«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кəсіпкерлік құпия жəне оны қорғау тəсілдері



бет17/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
file-8557

8. Кəсіпкерлік құпия жəне оны қорғау тəсілдері

8.1 Коммерциялыққұпияныңмəніжəне оны құрайтынмəліметтердің жіктелуі

Кəсіпкерлік құпия–таралуы зиян келтіретінкəсіпорынныңқызметітуралымəліметтерді жариялауға (мəліметтердіпайдалануғашектеуқою) кəсіпорынның, кəсіпкердіңзаңменқорғалатынқұқығы. Ал коммерциялыққұпиядепжариялауолардыңмүдделерінезиянынтигізетін фирма, кəсіпорынқызметітуралымəліметтіайтамыз. Нарықта операция жасайтынфирмалар, өзініңөндірістік, қаржылық, саудажəнебасқақызметтүрлерініңкейбіраспектілерінқұпияландыруғақұқығы бар.

Кəсіпкерлікқұпияжариялануыкəсіпкерліктіңіскерлікбеделінеайтарлықтайəсерететін, сондай-ақкəсіпкерлергематериалдықжəнеморальдықзиянкелтіретінкез-келгенақпараттықамтитынболғандықтан, едəуіркеңжəнетереңтүсінікболыптабылады. Кәсіпкерлік құпия өндірістік, техникалық, коммерциялық және қызметтік құпияның жиынын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерлік құпияны сақтау кәсіпкерге жоспарланған нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңында мынадай анықтама берілген: Коммерциялық құпия – заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат. Оны кәсіпкерлік субьектілері анықтайды және заңмен қорғайды. Ал азаматтық кодексте «коммерциялық құпия»«қызметтік құпиямен» біріктірілген және келесі түрде сипатталады.

«Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе әлеуетті коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялығын сақтауға шара қолданатын жағдайда, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндағы екі құпияның арасындағы айырмашылық мынада, қызметтік құпия – мемлекеттік органдарда, ал коммерциялық құпия – кәсіпкерлік қызметпенайналысатын жеке және заңды тұлғаларда болады, бірақ екеуінің де коммерциялық құндылығы бар».

Коммерциялық құпияның құрамы мен көлемі нормативтік – құқықтық актілер немесе кәсіпорын басшылары арқылы анықталады. Ақпарат нарықтық экономикада тауар болып табылады. Сондықтан да оны алу, сақтау, беру, пайдалану нарықтық экономика заңдарында бағынуы керек.

Коммерциялық құпияның мақсаты – бәсекелік күресте кәсіпорынға экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етіп отыру. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат мынадай бірқатар талаптарға жауап беруі керек:


  • ол мемлекеттік құпияға жатқызылмайды;

  • ақпаратты ашық қолдану кәсіпорын үшін зиян келтірілуі мүмкін;

  • ақпарат заңдық негізде жалпыға белгілі және жалпыға қол жетімді болып табылмайды;

  • кәсіпорын экономикалық және басқа да тиімділікті қамтамасыз ету үшін құпиялылықты сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады;

  • коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттарды қорғауды қажет етеді;

  • мұндай мәліметтерді құпия ұстау кәсіпорынға зиянын тигізбейді.

Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді кәсіпорынның қызмет сферасы мен сипатына байланысты келесі топтарға бөлуге болады.

  1. Қаржылық қызмет туралы мәліметтер. Кәсіпорын қызметінің

ақшалай көріністегі параметрлері арқылы оның қаржылық жағдацы, қарыздарының болуы, айналым құралдарының көлемі т.б. туралы кең көлемде және жеткілікті деңгейде ақпарат алуға болады. Кәсіпорында қолданылатын несиелер туралы ақпарат та барлық мүдделі тұлғалар үшін маңыздылығы жоғары.

Еңбек ақы қорының мөлшері туралы мәліметтер жұмыскерлердің сандық және сапалық құрамын бағалауға мүмкіндік береді;

2)Нарық туралы ақпарат. Кәсіпорынның жүргізген маркетингтік зерттеулері, Сондай-ақ өндірілетін өнімге (жұмысқа, қызметке) әлеуетті клиенттерді тартумен байланысты эксперименттері дайын ақпараттық өнім ретінде үлкен қызығушылық туғызады.

3) Өндіріс, жұмыс орындау, қызмет көрсету туралы мәліметтер. Шығарылатын өнімнің көлемі мен ассортименті немесе көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері кәсіпорынның маңызды экономикалық сипаттамаларының бірі болып табылады. Мұндай сипаттамалар кәсіпорында қолданылатын кейбір технологиялар туралы мәліметтермен таныуға мүмкіндік береді. Мұнда ақпараттың құпиялылық дәріжесін ескеру керек. Яғни, қандай мәліметтерді жарнамалық сипатта барлық қызығушылық білдірген тұлғаларға беруге болады, қандай мәліметтерді ашық түрде жариалауға болмайды, қандай мәліметтерді жариялау кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет