Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
5.1. Кәсіпорынның қаржылық ортасы
Кәсіпорынның қаржы ресурстары – шаруашылық сбъектінің иелігіндегі қаражаттар жиынтығы. Ол кәсіпорын табысын қалыптастыру, бөлу және пайдалану үрдісін көрсетеді, сондай-ақ, қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік-шаруашылық қызметі барысында пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Кәсіпорында қаржы бөлу, ұдайы өндіру және бақылау функцияларын орындайды. Кәсіпорын қаржысының функциялары кәсіпорынның капиталы мен ақшалай қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан кәсіпорының барлық ақшалай ағындарының немесе қаржылық ресурстарының қалыптасуы мен пайдалануын келесі түрде бөліп көрсетуге болады:
кәсіпорынның ақша аолады.ғынын реттеу;
қаржы ресурстарын қалыптастыру;
қаржы ресурстарын бөлу және пайдалану;
Қаржылық қатынастар құрамында кәсіпорынның ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетуге болады:
бастапқы табыстарды қалыптастыру және шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды құру және қолдану бойынша (жарғылық капитал, жинақтау,тұтыну, резервтік қорлар)
контрагенттер арасындағы ақшалай қатынастар;
қаржыларды бөлу бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы ақшалай қатынастар (келісімшарттар міндеттемелерін бұзған жағдайда айыппұл төлеу, әртүрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қызметтен түсетін пайданы үлестіру,мемлекет пен басқа да кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алу, олардан дивиденттер алу);
өнімді (жұмысты, қызметті) тұтынушылар арасындағы ақшалай қатынастар. Мұнда кәсіпорындар олармен байланысқа түсе отырып келісім – шарттардың түрлері мен нысандарын, міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларын пайдалану тәртібін өздері анықтайды;
міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін таңдау бойынша сақтандыру ұйымдары арасындағы ақшалай қатынастар;
қарыздарды алу және өтеумен, пайыздарды төлеумен байланысты, сондай-ақ, банктерге өзінің бос ақша қаражаттарын салу бойынша орын алатын банктік жүйе арасындағы ақшалай қатынастар;
бюджеттік және бюджеттен тыс тыс қорларды қалыптастыру және қолдану бойынша мемлекет пен кәсіпорын арасындағы ақшалай қатынастар. (міндетті және жинақтаушы зейнетақы қоры, салықтар мен алымдарды төлеу т.б.)
Кәсіпорынның қаржылық саясатын әзірлеу кезінде келес мәселелерге көңіл бөлу қажет:
қызмет аясына;
салаға жатқызылуына және салалық ерекшелігіне;
қызмет түрлеріне (бағыттарына);
кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысанына;
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
қаржы ресурстарының құрылымы мен көлемінің оңтайлы құрамы;
қаржы ресурстарын қаржыладыу көздерінің оңтайлы құрамы;
қаржы ресурстарынқаржы ресурстарын мақсатты және ұтымды пайдалану;
қаржы резервтерін құру және қаржы ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету т.б..
Кәсіпорынның қаржылық ортасы – кәсіпорынның қаржылық қатынастар субъектілерімен және объектілерімен көпжақты өзара іскерлік байланыстар кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |