«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Дара кәсіпкерлік: түрлері және тіркеу тәртібі



бет8/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
2.3 Дара кәсіпкерлік: түрлері және тіркеу тәртібі

Дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.

Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Оны келесі суреттен (7-сурет) көруге болады.




Дара кәсіпкерлік









Өзіндік кәсіпкерлік



Бірлескен кәсіпкерлік



Ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі

Шаруа қожалығы немесе отбасылық кәсіпкерлік

Жай серіктестік

7-сурет – дара кәсіпкерлік және оның түрлері

Егер кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жататын болса, кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы оған лицензисын қызмет ету құқығын бермейді және мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.

Линцензияланатын қызмет түрлері мен лицензиялар беру тәртібі 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 – III «Лицензиялау туралы» ҚР Заңында белгіленген.

Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:


  1. Субъектілері бойынша:

А) ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларына берілетін лицензия;

Ә) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензиялар.

2) Қызмет көлемі бойынша:

А) бас лицензия-қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін лицензия;

Ә) біржолғы лицензия-рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай немесе ақшалай алғанда) белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға,сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға және үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұймдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға берілетін лицензия;

Б) операциялық лицензия – банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін лицензиялар.

Лицензия алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:


  1. Өтініш

  2. Заңды тұлға үшін-өтініш беруші жарғысының көшірмесі және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

  3. Жеке тұлға үшін-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

  4. Дара кәсіпкер үшін-өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

  5. Өтініш берушінің салық органынында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

  6. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

  7. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

«Электрондық үкімет» веб-порьплы немесе халыққа қызмет көрсету орталыығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі.

Төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды:



  • Есірткі заттарының, психотроптық заттардың айналымымен байланысты қызметті;

  • Акцизделетін өнімді өндіруді және көтерме сатуды;

  • Астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

  • Лотореяларды өткізуді;

  • Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

  • Мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;

  • Радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

  • Банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенттігі қызметінен басқа);

  • Аудиторлық қызметті.

  • Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;

  • Кредиттік бюролардың қызметін;

  • Күзет қызметін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет