
Қазақстанның
жаратылыстық
артықшылықтарына: табиғи байлықтарына, географиялық жағдайына, қуатты адами
капиталына негізделген болса, екінші жағынан, Қазақстан Президентінің Еуразия
мемлекеттерімен интеграцияны сатылы түрде тереңдете жүргізуі де маңызды
фактор саналады.Қазіргі таңда экономикалық интеграция жаңа, мейлінше тұрақты
да әділетті әлемдік тәртіпті қалыптастырудың басты құралы болып отыр. Терең
иірімді өзгерістер, түбегейлі өзгеріп бара жатқан бүгінгі дүние «білім
экономикасына» көшуге, озық технологияларды енгізу мен таратуға, инновациялық
дамудың әлеуеттерін тиімді пайдалануға жаңаша ғажайып мүмкіндіктер тудыруда.
Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру
көп ретте Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілестік
және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген. Әйтсе де, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев
ұсынған
қазіргі
еуразиялық
интеграция
идеясы
–
көршілес
мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді де сатылы түрде одан әрі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
132
~
кеңейтудің «практикалық нұсқауы» болғандай. Жаңа интеграциялық бірлестіктің
институттары мен механизмдерін қалыптастыру еуразиялық стартегияны іске
асырудағы алғаш қадам болмақ. Құжатта, ЕАС-та Еуропалық Одақтағыдай ұлттық-
тан жоғары тұратын органдар құрылатындығы айтылды. Қазіргі ЕурАзЭҚ, Кеден
одағы және қалыптасқалы жатқан Біртұтас экономикалық кеңістік секілді
интеграциялық құрылымдар «еуразиялық жобаның» жүзеге асуының нақты
көріністері.
Астанада 2000 жылы құрамына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республи-
касы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы
кіретін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шешім қабылдануы
өзара көп жақты ынтымақтастық пен шынайы экономикалық интеграция жолымен
табанды түрде жүруге бел байлаған бес мемлекет басшыларының саяси ерік-
жігерлері бірлігінің дәлелі болды.
ЕурАзЭҚ – бұл әлемдегі (құрлықтың 15 пайызын құрайтын) үлкен
территорияға орналасқан, мол минералдық-шикізаттық қорға ие және айтарлықтай
экономикалық әлеуеті бар (181 миллиондай тұтынушы тұратын) аймақтық ірі рынок.
ТМД Статистикалық комитетінің есебінше, оның әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 2010 жылы
4,4 пайызды құрады. Қоғамдастық елдерінде әлемдегі барланған мұнай қорының 8,5
пайызы, табиғи газдың 25 пайызы, көмірдің 22 пайызы, тұщы су мен орман алқа-
бының 20 пайыздан астамы орналасқан. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендік
аумағында еркін сауда режімін қамтамасыз етіп, олардың арасындағы тауар
айналымын 2000 жылғы 29 млрд. доллардан 2008 жылы 123 млрд. долларға дейін,
яғни 4,2 есеге өсірді. Бұл экономикалық интеграцияның келесі сатысы – Кеден
одағын құруға сенімді негіз болып, логикалық алғышарт жасады.
Экономиканың нақты секторы, бизнес қауымдастығы мен Беларусь,
Қазақстан және Ресей тұрғындары Кеден одағынан пайда таппаса, зиян шеккен
жоқ, өйткені, үш елдің өзара сауда-саттығында кедендік және басқа да кедергілер
жойылды, Кеден одағының сыртқы шекарасында кедендік рәсімдеуден өткізіліп,
басқа елдерден әкелінген импорттық тауарлар кедендік территорияның ішінде еркін
айналып, біздің тауарлармен бәсекеге түсетіндей жағдай қалыптасты. Осының бәрі
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы нақты сектор
кәсіпорындарының жұмысы мен дамуына, олардың өндірістік кооперациясына,
бірлескен кәсіпорындар құруына, жаңа жұмыс орындарын ашуына қолайлы жағдай
туғызып, сайып келгенде, экономиканың инвестициялық тартымдылығы мен
бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне жеткізеді.
Ресей Ғылым академиясының Халық шаруашылығын болжау институтының
есептеулері бойынша, «ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағы және Біртұтас экономикалық
кеңістік құрудың макроэкономикалық тиімділігі алдағы бес жылда ішкі жалпы
өнімнің 5 пайыз шамасында, ал 10 жыл мерзімде 15 пайыз өсімді құрайтын болады».
ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға сол уақыттағы ең бір табысты және инте-
грациялық құрылымның алғашқы міндеттерін мейлінше толық жүзеге асырған
Еуропалық Одақ үлгі болды. ЕурАзЭҚ ынтымақтастық қарқыны және стратегиялық
даму бағыты бойынша ЕО-ны еске түсіреді, алайда, бұл талай ой елегінен
өткізілген және посткеңестік аумақ елдеріндегі макроэкономикалық үдерістердің
деңгейі мен даму ерекшеліктеріне ыңғайластырылып құрылған.
Еуропалық Одақтың iрге қалауы 1950 жылдардан бастау алады. Оның ал-
ғашқы белгiлерi Еуропа көмiр және болат бiрлестiгi туралы келiсiм (ЕОУС, 1951 жыл)
мен Еуропа атом энергиясы жөнiндегi қауымдастық туралы келiсiмде (Евратом,
1957) көрiнiс тапты. 1957 жылы Римде қол қойылған Еуропалық экономикалық
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
133
~
қоғамдастық туралы келiсiм-шарт Еуропалық Одақ құру мәселесiн жаңа деңгейге
көтердi. Еуропа елдеріне Кеден одағын құруға 11 жыл, ортақ ішкі рынок құруға 34
жыл, ал экономикалық және валюталық одақ құруға 43 жылдай уақыт қажет болды.
Беларусь, Қазақстан және Ресей бұл жолда шапшаң қарқынмен жүріп келеді: ЕурАз-
ЭҚ-тан Кеден одағын құруға дейін 11 жыл, ал Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұ-
мыс істей бастауына дейін 12 жыл уақыт кетті.
ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағын құру жұмыстарының аяқталуын күтпей-ақ, 2009
жылғы 19 желтоқсанда Алматыда өткен бейресми саммитте үш мемлекеттің бас-
шылары Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) қалыптастыру жөніндегі іс-әрекет
жоспарын бекітті. Аталған мемлекеттер басшыларының табанды саяси ерік-жігері
мен осы елдер үкіметтерінің белсенді жұмыстарының арқасында БЭК-тің құқықтық
базасын жасау жөніндегі күрделі міндет аса қысқа мерзім ішінде (басында жос-
парланған екі жылдың орнына бір жылда) орындалып шықты. 2010 жылдың желтоқ-
санында БЭК қалыптастыратын арқаулық 17 келісім қабылданды. Бұл келісімдер
2012 жылдың 1 қаңтарынан күшіне еніп, Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей
бастайды. БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015
жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да
құжаттарды
қабылдап,
белгіленген
нақты
мерзімдеріне
сәйкес
БЭК
қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын
қамтамасыз ету қажет. БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді
шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу
және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын
жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат
жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок
қалыптастыру, энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне
қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.
БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы –
жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды
бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында
жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды
және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін
бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген
лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды
үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген
саясат жүргізеді.
2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір
жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген
бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына
ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк
тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі
қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муници-
палдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.
2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-
ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызмет-
теріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке тең құқықтық жағдай
жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда
түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
134
~
БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек миг-
ранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары
қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-
тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және
ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай
бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды
ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен
ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер
шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай
жасайды.
Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи
оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық эконо-
микалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия
(ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.
Сөз жоқ, еуразиялық кеңістіктегі интеграция үдерісі бұдан әрі де тиімді дами
береді. Мұндай табысты интеграциялық құрылымдарға ЕурАзЭҚ және ТМД-ның
басқа да мүшелері қызығушылық танытуда. Жұртқа мәлім екеніндей, Қырғызстан
басшылығының өтінішіне жауап ретінде бұл елдің Кеден одағына кіруін дайындау
жөніндегі жұмыс механизмі іске қосылды. Мұндай қызығушылықты Тәжікстан да
білдіріп отыр.
Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еуразиялық мемлекеттер одағын қалыптас-
тыру идеясын ұсынып, мұндай интеграциялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес
мемлекеттердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қатысуымен
осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың
осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия
жобасының табысты болуын қамтамасыз етті.
Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының пассионарлығының арқасында кеше ғана
орындалмайтын арман сияқты көрінген мақсаттар бүгінде шындыққа айналуда. Сөз
жоқ, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктерінің негізі
Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық факторында жатыр. 2011 жылғы сәуірдегі
инаугурация салтанатында Нұрсұлтан Әбішұлы былай деді: «Мен осыдан 20 жыл
бұрын, яғни біздің Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде халқымыздың алдына қо-
йылған мақсаттар мен міндеттердің орындалғанын, тіпті асыра орындалғанын мақта-
нышпен айта аламын. Және де мен осындай жаңа ұлттың, әлем халықтарының
отбасына лайықты енген біздің Қазақстандай ұлы елдің көшбасшысы болу сияқты
үлкен бақытқа кенелгенім үшін тағдырыма ризашылық білдіремін!».
Әдебиеттер тізімі
1. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының
2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
2. «Егемен Қазақстан» газеті 02.03.2011ж.
3. «Алаш айнасы» 27 қазан 2011ж.
4. ҚР Президентінің жолдауы – 2011ж.
Резюме
В статье идет речь о развитии евразийской интеграции в Республике
Казахстан
Summary
The article deals with the development of the Eurasian integration in Kazakhstan
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
135
~
УДК 330.12
Ж.М. Төрегалиева, М.Ж. Дүйсеғалиев
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
Аңдатпа
Бұл
мақалада
инновациялық
қызмет
белсенділігінің
Қазақстан
Республикасындағы даму жағдайы мен оның негізгі көрсеткіштері берілген.
Негізгі сөздер: Инновациялық белсенділік, инновациялық инфрақұрылым,
ғылыми-технологиялық және инновациялық қызмет, инновациялық даму.
Қазіргі кезде ғылыми қызметтің дамуында жаңа кезең байқалады, ол іргелі
және қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың жыл сайынғы өсуімен, жеке
секторлар арқылы ғылыми интеграцияларды ынталандыру есебінен жаңа игеруді
жеделдетумен, инновациялық қызметтің дамуына жан-жақты қолдау көрсетумен,
зәру экономикалық және әлеуметтік
Міндеттерді шешуде ғылыми-техникалық әлуетті бағдарлаумен сипатталады.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке маңызды
рөл бөлінеді, себебі оның соңғы нәтижелері болатын - өндірістің тиімді артуымен,
еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуімен, жоғары технологиялық өнімдердің
көлемімен елдің экономикалық қуаты айқындалады [1].
Экономикалық
әдебиеттерде
инновацияның
көптеген
түрлерінен
технологиялық және технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді.
Әлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен әдістерінде болатын өзгерістер
мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық
инновация – жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді
әзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем
әртүрлі ұғым. Жаңалық – бұл тек идея немесе жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа
өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық
экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6–8%–ы жаңа тауарға немесе үрдіске
айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік және үрдістік
инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз – жаңа материалдар
мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе
технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және
енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе
өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік
әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік
жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың
жиынтықтарын пайдалануда, сондай–ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін
пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін
арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ
сондай–ақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге
келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе
жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
136
~
өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т.б.) эстетикалық
өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе
басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз
техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай–ақ оған енетін материалдар мен
компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету
сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кәсіпорын ішіндегі инновация
деп бөлінеді.
Салааралық ішіндегі инновация – екі немесе одан да көп сала арасындағы
байланыстың нәтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация – белгілі
бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кәсіпорын ішіндегі инновация – кәсіпорын
ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кәсіпорын жұмысының сапасына тиімді әсер
ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:
1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын
болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар
күрделі ғылыми зерттеулерді және аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет
етеді.
2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар
мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге
бағытталған.
3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар әлемдік тәжірибеден өткен
және екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен
қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың
немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді.
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бәсекелестік болып
табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дәрежеде технологиялық
өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған
бұйымдар – өзге
де инновациялық өнімдер[3].
Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму
деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды
қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту
елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Бірыңғай экономикалық
кеңістіктің құрылуына байланысты күшейіп келе жатқан бәсеке, сондай-ақ
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың
келешектегі жолы – инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді.
Қазақстан мен шетелдердің ғылыми-технологиялық және инновациялық
қызметін салыстырмалы түрде талдау елдегі инновацияларды қолдау мен енгізудің
ұлттық жүйесі қалыптасу сатысында екенін көрсетті, әлемнің ұлттық инновациялық
жүйелері табысты жұмыс істеп тұрған алдыңғы қатарлы елдерінен біршама артта
қалуымызды сол арқылы түсіндіруге болады. Технологиялық тұрғыдан дамыған
елдердің көпшілігі (АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Оңтүстік Корея және Жапония)
ғылым мен инновациялар саласындағы көшбасшылыққа бір онжылдықта ғана қол
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
137
~
жеткізе қойған жоқ және олардың мейлінше дәйекті әрі ұзақ тарихы бар. Әдетте,
әлемдегі инновациялық экономикалардың қалыптаса бастауын Екінші дүниежүзілік
соғыстан
кейінгі
кезеңге
жатқызады.
Осыған
байланысты
Қазақстанның
осыншалықты қысқа уақыт аралығында инновациялық дамуының нәтижелерін қатаң
бағалау мейлінше ұтымсыз болып саналады.
Қазіргі
уақытта
Қазақстан
ресурсқа
бағдарланған
экономикадан
инновациялық даму үлгісіндегі экономикаға көшудің бастапқы сатысында ғана тұр,
оны шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады.
І кезең 2003 жылы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы
қабылданғанда басталды. Ұлттық инновациялық жүйенің институционалдық базасы
мен негізгі элементтерінің қалыптасуы соның нәтижесі болып табылады.
ІІ кезең 2010 жылы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама қабылданып, инновациялық экономиканы жеделдетіп құрудың
экономикалық бағдарымен белгіленген. Бұл кезең инновациялық қызметті
заңнамалық және қаржылық ынталандырудың күшеюімен
Соңғы 8 жылда елдегі инновациялық қызметтің басты көрсеткіштері өсуінің оң
үрдісін атап өтуге болады.
Айталық, 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы зерттеулер мен
әзірлемелерге жұмсалған абсолютті мәндегі шығындар 2,9 есе өсіп, шамамен 33,5
млрд. теңгені құрады. 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2010 жылы
инновациялық өнімнің көлемі 2,2 есе ұлғайып, 142 млрд. теңгеден асты.
Диаграммада
көріп
отырғандай
Қазақстан
Республикасының
инновация
саласындағы белсенділік 2004 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өсіп отыр (1-сурет).
1 сурет - Инновациялық белсенділік деңгейі
Инновациялық қызметті дамыту үшін арнайы қаржылық қолдау құралдары
кеңейтіліп, отандық кәсіпорындар үшін салықтық жаңа жеңілдіктер мен
преференциялар енгізілді. Соңғы 2011 жылдың өзінде ғана технологиялар сатып алу
гранттарына сұраныс 2 есе ұлғайды. Әлемдік дағдарыстың созылып кеткеніне
қарамастан, Қазақстан индустриялық-инновациялық жобалар арқылы экономиканың
7% орнықты өсуін қамтамасыз етіп келеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
138
~
Қазіргі
уақытта
Қазақстандық
инновациялық
жүйе
жетілдіріліп,
индустриялық-инновациялық қолдаудың жаңа құралдарымен толықтырылуда.
Мысалы, 2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда инновациялық
гранттардың 5 жаңа түрін қамтитын индустриялық-инновациялық дамуды
қолдаудың 14 құралы көзделген. Сондай-ақ елді технологиялық жоспарлау
жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудың
тиімділігін
талдау
тетіктері
ұсынылды,
инновацияларды
қолдау
мен
ынталандырудың жаңа тетіктері көзделді және инновацияларды қолдаудың
қолданыстағы тетіктері жетілдірілді.
Венчурлік қорлар, салалық конструкторлық бюролар құру жөніндегі жұмыс
жалғасуда, коммерцияландыру кеңселері ашылуда, өңірлік технопарктерде бизнес-
инкубациялау бағдарламасы жұмыс істейді [2].
Тұтастай алғанда, бүгінгі күні Қазақстандағы инновациялық қызметтің
қомақты бөлігін мемлекет тікелей ынталандырады және
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының көпшілігі мемлекеттік зертханаларда жүргізіледі. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылы ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардағы жеке сектордың үлесі 36,6
%-ды ғана құрады, ал Жапонияда (78,5 %), Қытайда (73,3 %) және АҚШ-та (72,6
%) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының қомақты
бөлігін жеке сектор жүзеге асырады [1].
Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды
қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және
пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет
және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен,
ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс
бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы
инфрақұрылым қажет.
Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын
бөліп көрсетуге болады:
өндірісті–технологиялық: технопарктер, инновациялы–технологиялық
орталықтар,
бизнес–инкубаторлар және т.б.;
қаржылық:
қорлардың
әртүрлі
типтері–бюджеттік,
венчурлік,
қамсыздандыру,
инвестициялық;
ақпараттық: орталық–талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;
кадрлық:
дайындау,
қайта
дайындау,
оқу
мекемелері
(әсіресе
инновациялық
менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б.
Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі
инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар
жатады:
білім-инновациялық кешендер – жоғары оқу орындары, ғылыми–зерттеу
институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті
кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады;
бизнес-технологиялық кешендер – жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу
мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
қолдаушы кешендер.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
139
~
Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін егерде мынадай функциялар
атқарылса: көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім
беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса; қаржылық
инфрақұрылым инновациялық жүйенің негізгі элементерін қаржыландырумен
қамтамасыз етілсе.
Инновациялық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім
өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға
қолдау
көрсету
деп
топшыласақ,
онда
инновациялық
инфрақұрылымды
қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы,
әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік
экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің
орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.
Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық
даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын
инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады (сурет
2 сурет - Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
әрине республиканың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына бағаның күрт өсуі,
қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты
қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи
ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығаюы сынды
факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса ұлттық
экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек шикізатқа ғана
бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі жоғары болатыны
Достарыңызбен бөлісу: |