«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет



бет25/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
file-8557

10.4 Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.

Кәсіпкерлік этика мен іскерлік этикет жөнінде қарастырмас бұрын «Этика» түсінігіне тоқталайық. Этика гректің «ethos» деген сөзінен шыққан және әдеп-ғұрып деген мағынаны білдіреді.

Кәсіпкерлік этика адалдық, адамгершілік, ар-ождан, абырой, мәрттік, сыпайылық, сыйластық, атаққұмарлық, намысшылдық,арсыздық, екіжүзділік, табалаушылық, кек алушылық,арамдық, дөрекілік және т.б. түсініктермен тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:



  • іскерлік қатынастар облысындағы тәжірибелерді үйрену;

  • субъектілердің экономикалық іс-әрекетіне мәдени құндылықтардың ықпалын талдау;

  • корпоративті және әмбебап этиканың өзара әсерін қарастыру;

  • кәсіпкерліктің халықаралық мәдениетімен, оның моральдық – психологиялық стандарттарымен интеграциясы;

  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі проблемаларын зерттеу;

  • кәсіпкерлік қызмет субьектілерін адамгершілік және өнегелілік тұрғысынан тәрбиелеу;

  • белгілі бір іскерлік жағдайлар бойынша этикалық қағидаларды әзірлеу.

Кәсіпкерлік этиканы реттеу жүйесінің төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. этикалық қағидалар;

  2. кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекетін реттейтін нормативтік актілер;

  3. кәсіпорынның еңбек ұжымы;

  4. кәсіпорын қызметкерлерінің жеке мотивтері.

Іскерлік этикет – кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерін жақындастыруға, іскерлік қатынаста жетістікке жетуге мүмкіндік беретін, айтарлықтай лайықты іс-әрекет формалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойына іріктеу нәтижесі.

Ікерлік этикеттің келесідей құрамдас бөліктерінің белгілі –бір нормаларын орындау кәсіпкерлер үшін маңызды болып табылады:



  • вербальды және вербальды емес этикет;

  • телефонмен сөйлесу этикеті;

  • көпшілік алдында сөз сөйлеу этикеті;

  • іскерлік байланыстар

Іскерлік этикет пен іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау бизнесте жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан оның бірнеше ережелеріне қысқаша тоқталайық:

Бірінші ереже – барлық жағайда мұқият болыңыз.

Екінші ереже – артық ештеңе айтпаңыз.

Үшінші ереже - өзіңіз туралы ғана емес басқалар туралы да ойлаңыз.

Төртінші ереже – дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет