Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілік мынадай функцияларды орындайды :
превентивті фунция. Ол кәсіпкерлік қызметке қатысушылар тарапынан болашақта шартта белгіленген міндеттемелердің бұзылуының алдын алды және санкцияларды қолдану қаупінің пайда болғанын ескертеді;
орнын толтыру (компенсациялық) функциясы. Ол заңды бұзушы – кәсіпкерлік қызмет субъектісінен зардап шегуші қатысушының пайдасына ақшалай соманы өндіріп алумен байланысты болып келеді және оның жоғалтуларының орнын толтыру, сондай-ақ бұзылу орын алғанға дейінгі бұрынғы жағдайды қалпына келтіру мақсатын көздейді.
айыппұлдық (репрессивті) функция. Мында ықпал етудің қарастырылған шаралары кәсіпкерлік сферасында заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген тұлғалар үшін жазалаудың өзіндік нысаны ретінде көрініс табады.
Заңдық жауапкершілік түрлерінің жіктелуіне қатысты әртүрлі тәсілдер бар. Олардың қатарына мынадай жіктемелерді жатқызуға болады:
қолданудың негізгі мақсатына байланысты: жазалаушы және орын толтырушы (айыппұлдық) жауапкершілік;
құқық бұзушылықтың түрлері мен қолданылатын санкцияларының сипатына байланысты: азаматтық-құқықтық, қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық (мүліктік) жауапкершілік;
санкцияларды қолдау тәртіьі бойынша: соттық және әкімшілік жауапкершілік;
құқық бұзу субъектісі бойынша: дербес және ұжымдық жауапкершілік;
жауапкершіліктің туфндау және оны іске асыру тәсілі бойынша: құқық бұзу фактісі салдарынан заңнан тікелей туындлайтын жауапкершілік және құқық бұзу туралы істі емлекеттік органдардың тексеруі кезінде заң негізінде туындайтын жауапкершілік.
Заңдық жауапкершілі түрлерінің ішінен негізгі (басты) және қосымша (екінші дәрежелі) жауапкершілікті бөліп көрсетуге болады.
Жауапкершіліктің салалық және мамандандырылған түрлеріне бөлінуі негізгі жауапкершілікке жатқызылса, жауапкершіліктің дербес және ұжымдық түрлерге бөлінуі т.б. қосымша жауапкершілікке жатқызылады.
«Жеке кәсіпкерлік» туралы заңда жауапкершіліктің негізгі 2 түрі қарастырылған:
мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (соның ішінде дара кәсіпкерлердің) жауапкершілігі.
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсаттарына қол жеткізе алмаған, сондай-ак басқа да заңға қайшы іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасаған жағдайларда, ҚР заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады.
Мемлекеттік органдар мен ондағы лауазымды тұлғаларды мынадай жағдайларда ҚР заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады:
Жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты таратқаны үшін (жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз ақпаратты тарату натижесінде келтірілген зиянның орны толтырылуы тиіс) ;
Жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін;
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (тексеруді негізсіз тағайындау, акті шығармай және оны құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттаржы заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негізсіз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда).
Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесілер үшін жауапкершілікте болады:
ҚР заңнамасын бұзғаны үшін;
ҚР жосықсыз бәсеке, демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
ҚР тауарлар иморты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
Дара кәсіпкерлердің жауапкершілігі жөнінде айтатын болсақ, ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 7-бабының 7-тармағына сәйкес, дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.
Сонымен жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қолданылады: азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей, заңдық жауапкершіліктің негізгі (салалық) түрлері бесеу, сондықтан олардың әрқайсысын кәсіпкерлік қызметке қатысы бойынша қысқаша қарастырайық. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігіне айтарлықтай әсер ететін заңдық жауапкершіліктің түрлерінің біріне азаматтық-құқықтық жауапкершілік жатқызылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі белгілері ретінде мыналарды атауға болады:
Ол заң бұзушылыққа мемлекеттік-құқықтық ықпал ету нысандарының бірі ғана;
Ол мүліктік сипатқа ие болады және заң бұзушыға мүліктік негізде ықпал ете алады;
Ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді бұзуға жол берген адамдарға жазалау шараларын қолданумен байланысты тиімсіз мүліктік зардап шегу мүмкіндігін жүктеуді білдіреді.
Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай нысандарда көрініс табады: зиянды өтеу; айып төлеу; кепілпұлды жоғалту не болмаса кайтарылған кепілпұлдың сомсының үстіне қосымша төлем жасау; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғандардың барлығын мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге берілген мүлікке меншік құқығын жоғалту т.б. Осы аталғандардың ішінде айтарлықтай кеңінен тарағаны зиянның орнын толтыру және айып төлеу болып табылады.
Айып төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы пайызбен белгіленеді. Борышқор кінәлі болған кезде, міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің нарықта болмауы жатпайды. Міндеттемені орындау, заңдарданемесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл, кепілдік жарна және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік материалдық жауапкершілікпен тығыз байланысты және өте ұқсас болып келеді. Бұл жауапкершіліктің екі түрінде де келтірілген материалдық зиянды өтеу мәселесі қарастырылады. Бірақ, олардың айырмашылықтары бар және заңдық жауапкершіліктің дербес түрлері болып табылады. Азаматтық - құқықтық жауапкершілік ұтылған пайда мен нақты зиянның орнын толықтыруды қарастырса, материалдық жауапкершілік келтірілген тікелей нақты нұсқаның мөлшерімен шектеледі. Демек, зиянды толықтай және шектеулі өтеу қағидаларына негізделеді. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің материалдық жауапкершіліктен айырмашылығы моральдық зиянды өтеу де қарастырылады.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 197-бабына сәйкес, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін толық материалдық жауапкершілікте болу жағдайлары мыынадай:
Қызметкерлерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмесе;
Қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуын қамтамасыз етпесе;
Алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық (токсикомания) масаңдылық (соларға ұқсас) жағдайларда залал келтірілсе;
Материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шықса, қасақана жойылса немесе қасақана бүлдірілсе;
Қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген тәртіппен расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал келтірілген жағдайларда.
Жоғарыда аталғандардан басқа барлық жағдайларда қызметкердің материалдық жауапкершілігі шектеулі болады.
Қызметкердің толық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасау қажеттілігі заңнамамен белгіленген. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 168-бабында толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жөнінде қарастырылған. Демек келесідей екі түрде жасалады: 1) толық жеке материалдық жауапкершілік 2) толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік.
1.Өндіріс үдерісінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
2.Өндіріс үдерісінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар еңбек шартын жасау кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де жасалуы мүмкін.
Тәртіптік жауапкершілік қызметкерлер тәртәпсіздік әрекет (тәртіптік теріс қылықтар) жасаған кезде ғана қолданылады және жеке -дара сипатқа ие болады. Ол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің қызмет бойынша бағыныштылығы ретімен, қоғамдық немесе кәсіби қызметпен байланысты теріс қылықтар жасағаны үшін заңдық жауапкершілікті білдіреді. Тәртіптік теріс қылықтар деп қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындамауын немесе тиісінше орындамауын айтамыз. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мынадай түрдегі тәртіптік жазаларды қолдана алады:
Ескеру;
Сөгіс;
Қатаң сөгіс;
Еңбек кодексінде белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу.
Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртәптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайдарын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртәптік жаза қолдану туралы актісі:
Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
Қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;
Қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
Қызметкер іссапарда болған кезде шақырылмайды.
Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан юас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке тануытыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті. Қызметкерлер тәртіптік жаза жөнінде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тәріптік жауапкершілік жасалған еңбек шартына немесе келісімшартқа сәйкес лауазымды тұлғаларға (басшылар) және қызметкерлердің басқа санаттарына (жұмысшылар мен қызметшілер) қатысты, сондай-ақ, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |