Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
а 
және 
р 
белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. 
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 
жылға 
дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. 
Олар әр түрлі халық шаруашылық міндетте-рін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық 
зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. 


Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі 
бойынша ешқандай жүмыстар жүргізілмеген. 
Радиоактивті 
материалдарды 
пайдаланатын 
атомдық 
кәсіпорындар
Қазақстан 
территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен
ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы 
өндіру және өңдеу жүмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының 
элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан 
астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-ден астам кәсіпорындар жүмыс істейді. Олардың жалпы 
белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 
20000 
(80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. 
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. 
«Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 
13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін металл қалдықтарының радиоактивті ластануы 
анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі 
жоғалған. Кәсіпорында комиссия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу 
жүмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің 
элеваторынан қуаты 200—3000 мкр/сағ. иондаушы сәулелер шығаратын қүралдар табылған. Павлодар 
облысының құрылыс кәсіпорындарында кейбір құрылыс материалдарының түрлерінің радиациялық сапа 
сер-тификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар иондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға 
арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамасыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау 
жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәти-жесінде Қазақстан территориясынан сыртқа 
радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 фак-тісі тіркелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет