Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Биосфераның құрылымы, негізгі қасиеттері.
3. Биосфераны құрайтын заттар.
4. Биосферадағы тірі заттар, олардың қызметтері.
5. Биосфераның даму кезеңдері.
6. Биосферадағы зат айналам: үлкен және кіші.
7. Биосферадағы адамның алатын орны.
Әдебиет:
1. Биология және салауаттылық негіздері. Журнал. 6/2004.
2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002; 28-7-37 б;
3. Горелов А.А. Экология. Уч.Пос.- М: Центр, 1998. 40 б.
Кредит сағат 8
Дәріс № 8
Тақырыбы: Ноосфера концепциясы
Дәріс мазмұны:
4.
Ноосфераны зерттеуші ғалымдар.
5.
Биосфераның ноосфераға айналуы.
6.
Тұрақты даму концепциясы.
Дәрістің мақсаты: Ноосфера туралы жалпы түсінік беру.
Негізгі сөздер: ноосфера, Б.Комонердің 4 заңы.
1. В.И.Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму
процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Болашақтағы биосфераның
тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай
келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның
жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады.
Академик Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: «Болашақ планетаның
ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына
байланысты дамиды және тәуелді болады. Адамзаттың санасы биосфераның
тағдырын шешеді», - деген болжам айтты.
Ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты. Ал «ноосфера» деген терминді ең алғаш
1927 ж. ғылымға фрранцуз (математик, философ, палеонтолог және антрополог)
Эдуард Леруа енгізді. Ал Теьяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам
феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп
анықтады.
Ғылыми техникалық прогресс қазіргі биосфераның тағдырын басқаша
шешуде. Небәрі соңғы 70-100 ішінде адам баласыныың іс-әрекеті мен ықпалы
табиғаттың геологиялық жылдар бойы қалыптастырған келбетін мүлдем
өзгертті. Жер шарында тіршілік жоқ жерлер, тіршіліксіз құмдар, шөлдер,
тақырлар пайда болды. Ауа райы өзгеріп, табиғат байлықтары сарқыла бастады.
Жаппай қырып-жоятын атом қарулары, улы химиялық препараттар,
канцерогеньді, т.б. тіршілікке зиянды заттар табиғаттың тепе-теңдік
заңдылықтарын бұзып, планетаның өзіне қауіп төндіре бастады. Биосфера
шегінде ғаламдық климаттық ауытқулар байқалып, экологиялық апаттар (су
тасқыны, топан су, құрлықты су басу, ауа райының күрт өзгеруі, жер сілкіністері,
өрттер, құрғақшылық, жұттар мен ашаршылық, т.б.) мұның бәрін дәлелдеп отыр.
2. Ағылшын ғалымы Б.Комонер ноосферадағы тірі және өлі табиғаттың
арасындағы өзара қарым-қатынасты 4 заңға біріктірген.
1. Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі
табиғаттың жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша
табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстардың қандай да бір
бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр
көптеген басқа түрлермен байланыста болады.
Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп
соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардыңң бірінде ДДТ ппрепаратының
көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ,
біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла
бастаған. Содан соң, осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың
саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен.
Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш
тіреулерін зақымдаған. Олай болса, масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды
құрам бөлігі болып табылады.
2. Материя жойылмайды жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші
түрге өтеді. Кез-келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен
қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы
нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін
қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп
шығарады. Жануарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер
мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар -
өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
3. Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді
әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа
органикалық зат жасалмайды.
4. Тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды.
Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы
қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық
құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге
байланысты туындап отыр.
3. Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны
қорғау мен сақтап қалу. Тұрақты даму дегеніміз - адамзат қоғамының дамуы
үздіксіз, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз болуы. Бірақ
бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік
бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың
бірігуін талап тетеді. 1987 жылы БҰҰ –ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен
даму комиссиясы «қоршаған орта үшін қауіпсіз экономикалық дәуірге» аяқ
басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты
даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамассыз ете отырып, болашық
ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамассыз етуіне қауіп туғызбайтын даму
деп түсіну керек. Қоршаған ортаны қорғауға арналған алғашқы халықаралық
отырыс Найроби қаласында 1972 жылы болды. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін
мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ
материалдарынан) Конференцияда екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын
алу, және ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау
мәселелері бойынша қабылданды.
Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында
жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мсәелелерін шешудегі
еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998
жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын
жауып, ядролық қарудан бас тартты. Қоршаған ортаға әсер ететін соғыс ашу
мақсатындағы құралдарды қолдануға тыйым салу ғаламдық келісімдерге жатады.
Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі
уақытта
экологиялық,
экономикалық
әлеуметтік
мәселелерді
интеграциялау
саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары
іздестірілдеуде.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Ноосфераны зерттеуші ғалымдар.
2.Биосфераның ноосфераға айналуы.
3.Тұрақты даму концепциясы.
Әдебиет:
1. Горелов А.А. Экология. Уч.Пос.- М: Центр, 1998. 49 б.
2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002
Кредит сағат 9
Дәріс № 9
Тақырыбы: Табиғат ресурстары.
Дәріс мазмұны:
1.
Табиғат ресурстары және олардың маңызы.
2.
Табиғат ресурстарының түрлері.
3.
Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану.
Дәрістің мақсаты: Табиғаттарының түрлерін, оларды ұтымды пайдалану
жолдары туралы мәлімет беру.
Негізгі сөздер: табиғат ресурстарының түрлері: сарқылатын, сарқылмайтын,
алмастыруға болатын, алмастыруға болмайтын
1. Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді
жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Адамдар ерте заманнан
табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келеді. Кесілген ағаш орнына
бірнеше жылдан соң басқа ағаш өсіп, ауланған балық орнын уылдырықтан өскен
басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып
тазарып жататын. Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып,
біртіндеп қалпына келетін. Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Ғылым мен техника
жетістіктерімен қаруланған адамдар үлкен күшке айналды. Оның үстіне
адамдардың саны көбейіп, табиғат байлықтарын пайдалану да бірнеше есе өсті.
2. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар
атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар,
энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу
ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:
1.
Сарқылатын:
А) қалпына келетін;
Ә) салыстырмалы қалпына келетін;
Б) қалпына келмейтін;
2.
Сарқылмайтын;
3.
Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды
пластмассалармен);
4.
Алмастыруға болмайтын (мысалы, су, атмосфера).
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу
қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен, қазба байлықтары мен тірі
табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын
ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту
энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы салыстармалы түрде
айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы,
белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы
кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты
туғызады. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде
уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың
қорының мөлшері өзгермейді. Сарқылмайтын ресурстарды пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды
толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден,
қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер,
жануарлар.
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің
ішінде вольфрам, қорғасын, және барийдің қоры бойынша бірінші орында,
хромит, күміс, және мырыш бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші,
мыс – төртінші, уран – бесінші, алтын – алтыншы, темір кені – жетінші, қалайы
мен никель – сегізінші, көмір мен табиғи газ – тоғызыншы, мұнай бойынша он
үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран
мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан
астам.
3. Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану қоршаған ортаның
ластануы типіне байланысты болып келеді. Ластану әртүрлі белгілері бойынша
жіктеледі:
шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);
пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық,
транспортттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнынынң құбыры),
обьектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе),
трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера
және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты
сулары, өзен сулары және т.б.);
әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар, мен
элементер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,
электромагниттік),
физико-химиялық
(аэрозольдер),
биологиялық
(микробиологиялық және т.б.);
әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәіп
орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын
(азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты 5-25 жыл
(көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз ( су буы, көміртегі тотығы,
күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Кез-келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады:
қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына, және тұрақтылық дәрежесіне
қарай.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Табиғат ресурстары және олардың маңызы.
2.Табиғат ресурстарының түрлері.
3.Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану.
Әдебиет:
1. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002189-194 б.
2. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д
«Феникс», 2001. 61 б.
Кредит сағат 10
Дәріс № 10
Тақырыбы: Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері.
Дәріс мазмұны:
1.
Атмосфералық ауаның маңызы, газдық құрамы.
2.
Ауаны ластаушы көздер, олардың топтары.
3.
Ауаның ластануының адам денсаулығына әсері.
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның құрамы, оны ластаушы көздері туралы
түсінік беру.
Негізгі сөздер: атмосфера, ластаушы заттардың түрлері.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі
өзгерістерге ұщырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының
сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер
атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы
қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық
қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері,
озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам
денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының
концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының
жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының
тітіркенуі,
тәбет
төмендеу,
жалпы
ағзаның
нашарлауы
байқалады.
Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал угар газының әсерінен ойлау
қабілеті төмендеп, бас айналу және ауыру , ұйқы басу сияқты симптомдар
байқалады.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына
200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады.
Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың
улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м
3
аспауы керек. Оның
негізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы.
Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттрамен адамдардың улануы жиі
болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына
қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.
Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру,
өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды
заттарды қайта өңдеп, пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.
Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң,
күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер,
күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:
-
топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң;
-
энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары;
-
транспорт;
-
өндіріс орындары;
-
химиялық өндіріс;
-
минералды тыңайтқыштар өндірісі;
-
шаң, ыс, тозаң, асбест;
-
өрттер нәтижесінде түзілетін газдар;
-
вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.
Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар, улы химикаттар өндірісі, қазба
отындарды жағу, түсті металдарды балқыту. Ал бұлар өз кезегінде кадмий,
мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауыр металдарды бөледі.
Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:
түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және
басқа да органикалық қосылыстар;
пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар;
газ жартылай жану өнімдері;
пестицидтер;
дезинфекциялаушы заттар;
тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы;
түрлі аэрозольдар;
радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де, төменгі этажадар
арқылы таралады;
асбест- жылу сақтағыш материал, трубалардың сыртын қаптайды;
темекі тарту.
1. Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасы дегеніміз – жер
шарын қоршап тұрған шаң-тозаң, бу мен газдан құралған қоспа, ол күн сәулесін
жер бетіне жеткенше ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып отырады.
Егер атмосферада ауа болмаса аспан қараңғы болып, күн адамның көзін
шағылыстыратын сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер
еді. Атмосфералық ауа бар кездің өзінде Батыс Сібірде қыста -60
0
С, ал жазда
+30
0
С, жыл бойы 90
0
С-қа өзгергенде өмір сүруге қолайсыз болып, көп
қиыншылықтар кездеседі. Атмосфералық ауа иіссіз, түссіз, жеңіл, 1м
3
–де 1300
грамм ауа болады. Соған қарамастан жер бетіне түсетін қысым әрбір 1 см
2
1 кг-
нан келеді. Атмосфераның әрбір қабатының өзіне тән атқаратын қызметі, газдық
құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының
тіршілік үшін маңызы ерекше.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары.
Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамассыз ете отырып, тіршілікке
қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т.б.) байытады
және Жерді түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын,
ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп
отырады.
Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, аммиактан, су буларынан
және инертті гелий, неон сияқты газдардан тұрған. Жер бетінде тіршілік пайда
болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және
өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқыл газдары қосыла бастады.
Алғашқы көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутек, метан, аммиак,
күкірті сутек газдарын біртіндеп азайта берді. Мысалы, сутек бактериялары
жанартаулардан бөлінген күкіртті сутекті тотықтырып, ауаға оттек газын бөле
бастады.
Ауа газдары құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер бетіндегі
тіршіліктің - өсімдіктер және жануарлар болып екіге бөлінуіне себепші болды.
Атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады (процент есебімен): азот
(N) – 78,08, оттек (O) – 20,95, аргон (Ar) – 0,93, көмір қышқыл (CO
2
) – 0,003, неон
(Ne), гелий (He), ксенон (Xe), родон (Rn), тағы басқалары – 0,01. Бұлардан басқа
ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң мен су булары бар.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды, қандай ауа болса да дем алуға мжбүр.
Егер қорексіз 5 апта, сусыз 5 тәулік өмір сүруге болса, ауасыз 5 минутта тұра
алмайды. Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг немесе 11 мың литр ауа өтсе,
қойға – 20 мың, ал жылқыға – 86 мың литр ауа керек.
2. Ауа табиғи және жасанды (адамдардың іс-әрекетінен) жолмен ластанады.
Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға
айналуынан, тау ұнтағы мен топырақтты жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен
далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т.б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы
болады.
Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл
шаруашылық,
құрылыс
кәсіпорындарының,
коммуналды-тұрмыстық
мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады. Ауаның ластану көздеріне
себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі
тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр
металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:
1. Топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң,
2.Энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары,
3. Транспорт,
4. Өндіріс орындары,
5. Химиялық өндіріс,
6. Минералды тыңайтқыштар өндірісі,
7. Шаң, ыс, тозаң, асбест,
8. Өрттер нәтижесінде түзілетін газдар,
9. Вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.
Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар. Ауыр металдардың өндіріс
көздері.
1.
улыхимикаттар өндірісі.
2.
қазба отындарды жағу.
3.
түсті металдарды балқыту.
Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды
ауар металдарды бөледі.
Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:
1.
түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және
басқа да органикалық қосылыстар,
2.
пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар
3.
газ жартылай жану өнімдері
4.
пестицидтер
5.
освежители воздуха, дезинфекциялаушы заттар
6.
тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы
7.
түрлі аэрозольдар
8.
радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де төменгі этаждар
арқылы таралады.
9.
асбест- жылусақтағыш материал, тұрбалардың сыртын қаптайды.
10.
Темекі тарту
Достарыңызбен бөлісу: |