«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ



бет12/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
4 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ

4.1 Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі

Жоспарлау – қазіргі экономика ғылымының маңызды құрамдас бөлігі, ол кәсіпорынның мақсатына жетуі мен қоғамның қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатымен шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын зерттейді. Жоспарлау мақсаттар жүйесін және оларға жету жолдары мен құралдарын анықтауды білдіреді. Жоспарлаудың басқа да көптеген анықтамалары бар. Атап айтар болсақ:

Жоспарлау – өзінің мақсаттарына жету үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің ұтымды іс-әрекетін экономикалық негіздеу процесі.

Жоспарлау – бұл «бизнес» жүйелерінің сыртқы ортаға бейімделуі.

Жоспарлау мақсаттарды қалыптастыру, оларға жету басымдықтары, әдістері мен құралдарын анықтау процесін білдіреді. Жоспарлау – басқарудың негізгі функцияларының бірі. Басқарушылық шешімдер қабылдауда жоспарлаудың маңызы жоғары. Жалпы алғанда, жоспарлау келесі кезеңдерден тұрады:


  1. Мақсаттарды анықтау және міндеттерді белгілеу;

  2. Мақсатқа жету мен міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерді анықтау;

  3. Қажетті ресурстар мен оларды табу көздерін айқындау;

  4. Жоспардың орындалуын ұйымдастыру, яғни тікелей орындаушыларды анықтау және жоспарды оларға дейін жеткізу.

Жоспарлау өткізу нарығы үшін маңызды барлық жағдайлар мен еркшеліктерді кешнді түрде ескеруі керек, сондай-ақ болжамдық сипатқа ие болады және тұтынушыларға бағытталуы тиіс. Жоспарлаудың келесідей қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • Біртұтастық қағидасы

  • Үздіксіздік қағидасы

  • Икемділік қағидасы

  • Дәлдік (анықтық) қағидасы

  • Қатысу қағидасы т.б.

Дегенмен жоспарлаудың да артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Оны келесі кестеден (6-кесте) көруге болады.

6-кесте – Жоспарлаудың артықшылықтары мен кемшіліктері



Жоспарлаудың артықшылықтары

Жоспарлаудың кемшіліктері

Белгіленген міндеттерді ең аз шығынмен ұтымды шешуге көмектеседі;

Жоспарда болуы мүмкін жағдайды толық ескерудің мүмкін еместігі;

Орындаушылардың іс-әрекетін үйлестіруді жақсартуға көмектеседі;

Қабылданған шешімдердің тұрақтылығы бизнестің динамикалық дамуы жағдайында тиімсіз болып, зиянға ұшырау қаупінің туындауы;

Ресурстарды айтарлықтай ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

Жоспарды дайындау үшін ресурстардың қажеттілігі және олардың тиімсіз пайдаланылу ықтималдылығы;

Кәсіпорынды болуы мүмкін өзгерістерге дайындайды;

Жоспарлауға жұмсалған шығындардың ақталмауы;

Орын алған жағдайды бақылауға және қалыптасқан проблеманы анықтауға көмектеседі.

Жоспарлауға қажетті ақпараттардың жеткіліксіздігі және жоспарлауға тартылған мамандардың құзыреттілігі мен біліктілік деңгейі.

Кәсіпорын жоспары – алға қойылған нәтижеге жетуге бағытталған өзара байланысты шешімдер жүйесін сипаттайтын құжат.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. Кәсіпорындағы жоспарлаудың жіктемелік белгілері мен соған сәйкес жоспарлардың түрлерін төмендегі кестеден (7-кесте) көруге болады.

7-кесте – Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі

Рет №

Жіктеу белгілері

Жоспарлардың түрлері

1

Жоспарлау мерзімі бойынша

Ұзақ мерзімді (песпективті)

Орта мерзімді

Қысқа мерзімді (ағымдағы)


2

Жоспарлы шешімдердің мазмұны бойынша

Стратегиялық жоспарлау

Тактикалық жоспарлау

Оперативті-күнтізбелік жоспарлау

Бизнес жоспарлау



3

Жоспардың міндеті бойынша

Директивті жоспарлау

Индикативті жоспарлау



4

Жоспарды дайындау сатысы бойынша

Бастапқы

Соңғы


5

Жоспарды жасау типі бойынша

Мақсатты жоспарлау

Ізденушілік жоспарлау



6

Іс-әрекет функциялары бойынша

Маркетингтік жоспарлау

Өндірістік жоспарлау

Табыстар мен шығыстар жоспары

Қаржылық жоспар



7-кестеден көріп отырғанымыздай, жоспарлау мерзімі бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді жоспарлар, әдетте, 10 жылдан жоғары мерзімге (10-20 жылға) жасалады және оны стратегиялық немесе перспективті жоспарлар деп те атайды.

Орта мерзімді 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Қазіргі кезде орта мерзімді жоспарлар 5 жылға жасалып жүр және 5 жылдық жоспар деп аталады.

Қысқа мерзімді жоспарлар 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Мұндай жоспарларды ағымдағы жоспарлар деп те атайды және олар 1 жылға, жарты жылға, бір тоқсанға, бір айға, бір декадаға да жасалуы мүмкін.

Жоспарлы шешімдердің мазмұны бойынша стратегиялық, тактикалық, оперативті-күнтізбелік, бизнес-жоспарлау болып бөлінеді.

Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімге жасалады және негізінен болжамдарға негізделеді.

Тактикалық жоспарлау – стартегиялық мақсаттарды іске асыруға арналған алғышарттарды жасау үрдісі.

Оперативті күнтізбелік жоспарлау – кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарлы және үздіксіз жұмысын ұйымдастыру мақсатында тактикалық көрсеткіштерді нақтылауды білдіреді.

Бизнес- жоспарлау әртүрлі мақсаттарда жасалады. Көбінесе, қандай да бір бизнес-идеяны іске асыру, жаңа кәсіпорынды құру, жаңа өнім немесе қызмет түрін игеру, инвестиция тарту, несие алу және басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады.

Жоспардың міндеті бойынша директивті және индикативті болып бөлінеді. Директивті жоспарлау міндетті сипатқа ие болатынтшешімдер қабылдауды білдіреді. Яғни, орындалуы міндетті болып табылады. Мұндай жоспарлау әкімшілдік-әміршілдік жүйеге тән болып табылады. Индикативті жоспарлаудың директивті жоспарлаудан айырмашылығы бағыт беруші және ұсыныстық сипатқа ие болады, бірақ орындалуы міндетті болып есептелмейді.

Жоспарды дайындау сатысы бойынша бастапқы және соңғы болып бөлінеді.

Жоспарды жасау типі бойынша мақсатты және ізденушілік жоспарлау болып бөлінеді.

Іс-әрекет функциялары (сферасы) бойынша маркетингтік жоспар, өндірістік жоспар, табыстар мен шығыстар жоспары, қаржылық жоспар т.б. болып бөлінеді. Осы аталғандарды функционалдық жоспарлар деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет