«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет18/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
4) Ғылыми әзірлемелер туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтерге интеллектуалдық меншік туралы заңнамамен қорғалатын өнертабыстар, пайдалы модельдер мен үлгілер, сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру мен басқару дағдылары, тәсілдері мен қабілеттері жатқызылады.

5) Материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер. Материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі деп клиенттер, делдалдар мен өілдер құрамы туралы мәліметтерді, шикізаттар мен материалдарға, интерьерлер мен конструкциялар бөлшектеріне, көлік және энергетикаға деген қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру көздерін айтамыз.

6) Кәсіпорын персоналы туралы мәліметтер. Персоналдардың сандық және сапалық сипаттамалаы үшінші жақтарға кәсіпорынның жекеленген параметрлері бойынша тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Бәсекелестер әрқашанда үздік қызметкерлерді өздеріне тартудың барлық әрекеттерін жасайды. Бұл көп жағдайда персоналдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жоғары жалақы төлеу т.б. тәсілдерарқылы іске асады.

  • 7) Кәсіпорынды басқару қағидалары туралы мәліметтер.Бұл санатқа келесілер жатқызылады:

  • өндірісті басқарудың қолданыстағы және перспективті әдістері

туралы мәліметтер;

  • басқару органдары мәжілістерінің мақсаттары, келіссөздер

жүргізу деректері;

  • өндіріс сферасындағы (жұмыс орындау, қызмет көрсету) өзінің

қызметінің кеңейту бойынша кәсіпорын жоспарлары туралы мәліметтер;

Кәсіпорын жұмысының тиімділігі кәсіпорынды басқару мен жедел басшылық жасауды әкімшіліктің ұтымды ұйымдастыру дәрежесіне байланысты болады.



8) Өзге де мәліметтер. Оған мыналар жатқызылады:

  • ақпараттық тораптар мен орталықтарға қол жетімділікті қамтамасыз

ету тәртібі мен кодтары, қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтері;

  • кәсіпорында коммерциялық құпия мен коммерциялық ақпараттарды

қорғауды ұйымдастыру қағидалары.

Жоғарыда аталғандардан өзге кәсіпорынның мынадай құжаттары да коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін;



  • кәсіпорынның бухгалтерлік және жоспарлы қаржылық

құжаттары, соның ішінде қаржылық жоспарлары, лимиттер, нормативтер;

  • кәсіпорынның ішкі және сыртқы іс-жүргізу құжаттары;

Атап айтқанда, бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулықтар, хаттамалар, актілер, ережелер, бағдарламалар мен жоспарлар;

мәмілелер туралы ақпараттар және мәмілелер бойынша қол

жеткен нәтижелер.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметтеріне сүйенсек, кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтер тізімін келесі топтарға бөліп қарастырған:



  1. өндіріс (өндірістің құрылымы, сипаты, шарттары, еңбекті ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері туралы мәліметтер, құрал-жабдықтардың типтері мен орналастырылуы, кәсіпорындағы шикізаттардың резервтері туралы мәліметтер т.б.);

  2. басқару ( өндірісті басқарудың айрықша және перспективті әдістері туралы мәіметтер, коммерциялық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер бойынша басшылық жасау жөнінде шешім қабылдау және орындау т.б.);

  3. жоспарлар ( кәсіпорынның даму жоспарлары, өндірістік, инвестициялау, дайын өнімдер мен запастар,сату және сатып алу жоспарлары т.б. );

  4. қаржы ( қаржылық жоспардың жоспарлы және нақтылы көрсеткіштерін ашатын мәліметтер, бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп, бюджет, айналымдар, банктік операциялар, кәсіпорынның табыстылық деңгейі, несие көздері мен шарттары т.б. );

  5. нарық ( өткізу нарығын зерттеудің ерекше әдістері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, кәсіпорынның нарықтық стратегичсы, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің тиімділігі, жаңа нарықтардағы тауар сатылымы туралы мәліметтер, сауда саясатындағы нақты бағыттар туралы мәліметтер т.б);

  6. әріптестер ( клиенттер, әріптестер, делдалдар, демеушілер, сатып алушылар, тұтынушылар мен жабдықтаушылар, коммерциялық байланыстар, шетелдік коммерциялық әріптестер туралы мәліметтер т.б.);

  7. келіссөздер ( келіссөздерге дайындалу және оның нәтижелері туралы мәліметтер, мәмілелер жасау мерзімдері, келіссөздер жүргізетін адамдар туралы мәмілелер, ұсынылған бағалар деңгейі, әріптестермен келіссөздер жүргізу тактикасы, іскерлік қабылдаулар туралы ақпараттар т.б.);

  8. контракттар (келісім-шарттар) ( мәмілелер мен келісімдер шарттары, контракттардың шарттары, бағалар, орындаушылар туралы мәліметтер т.б.);

  9. бағалар ( бағаның элементтері мен есептелуі туралы мәліметтер, бағалар деңгейі, өндіріс шығындарының калькуляциясы, ішкі прейскуранттар мен тарифтер, нарықтық бағалар, шегерімдер т.б. );

  10. саудалар және аукциондар ( аукционға дайындалу және оның нәтижелері туралы мәліметтер, жариялы саудадағы ұсыныстарға қосымшалар мен материалдар т.б. );

  11. ғылым мен техника (зерттеу бағдарламалары, мақсаттары мен міндеттері туралы мәліметтер, ғылыми зерттеулердің нәтижелері, техникалық жобалар, өнертапқыштық, ғылыми, техникалық, конструкторлық және технологиялық шешімдер, формулалар, есептелер, тұжырымдар, техникалық нормативтер мен үлгілер, тауарлық белгілер т.б.);

  12. технология (бәсекелік күресте артықшылықты қамтамасыз ететін технологиялық жетістіктер, қолданылатын технологиялар, өндіріс технологиясы туралы мәліметтер, өнім өндіру тәсілдері т.б.)

  13. жиналыстар (жиналыстар мен мәжілістерді өткізу және олардың мақсаттары туралы деректер, басқару органдарының жиналыстары мен мәжілістерінің нәтижелері т.б. );

  14. қауіпсіздік (кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінің құрамы, құрылымы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, коммерциялық құпияны қорғауды ұйымдастыру жағдайы мен тәртібі туралы мәліметтер, әріптес-кәсіпорындардың коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтерт.б.);

Сонымен коммерциялық құпияның негізгі белгілеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • ол мемлекеттік құпияға жатқызылмайды;

  • бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты мәліметтер;

  • оның шынайы немесе әлеуеттіқұндылығы болады;

оны жариялау кәсіпкердің мүддесіне зиянын келтіруі мүмкін;

  • оған еркін қол жеткізуге мүмкіндік жоқ;

  • ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын қорғау бойынша іс

шаралар қабылдайды;

  • кәсіпкер коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің

құрамы мен ккөлемін өзі анықтайды ( кейбір мәліметтер заң талаптары бойынша коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін ).

Бірқатар мәліметтер коммерциялық құпияға жатқызылмайды. Мұндай ақпараттарға төмендегілер жатады:



мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәліметтер;

  • жылжымайтын мүлік арқылы жасалған мәмілелер туралы

мәліметтер;

  • мемлекеттік статистикалық есептемеге жатқызылатын

мәліметтер;

  • қызметкерлердің саны, құрамы, еңбек жағдайлары туралы,

сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;

  • салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;

  • қоршаған ортаның ластануы, монополияға қарсы заңнаманың

бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетін өнімді өткізу туралы және басқа да заңнамаларды бұзғаны туралымәліметтер.

Кәсіпкерліктің сферасы мен жүзеге асырылатын қызмет түріне, анықталған мақсаттарға байланысты құпия болып табылатын мәліметтер тізімі өзгеруі мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес (50-бап), банк құпиясына банкдепозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері банк шоттарының бар екендігі, олардың иелері мен номерлері туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүліктерінің бар екендігі, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтер кіреді. Мұндай мәліметтердің құпиясына банктеркепілдік береді.

Өзінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәліметтер алуға мүмкіндік алған банктің лауазымды адамдары, қызметкерлері және өзге адамдар оларды жария еткені үшін қылмыстық жауапты болады.

ҚР-ның «Салық кодексінің» 557 бабының 2-тармағына сәйкес, салық қызметіоргандары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет