«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет7/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Орта кәсіпкерлік субъектілері

ара кәсіпкерлік





Дара кәсіпкерлік

Заңды тұлға



Активтерінің мөлшері 325000 АЕК-тен аспайды

Қызметкерлер саны 50-250 адамға дейін

Қызметкерлер саны 50-250 адамға дейін

5-сурет – Орта кәсіпкерлік субъектілері

Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік, жеке және шетелдік кәсіпкерлік болып бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпкерлік мемлекеттік кәсіпорындар құру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпорындар бірнеше ерекшелікке ие болады. Атап айтсақ:


  • Мүліктің меншік иесі құрылтайшы, яғни мемлекет болып табылады;

  • Мемлекеттің мүлкі бөлінбейді. Бұл мүліктің мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері арасында салымдар, үлестер, пайдалар бойынша қандай жағдай болмасын бөлінбейтінін білдіреді;

  • Кәсіпорын басшысын меншік иесі, яғни мемлекет тағайындайды және ол жеке дара басқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлкеттік кәсіпорындардың негізгі қызметі қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады. Мұндай міндеттерге келесілерді жатқызуға болады:

  • Қоғам мүдделерін қорғау және мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін материалдық қамтамасыз ету;

  • Экономиканың жеке секторымен жеткілікті қамтылмаған немесе мүлде қамтылмаған қоғамдық өндірістің сфераларында алғашқы қажеттіліктегі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру;

  • Мемлекеттік монополияға жатқызылатын сфераларда қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық нысандары кәсіпкерлердің бірлестіктері түрінде құрылады. Оларға концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул, трест, қаржылық – өнеркәсіптік топтар т.б. жатады.

Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі.

Консорциум нақты міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестік.

Холдинг – кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз етеін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас («ұстаушы») компания.

Картель – бірлескен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы кәсіпорындар бірлестігі.

Синдикат – картелдік картелдік келісімнің бір түрі болып табылады.

Трест – қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.

Қаржылық өнеркәсіптік топтар – өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарын, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық әлеуетін біріктіретін бірлестік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет