Экология және тұрақты даму



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#7483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4.
 
 Биотикалық  факторлар  дегеніміз  –  тірі  организмдердің  бір-біріне  және 
қоршаған ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер 
жиынтығы.  Өйткені,  тірі  организмдер  бір-бірімен  қоректену,  бәсеке,  паразиттік, 
жыртқыштық,  селбесіп  тіршілік  ету  арқылы  алуан  түрлі  қарым-қатынаста 
болады.  Аталған  қарым-қатынастар  өсімдік  пен  өсімдік,  жануар  мен  өсімдік 
немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.    
Оған  ағзалардың    өзара  селбесу  арқылы  тіршілік  етуі,  арамтамақтық 
тірішілікке  көшуі,  жыртқыш  пен  жемтігі,  т.б.  жағдайлар  жатады.    Биотикалық 
факторлар  бір  популяция  ішіндегі  даралар  арасында  байқалады.  Мысалы, 
бөкендердің  жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тірішілік үшін бір-
біріне  өзара  әсері  немесе  қасқырдың  бөкенге  шабуылы,  т.б.  әсерлерді  атауға 
болады. Түрішілік және түраралық. 
 
5.
 
Экологиялық  апаттардың  негізгі  себептерінің  бірі  –  ғылыми-техникалық  
өрлеу.  Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  құдіретін  адамзат  дұрыс  пайдалана 
білгенде  ғана,  антропогендік  экологиялық  дағдарыстардың  алдын  алу 
мүмкіндігіне кең жол ашылады. 
Алғашқы  антропогенді  экологиялық  проблемалар,  адамдар  өмір  сүретін 
аймақтарда  өте  ерте  кездерде-ақ  байқалған.  Сол  кездердің  өзінде-ақ,  жабайы 
аңдардың,  өсімдіктердің  түрлерінің  азаюы  байқалады.  Кейбір  ғалымдар  бұл 
жағдайдың  себебін  климаттың  өзгеруімен  байланыстырса,  ал  кейбіреулері 

математикалық  есептерге  сүйене  отырып,  «жан-жануарлар  мен  өсімдіктердің 
қырылуына адамдар кінәлі» деген жорамалдарды айтуда.     
Антропогендік  факторларды  биотикалық  факторлар  қатарына  жатқызып 
келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа  қарқынды, 
әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады. Антропогендік 
факторлар  тікелей  ағзаларға  және  айналадағы  жағдайларына    да  әсер  ете  алады. 
Қазіргі  кезде    адамның  іс-әрекетінің  кең  көлемде  бүкіл  биосфераға  ерекше  әсер 
етуі жер шараныңы барлық аймақтарында айқын байқалуда. Оған мысал ретінде 
Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық 
апатты  аймақтараға  айналғандығына  антропогендік  факторлар  негіз  болғанын 
атап айтуға болады. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Ағзалардың тіршілік ету орталары. 
2. Экологиялық факторларды ата. 
3. Абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық. 
4. Биотикалық факторлар: түрішілік, түраралық. 
5. Антропогендік факторлар 
6. Экологиялық факторларларға ағзалардың бейімделуі 
Әдебиет:  
1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002. 
2.  Бейсенова  А.С.,  Шілдебаев  Ж.Б.,  Саутбаева  Г.З.  Экология,  Алматы,  Ғылым, 
2001; 37-46 б. 
 
3 кредит сағат  
№3 дәріс 
Тақырып:  Ағзамен  қоршаған  ортаның  қарым-қатынасы.  Шектеуші 
факторлар. 
Дәрістің мазмұны: 
1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер. 
2. Шектеуші факторлар. Ю. Либихтің минимум заңы. 
3. В. Шелфордтың толеранттылық заңы.  
Дәрістің  мақсаты:  Тірі  ағзаларға  тән  қасиеттер  мен  олардың  экологиялық 
факторларға реакциясын анықтау.   
Негізгі сөздер: шектеуші фактор, «Минимум заңы», толеранттылық; 
 
1. Ағзалардың өлі табиғатта кездеспейтін көптеген ерекше қасиеттері    бар, бірақ 
ол  қасиеттер  тек  тіршілікке  ғана  тән  емес.  Сондықтан  тіршілікке  анықтама 
берудің бір жолы – олардың негізгі қасиеттерін жүйелеп баяндау. 
1.
 
Тірішіліктің  құрылымы.  Тіршіліктің  құрылымы  нуклеин  қышқылдары, 
ақуыз  сияқты  макромолекулалардан  басталып,  органоидтар,  жасушалара, 
ұлпа,  мүше  және  ағзаға  дейін  күрделенеді.  Тіршіліктің  жоғары  дәрежедегі 
құрылымы ағзалардың бірлестігі – популяция мен биоценоздан тұрады.  
2.
 
Қоректену. Ағзалар өмір  сүруіне қажетті энергия мен заттарды  қоректену 
арқылы  алады.  Өсімдіктер  күн  сәулесінің  энергиясын  қоректік  заттар 
жасауға пайдаланады. Бұл  – фотосинтез құбылысы. Фотосинтез құбылысы 

автотрофты  жолмен  қоректенетін  жасушаларда  жүреді.  Жануарлар  мен 
саңырауқұлақтар  басқа  ағзалардағы  органикалық  заттарды  ферменттердің 
көмегімен ыдыратып қорытады, оны қоректену дейді.  
3.
 
Тынысалу.  Ағзалар  тыныс  алғанда  кейбір  көп  энергиялы  қосылыстар 
ыдырап, 
соның 
нәтижесінде 
энергия 
бөлінеді. 
Бұл 
энергия 
аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы түрінде сақталады.  
4.
 
Өсу. Өлі табиғат (мысалы, кристалдар) сыртқы  қабатына  жаңа заттар қосу 
арқылы өссе, тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен  өседі.  
5.
 
Даму. Уақыт өткен сайын ағзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті даму 
дейді.  Кристалдар  өзара    бір-бірімен  қосылу  арқылы  өссе,  өсімдіктер  мен 
жануарлар  қоректік  заттардың    есебінен  өседі  және  пайда  болған    жаңа 
мүшелердің  химиялық  құрамы  мен  құрылымы    алғашқы  ағзаға  қарағанда 
өзгеше болады.  
6.
 
Бейімделу. ағзалар өздері өмір сүрген ортаға бейімделеді. Мысалы, балық, 
бақа және маймылдардың  сыртқы құрылысына  қарап, олардың өмір сүру 
ортасын анықтауға болады. Ағза мүшелерінің  және жануарлардың  мінез-
қылығының  белгілі ортаға сай келуін бейімделу дейді.  
7.
 
Тұқымқуалаушылық.  Тіршіліктегі  тұқым  қуалайтын  молекулалардың 
құрамы  бірдей  және  ол  молекулалар  ағзалардың  өзінен  бөлініп,  
ұрпақтарына  беріледі  және  ата-енелерінің    негізгі    белгілерінің  ұрпаққа 
берілуін, түрлердің  сақталып қалуын  қамтамассыз етеді.  
 
2.    Экологиялық  факторлардың  организмге  әсер  ертуі  мен  оған  организмнің 
реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан 
қалыптасқан  жиынтығы  ғана  қажет.    Ал,  басқа  фактрлар  оның  қалыпты 
тіршілігіне кері әсерін тигізеді.  Яғни, әрбір организмге әсер ететін  факторлардың 
төменгі  және жоғарғы  шегі  болады және   бір фактор шешуші роль атқарады.  
Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж) ашқан. Оны «Минимум  заңы» 
дейді. Бұл заңның  өмірде  практикалық маңызы зор.  Өйткені, организмдердің  ең 
қажетті    шектеуші    факторларын  біле  отырып  мол  өнім  алуға  немесе  табиғат 
ресурстарын  тиімді пайдалануға жол ашады.    
 
3.  Шешуші  факторлармен  қатар  организмнің    факторлар  жиынтығына  деген  ең 
жоғарғы    төзімділік    қасиеті    болады.    Төзімділік  немесе  толеранттылық  заңы  
В.Шельфордтың  есімімен  аталады.Заңның  негізі  организмдердің    факторларға  
деген  талғамының    шектелуі.    Кез  келген  организмнің    төзімділік  шегі  болады. 
Егер  төзімділік    шегінен    шығып  кетсе  организм    тіршілігін  жояды.  Мысалы, 
қатты  қуаңшылық  жылдары  өсімдіктердің  құрып  кетуі,  ал  су  қоймаларының  
пестицидтермен    ластануы    балықтардың  жойылуына  әкеп  соғады. 
Организмдердің    төзімділік  шегін    білудің    практикалық    маңызы    бар.  Әсіресе, 
жабайы  аңдар  мен  құстарды,  өсімдіктерді  жерсіндіру  жұмыстарында    төзімділік  
заңының  негізгі тәртіптері ескеріледі.  
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер. 
2. Шектеуші факторлар.Ю.Либихтің минимум заңы. 

3. В.Шельфордтың толеранттылық заңы. 
Әдебиет:  
1.  Бродский  А.К.  Жалпы  экологияның  қысқаша  курсы.  Оқу  құралы,  Алматы, 
Ғылым, 1997.23-36 б. 
2. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002. 
3. Ж.Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау». 2003. 49-54 
б. 
 
4 кредит сағат  
№4 дәріс 
Тақырып: Популяция туралы түсінік.  
Дәрістің мазмұны:  
1.
 
Популяция түсінігі. Популяцияның кеңістіктік таралуы. 
2.
 
Популяцияның саны және тығыздығы. Көбею және өсу. 
3.
 
Популяцияның жастық құрылымы. 
4.
 
Популяциядағы генетикалық процестер. Популяцияның өсуі, қисық 
сызық.  
Дәрістің  мақсаты:  Популяцияның  құрылымы,  саны,  тығыздығы,  өсуі  және 
кеңістікте таралуы туралы жалпы сипаттама беру 
Негізгі  сөздер:  популяция,  космополиттер,  убиквистер,  эндемиктер,  ареал, 
перманентті (тұрақты), темпоральды (уақытша), панмиксия;     
    
1.  Түрлер,  әдетте  тиесілі  даралар  біркелкі  таралмай,  популяциялар  ретінде 
үлкен  ареалды  алып  жатады.  Түрдің  тұрақтылығы  популяциялар  арасындағы 
байланыстармен қамтамасыз етіледі.   
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын 
және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. 
С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның 
үнемі  өзгеріп  отыратын  жағдайында  санын  тұрақты  ұстап  тұруға  қажетті 
жағдайлармен  қамтамасыз  етілген  белгілі  бір  түрдің  ағзаларының  элементарлық 
тобы. 
«Популяция»  ұғымы  латынның  populus  –  халық,  тұрғындар  деген  сөзінен 
шыққан,  сондықтан  экологиялық  популяцияны  белгілі  бір  территориядағы  бір 
түрдің  тұрғындары  ретінде  анықтауға  болады.  «Популяция»  терминін  ғылымға 
алғаш  1903  ж.  В.Иогансен  енгізді.  Популяция  ішіндегі  панмиксияның  (еркін 
шағылысудың)  да,  даралардың  арасындағы  байланыстың  да  деңгейі  әр  түрлі 
популяциялардағы даралардың арасындағыдан жоғары. Популяция эволюцияның, 
сонымен  қатар  түрдің  құрылымдық  бірлігі  болып  табылады.  Популяцияда 
түраралық қатынастарға тән барлық байланыс формалары байқалады. 
Популяция  немесе  түрдің  өз  тіршілігінің  соңына  дейін  мекен  ететін  жері 
таралу аймағы – ареал деп аталады.  
Ареалдың  әр  түрлі  орталықтарын  бөледі:  геометриялық  орталық;  ареал 
шегіндегі  түрдің  пайда  болу  орталығы;  даралардың  ең  жоғары  мөлшері 
қоныстанған молшылық орталығы. 
Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты:  

Космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде 
кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны); 
Убиквистер  –  әр  түрлі  орта  жағдайларында  тіршілік  етуге  қабілетті,  үлкен 
ареалы,  кең  экологиялық  валенттілігі  бар  ағзалардың  түрлері  (мысалы,  кәдімгі 
қамыс, қасқыр);  
Эндемиктер  –  кішкентай  шектелген  ареалдары  бар  ағзалардың  түрлері 
(көбінесе аралдарда, таулы жерлерде және тұйық суқоймаларда кездеседі). 
Жануарлар  үшін  арасында  құстарға  тән  ұшу  жолдары  немесе  кейбір 
сүтқоректілер  мен  балықтарға  тән  миграция  жолдары  түрінде  байланысы  бар 
трофикалық және репродуктивті ареалдарды жіктейді. 
 
2.  Популяциялар  мөлшері  және  генетикалық  тұрақтылығының  деңгейі, 
тіршілік ұзақтығы, даралардың көбею жолдары, т.б. белгілері бойынша жіктеледі. 
Алып  тұрған  территориялары  және  даралар  арасындағы  байланыс  деңгейіне 
байланысты популяциялар: 
1.
 
Қарапайым  (локальді)  популяция  –  толық  дерлік  панмиксия  тән 
даралардың қарапайым жиынтығы;  
2.
 
Экологиялық популяция дегеніміз – экология жөнінен біркелкі жағдайлы 
аймақтармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы; 
3.
 
Географиялық  популяция  белгілі  бір  географиялық  шектерде  кездесетін 
жергілікті  ықшам  популяциялардың  жиынтығын  көрсету  үшін  кең 
мағынада қолданылады. 
Ұрпақ қалдыруына және жеке эволюциясына байланысты популяциялар: 
1.
 
Перманентті  (тұрақты)    -  уақыт  және  кеңістікте  салыстырмалы  тұрақты, 
шексіз ұзақ уақыт ұрпақ қалдыруға бейім популяциялар;  
2.
 
Темпоральды (уақытша) – уақыт және кеңістікте тұрақты емес, шексіз ұзақ 
уақыт  ұрпақ  қалдыруға  бейімделмеген,  уақыт  өтісімен  перманентті 
популяцияға айналатын немесе жойылып кететін популяциялар. 
Көбею жолдарына қарай популяциялар:  
Панмиктикалық популяциялар – жынысты жолмен айқас көбейетін даралар 
жиынтығынан тұрады.  
Клониальды  популяциялар  –  тек  қана  жыныссыз  көбею  түрі  тән  даралар 
жиынтығы. 
Клониальды-панмиктикалық  популяциялар  –  жынысты  және  жыныссыз 
көбейетін даралар жиынтығы. 
  
3.  Жеке  дараға  тән  емес,  популяцияның  өзіндік  арнайы  қасиетері  бар:  саны, 
тығыздығы, өмір, өлім, өсу жылдамдығы т.б.   
Популяцияның  сандық  көрсеткіштерін  статикалық  және  динамикалық  деп 
бөлуге болады.  
Статистикалық  көрсеткіштер    популяцияның  дәл  қазіргі  уақыттағы  санын, 
тығыздығын, құрылымын көрсетеді.  
Популяция саны дегеніміз – популяциядағы даралар саны.  Әр түрлі уақытта 
популяция  саны  өзгеріп  отырады.  Бұл  өзгеріс  түрдің  биотикалық  потенциалына 
және ішкі жағдайларға байланысты.  

Популяция  тығыздығы  дегеніміз  –  көлем  немесе  кеңістік  бірлігіне 
шаққандағы популяцияның даралар саны немесе биомассасы.  
  
4. 
Популяция  жасы,  жынысы,  көлемі,  генотипі  және  даралардың 
территорияларда  таралуына  байланысты  құрылымды  ұйым  болып  табалыды.  
Осыған байланысты популяцияның түрлі құрылымдарын ажыратады: жыныстық, 
жастық, генеттикалық, кеңістіктік-этологиялық және т.б.  
Жыныстық  құрылымы  –  популяциядағы  аталық  және  аналық  жыныстар 
қатынасы.  Жыныстық  құрылым  тек  қана  дара  жынысты  ағзалар  поауляциясына 
тән.  Теория  бойынша  жыныстық  қатынастар  бірдей  болуы  тиіс,  п.  жалпы 
санының    50%  аталық  даралар,  ал  50%  -  аналық  даралар.  Жыныстар  қатынасы 
ортаның  әртүрлі  факторларына,  түрдің  генетикалық  және  физиологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты болады.  
Жастық  құрылымы  –  популяция  дараларының  әр  түрлі  жас  топтарының 
қатынасы. 
Кеңістіктік  –  этологиялық  –  ареал  шеңберінде  орналасқан  даралардың 
мінездемесі.  Ол  қоршаған  ортаның  ерекшелігіне  және  түрдің  этологиясына 
(мінез-құлық ерекшелігіне) байланысты. 
Генетикалық  құрылымы  –  популяциядағы  әртүрлі  генотиптер  мен 
аллельдердің қатынасы. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Популяция дегеніз не? Ол қалай жіктеледі? 
2.Популяция саны және тығыздығы. 
3.Популяцияның жастық құрылымы. 
4.Тірішілік және түраралық қарым-қатынастар. 
5.Популяция санының ауытқуы.Гомеостаз. 
6.Популяциядағы генетикалық процестер. Популяцияның өсуі, қи-сық сызық. 
Әдебиет:  
1.  Бродский  А.К.  Жалпы  экологияның  қысқаша  курсы.  Оқу  құралы,  Алматы, 
Ғылым, 1997. 90-103 б.                 
2.  Бейсенова  А.С.,  Шілдебаев  Ж.Б.,Саутбаева  Г.З.  Экология,  Алматы,  Ғылым, 
2001; 84-92 б. 
3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002. 
4. Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 
703с. (с.251-273). 
 
Кредит сағат 5 
Дәріс № 5 
Тақырыбы:  Биоценоз 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Биоценоз түсінігі. 
2.
 
Биоценоздың түрлік, кеңістіктік құрылымы. 
3.
 
Биоценоздағы қарым-қатынас түрлері. 

Дәрістің  мақсаты:  Биоценоздың  түрлік,  кеңістіктік  құрылымы,  ондағы  қарым-
қатынастар түрлері туралы жалпы сипаттама беру 
Негізгі  сөздер:  биоценоз,  биоценология,  биотоп,  экотондар,  доминанттар, 
эдификаторлар,  консорциялар,  ярустылық,  синузия,  зоохория,  форезия, 
сукцессиялар, экологиялық қуыс; 
 
   1. Биоценоз (лат. bios - өмір; koinos – ортақ) дегеніміз – белгілі бір территорияда 
мекендейтін  әртүрлі  түрлер  популяциясының  бірлестігі.  «Биоценоз»  ұғымын 
алғаш  рет  1877  ж.  неміс  зоологы  К.Мебиус  ұсынды.    Биоценозды  зерттейтін 
экология  ғылымының  саласы  биоценология  деп  аталады.  Биоценоз  –  ағзадан 
жоғары  деңгейдегі  жүйе.  Биоценоз  –  бірігіп  тіршілік  ететін  және  бір-бірімен 
байланысқан ағзалардың топтары. Ол үш компоненттен тұрады:    
1.
 
Фитоценоз (өсімдік жамылғысы); 
2.
 
Зооценоз (жануарлар дүниесі); 
3.
 
Микробоценоз (микроағзалар).  
Фитоценоз    -  биоценоздың  негізгі  компоненті,  ол    зооценоз  бен 
микробоценоздың табиғатын анықтайды.     
Биоценоз алып жатырған қоршаған абиотикалық орта биотоп (лат. bios - өмір; 
topos  -  орын)  деп  аталады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  биотоп  –  биоценоздың  тіршілік 
мекені.  Нәтижесінде  биоценозбен  биотоп  бірлесіп  –  биогеоценозды  құрайды.  
Алғаш рет бұл терминді ғылымға  1940 жылы В.Н.Сукачев енгізді.   
  
      2.  Түрлік құрылым дегеніміз – аталған биоценозды түзетін түрлер саны мен 
олардың биомассасының қатынасы. Биоценоздың түрлік құрылымы түрдің алуан 
түрлілігімен және түрлер санының немесе олардың массасының бір-біріне 
қатынасымен анықталады.  
Түрдің  алуан  түрлілігі  дегеніміз  –  аталған  бірлестіктегі  түрлер  саны.  Түрге 
бай  және  кедей  бірлестіктерді  ажыратады.  Кедей  биоценоздар  өсімдіктер  мен 
жануарларлардың  ондаған  және  жүздеген    түрлерінен,  ал  бай  биоценоздар 
бірнеше  мың  немесе  ондаған  мың  түрлерден  тұрады.  Түрдің  алуан  түрлілігі 
бірлестіктің  жасына  (ересек  бірлестіктерге  қарағанда  жас  бірлестіктер  кедей) 
және  қоршаған  орта  жағдайларына  (экологиялық  факторларға):  температура, 
ылғалдылық және азық қорына (шөл, биік ендік және таулы алқап биоценоздары 
түрге кедей болып келеді) байланысты.  
Түрдің  жоғары  алуан  түрлілігімен  бірлестіктер  арасындағы  өтпелі  зоналар  - 
экотондар  ерекшеленеді.  Экотондардағы  түрдің  алуан  түрлілігінің  өсу 
тенденциясы шеткі эффект деп аталады.  
Түрлер  барлық  шекаралас  білестіктерден  келетіндіктен,  экотон  түрге  бай 
болып келеді. Сонымен қатар экотонның өзіне ғана тән түрлері де болуы мүмкін. 
Мысалы,  тоғайдың  ортасына  қарағанда  жиегі  өсімдік  жамылғысына  бай  құстар, 
бунақденелілер, т.б. көбірек ұя салады. 
Бірлестіктегі түрлер: 
1.
 
Доминанты;  
2.
 
Екінші реттік (сирек кездесетін және саны аз түрлер).  

Доминанттар  –  саны  бойынша  басым  түрлер.  Доминанттардың  арасынан 
бүкіл 
бірлестіктің 
микроортасын 
(микроклиматын) 
анықтайтын 
эдификаторларды 
(құрылысшы) 
ерекше 
атап 
көрсетуге 
болады. 
Эдификаторларсыз  басқа  түрлер  тіршілік  ете  алмайды,  олардың  жойылуы 
биоценоздың толық бұзылуына қауіп төндіреді. Әдетте эдификаторларға шырша, 
самырсын, қарағай, селеу өсімдіктері жатады.   
Екінші  реттік  түрлер  де  биоценозда  өте  маңызды.  Олардың  санының  көп 
болуы – бірлестіктің бірқалыпты дамуының кепілі. 
Түрдің алуан түрлілігін бағалау үшін басқа да көрсеткіштер қолданады: 
-
 
Түрдің  молшылығы  –  аталған  түр  дараларының  қоныстанған  кеңістігі 
немесе аудан бірлігіне шаққандағы саны; 
-
 
Доминанттау  дәрежесі  –  аталған  түр  даралары  санының  қарастырылатын 
топтың барлық дараларының жалпы санына қатынасы; 
-
 
Кездесу жиілігі - түр кездесетін санақ жүргізілетін аймақтар немесе үлгілер 
санының барлық үлгілер санына пайыздық қатынасы. 
Биоценоздың ішінде консорциялар деп аталатын ерекше құрылымды жүйелер 
болады. Консорциялар дегеніміз - өз айналасында белгілі микроорта түзе алатын, 
консорцияның орталық мүшесі болып табылатын қандай да болмасын белгілі бір 
түр  дарасы  ағзасының  сыртында  немесе  ішінде  мекендейтін  әртүрлі  ағзалардың 
тобы.  Консорцияның  қалған  мүшелері  одан  да  кіші  консорциялар  құра  алады, 
яғни І, ІІ, ІІІ, т.б. консорцияларды бөлуге болады. 
Кеңістіктік  құрылым  дегеніміз  -  әртүрлі  түрлердің  кеңістікте  горизонталды 
немесе вертикалды бағытта таралуы. Оның екі түрі белгілі:  
1.
 
Ярустылық - вертикалды биоценоз құрылымы; 
2.
 
Мозаикалық - горизонталды биоценоз құрылымы.  
Ярустылық  қоңыржай  және  тропиктік  белдеулердің  ормандарында  айқын 
байқалады. Мысалы, жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты бөлуге болады:  
- ең биік ағаштар (шырша, қарағай, емен); 
- екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай); 
- бұталы ағаштар (шие, итмұрын, тобылғы); 
- биік шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқурай); 
– аласа шөптесін өсімдіктер.  
Ярустылық  өсімдіктерге  күн  энергиясының  ағынын  тиімдірек  пайдалануға 
мүмкіндік береді: жоғарғы ярустарда жарық сүйгіш, ортаңғы ярустарда көлеңкеге 
төзімді,  ал  төменгі  ярустарда  көлеңке  сүйгіш  өсімдіктер  өседі.  Ярустылық 
шөптесін  өсімдіктер  бірлестіктерінде  де  байқалады,  бірақ  орман  бірлестіктеріне 
қарағанда онша айқын емес. 
Вертикалды  бағытта  өсімдіктер  әсерінен  тек  температура  өзгерісі  емес, 
сонымен  қатар  күндіз  және  түнде  көмірқышқыл  газы  бағытының  өзгеруі, 
хемосинтездеуші  бактериялардың  күкіртті  газдарды  бөлуі,  т.б.  нәтижесінде 
атмосфералық  газ  құрамының  өзгеруін  қоса  микрорта  өзгереді.  Микрортаның 
өзгерісі  фаунаның  бунақденелілер  мен  құстардан  бастап  сүтқоректілерге  дейінгі 
белгілі бір ярустылығының қалыптасуына да әсер етеді.  
Аудандық  мозаикалық  түрлер  алуан  түрлілігіне,  олардың  сапалы  қарым-
қатынасына,  ландшафт  және  топырақ  жағдайларының  өзгерісіне  байланысты 

болады.  Мозаикалық  адамның  ормандағы  ағаштарды  кесу  салдарынан  жасанды 
жолмен де пайда болу мүмкін. Кесілген жерлерде жаңа бірлестік пайда болады. 
Экологиялық бірлестік - әртүрлі экологиялық топтар ағзаларының қатынасы. 
Ұқсас экологиялық құрылымы бар биоценоздардың әртүрлі түрлік құрамы болуы 
мүмкін. Ол сол бір экологиялық қуыстарды экологиясы жөнінен ұқсас, бірақ туыс 
емес  түрлердің  қоныстану  мүмкіндігіне  байланысты.  Мұндай  түрлерді 
алмастырушы немесе викариялаушы түрлер деп атайды. 
Биоценоздың маңызды сипаттамалары: 
1.
 
Консорция; 
2.
 
Синузия; 
3.
 
Парцелла. 
Синузия - кеңістікпен шектелген биоценоздың вертикальды бунақталуындағы 
құрылымдық  бөлігі.  Кеңістіктік  синузия  көкжиекпен,  биоценоз  ярусымен, 
қабатымен  сай  келуі  мүмкін.  Мысалы,  қарағайлы  орманда  шыршаның,  жасыл 
мүктің және т.б. синузиясын атап көрсетуге болады. 
Ағзалар арасындағы байланыс типтері:  
1.
 
Трофикалық  байланыстар  бір  түр  екінші  түрмен,  оның  қалдығымен, 
тіршілік  өнімдерімен  қоректенетін  жануарлар  арасында  пайда  болады. 
Оның екі түрі белгілі:  
А)  Тура  трофикалық  байланыс  (арыстандардың  антилопалармен, 
гиеналардың 
өліктермен, 
 
 
қоңыздардың 
тұяқтылардың 
экскременттерімен қоректенуі); 
Ә)  Жанама  қоректік  байланыс  (әртүрлі  түрлердің  бір  қорек  үшін 
бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады).   
2.
 
Топикалық  байланыстар  бір  түрдің  әсерінен  басқа  бір  түрдің  тіршілік 
жағдайларының 
өзгеруі 
нәтижесінде 
пайда 
болады. 
Мысалы, 
қылқанжапырақты  орманда,  әдетте  шөптесін  өсімдіктер  жамылғысы 
болмайды. 
3.
 
Форикалық  байланыстар  бір  түр  басқа  бір  түрдің  таралуына  қатысқанда 
пайда  болады.  Жануарлардың  өсімдік  тұқымдарын,  тозаңдарын  және 
спораларын  тасымалдауы  зоохория,  ал  ұсақ  дараларды  -  форезия  деп 
аталады.  
4.
 
Фабрикалық  байланыстардың  мәні  бір  түрдің  өз  құрылысына  басқа  бір 
түрдің  қалдықтарын,  өліктерін,  тіпті  тірі  дараларын  пайдалануында. 
Мысалы,  құстар  ұя  салу  үшін  ағаш  бұтақтарын,  шөп,  басқа  құстардың 
мамықтарын пайдаланады. 
Ағзалар арасындағы қатынастардың типтері: 
-  Нейтрализм  –  оң  да,  теріс  те  зардаптары  жоқ  бір  территорияда  екі  түрдің 
бірге тіршілік етуі (мысалы, бұғылар мен тиіндер); 
- Протокооперация – барлық қатысушылар да пайда көретін, ағзалардың өзара 
тиімді, бірақ міндетті емес бірге тіршілік етуі
-  Мутуализм  (облигатты  симбиоз)  –  екі  ағзаның  біреуі  немесе  екеуі  де  бір-
бірінсіз  тіршілік  ете  алмайтындай  өзара  пайдалы  тіршілік  етуі  (мысалы, 
шөпқоректі тұяқтылар және целлюлоза ыдыратушы бактериялар); 

-  Комменсализм  –  бірге  тіршілік  етуден  екі  ағзаның  біреуіне  пайдалы,  ал 
екіншісіне пайдасы да, зияны да жоқ қарым-қатынас
-  Жыртқыштық  -  екі  ағзаның  біреуі  (жыртқыш)  екіншісін  (жемтік)  өлтіріп, 
қорегіне  пайдаланғанда  түзілетін  қарым-қатынас.  Оның  ерекше  формасы  – 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет