«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Іскерлік хатты дайындау ерекшеліктері



бет24/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
file-8557

10.3 Іскерлік хатты дайындау ерекшеліктері

Іскерлік хат – іскерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі және оның түрлерінің бірі. Ол бір немесе бірнеше өзара байланысты мәселелерге қатысты және бірнеше функцияларды орындайтын қысқаша құжат болып табылады.

Іскерлік хаттар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі және соған байланысты көптеген түрлері анықталады.

1) Тақырыбы бойынша: коммерциялық және меншікті іскерлік хаттар болады.

2) Орындайтын функциялары бойынша: жауап – хат және бастама хат болып бөлінеді.

3) Адресаттың белгісі бойынша: жай және циркулярлы болып бөлінеді.

4) Қарастырылатын мәселе бойынша: біраспектілі және көпаспектілі

5) Хатты жіберу нысаны бойынша:дәстүрлі түрде почтамен жіберу және электрондық почта және факспен жіберу.

6) Құрылымы бойынша: регламенттелген және регламенттелмеген болып бөлінеді.

7) Мақсаты бойынша: ақпараттық және жарнамалық хаттар.

Іскерлік хатты рәсімдеудің белгілі бір тәртібі бар және ол сақталуы керек. Яғни, іскерлік хатта мынадай реквизиттердің болуын ескеру керек:


  • Ұйымның немесе кәсіпорынның, мекеменің атауы.

  • Заңды тұлға туралы анықтамалық мәліметтер, оның коды, мемлекеттік тіркеу нөмірі,бизнес идентификациялық нөмірі.

  • Күні мен тіркелу номері.

  • Адресат.

  • Мәтіннің атауы.

  • Кіріспе сөз.

  • Хаттың мәтіні.

  • Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайылық сақтау сөздері.

  • Басшының хатқа қол қоюы.

  • Қосымша берілетін болса, оған жасалған сілтеме.

  • Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәліметтер.

Іскерлік хаттың мәтіні келесілерден тұрады: қаратпа сөз, кіріспе бөлігі, негізгі бөлік және қорытынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет