«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелуі



бет9/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
file-8557

Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелуі.

Тәуекел – жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да ресурстарды жоғалту қауіпінің туындауы.

Кәсіпкерлік тәуекел – белгіленген іс-шаралар іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты. Тәуекел қосымша шығын шегу, жоспарланған табысты ала алмау қауіпінен бастап банкротка ұшырау мүмкіндігіне дейінгі аралықты қамтиды.

Кәсіпкерлік қызметке тәуекел – белгілі бір өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстарды жеткілікті көлемде ала алмауды немесе қосымша шығыстардың туындауын, өз ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын айтамыз.

«Тәуекел» түсінігіне мынадай элементтерді көрсетуге болады:


  • Анықталған мақсаттардан ауытқу мүмкіндігі;

  • Қалаған нәтижелерге жету ықтималдылығы;

  • Алға қойған мақсатқа жетуде сенімділіктің болмауы;

  • Айқынсыздық жағдайында таңдалған баламаларды жүзеге асырумен байланысты материалдық және басқа да жоғалтулардың туындау мүмкіндігі.

Айқынсыздық жағдайының туындау себептерін 3 топқа бөліп көрсетуге болады:

  1. Білместік – бұл сыртқы кәсіпкерлік орта туралы білімдердің жеткіліксіздігі.

  2. Кездейсоқтық – болашақтағы оқиғаны болжаудың өте күрделі екендігімен байланысты анықталады.

  3. Қарсы әрекет – өзге оқиғалардың кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін қиындатқан кездегі жағдайды айтамыз.




Рет


Жіктемелік белгісі

Тәуекелдік түрлері


1

Тәуекелдің туындау сипатына байланысты

Субъективті;

Объективті.

2

Тәуекелдің пайда болу сферасына байланысты

Ішкі;


сыртқы

3

Тәуекелдің таралу дәрежесіне байланысты

Жергілікті, жаһандық, аймақтық, халықаралық.


4

Тәуекелді сақтандыру мүмкіндігі бойынша

Сақтандырылатын, сақтандырылмайтын.


5

Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша


Өндірістік, коммерциялық, қаржылық


6

Тәуекел салдарының сипаты бойынша

Таза, спекулититті.


7

Тәуекел салдарының маштабы бойынша

Рұқсат етілген, сыни, апатты.


8

Уақыт мерзіміне байланысты

Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді.


9

Шаруашылық қызмет сипатына байланысты

Іскерлік, операциялық, нарықтық.


10

Тәуекелдің пайда болу факторына байланысты

Саяси, экономикалық.



Тәуекелдің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:



  1. Туындау сипатына байланысты:

  • Субъективті тәуекел кәсіпкердің жеке қасиеттерімен байланысты.

  • Объективті тәуекел әртүрлі сыртқы сфералармен және бірқатар ішкі факторлармен байланысты.

  1. Пайда болу сферасына байланысты:

  • Ішкі тәуекел тиімсіз менеджментке, дұрыс емес маркетингтік саясатты жүргізуге, кәсіпкердің өзінің құзіретсіздігіне байланысты пайда болады.

  • Сыртқы тәуекел сыртқы ортаның ықпалынан туындайды. Кәсіпкер оған ықпа ете алмайды, оны тек қана алдын ала болжауы және өз қызметіне ескеруі мүмкін.

  1. Таралу дәрежесіне байланысты:

  • Жергілікті тәуекел;

  • Жаһандық тәуекел;

  • Салалық тәуекел;

  • Аймақтық тәуекел;

  • Халықаралық тәуекел.

  1. Сақтандыру мүмкіндігі бойынша:

  • Сақтандырылатын тәуекел, яғни сақтандырушының тәуекелін өзіне алатын сақтандыру ұйымдарында сақтандыруға және сандық анықтауға бейімделген тәуекелдер;

  • Сақтандырылмайтын тәуекелдер – маштабы мен деңгейін бағалау мүмкін емес және сақтандырушының тәуекелін ешкім өзіне ала алмайтын тәуекел.

  1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:

  • Өндірістік тәуекел ішкі және сыртқы ортаның қолайсыз әсерлері нәтижесінде өнім өндіру бойынша өздерінің жоспарлары мен міндеттемелерінің орындалуына байланысты туындайды.

  • Комерциялық тәуекел кәсіпкердің өндірген немесе сатып алған тауарларын сату кезінде туындайды. Басқаша айтсақ, өнімді сатуға, шикізаттар мен материалдарды жоғарғы бағаға сатып алуға байланысты орын алады.

  • Қаржылық тәуекел кәсіпкердің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алмауымен байланысты туындайды.

Кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым – қатынасы кезінде пайда болады және ақшалай қаражаттарды жоғалту қауіпін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфляциялық факторлар, банк стафкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі, несиелердің қайтарылмауы, төлемдердің жасалмауы т.б. себептерге байланысты пайда болады.

Жоғарғы аталған тәуекелдер түрлері өз ішінде тағы бірнеше түрге бөлінуі мүмкін.



  1. Тәуекел салдарының сипаты бойынша:

  • Таза тәуекел кәсіпкерлік қызметте тек қана жоғалтулардың немесе нөлдік нәтижелердің болмауымен сипатталады.

  • Спекулятивті алып-сату тәуекелде тек шығындар ғана емес жоспарланбаған пайда табу мүмкіншілігі де болуы мүмкін.

  1. Тәуекел салдарының маштабы бойынша:

  • Рұқсат етілген тәуекел – кәсіпкерлік қызметті іске асырудан немесе бизнес жобаны іске асырудан пайдасын толық жоғалтпайды. Мұндай тәуекел кезінде жоғалтулар болады.

  • Сыни тәуекел – пайданы жоғалту ғана емес, сондай-ақ жоспарланған түсімді ала алмайды. Бұл жағдайда кәсіпкер барлық шығындардың көлемінде зиян шегеді.

  • Апатты тәуекел – төлем қабілетсіздіктің пайда болу тәуекелі.

  1. Уақыт мерзіміне байланысты:

  • Қысқа мерзімді тәуекел, яғни белгілі бір уақыт ішінде қауіп туғызатын тәуекел.

  • Ұзақ мерзімді тәуекел, яғни экономикалық белгілі бір секторында немесе нақты аймақтағы кәсіпкерлік қызметке үздіксіз қауіп туғызу.

  1. Шаруашылық қызмет сипатына байланысты:

  • Іскерлік тәуекел;

  • Операциялық тәуекел;

  • Нарықтық тәуекел.

  1. Пайда болу факторына байланысты:

  • Саяси тәуекел – кәсіпкерлік қызметке әсер ететін саяси жағдайлардың өзгеруімен байланысты болып келеді.

  • Экономикалық тәуекел ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет