Номиналды
Нақты
еңбеккердің алған ақша сомасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.
тәуелді
Номиналды жалақыға.
Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.
10.4.сурет –Нақты және номиналды факторлардың айырмашылығы.
Жалақының негізгі түрлері:
Жұмыс
|
|
Бір сағатың
|
сағат саны
|
X
|
ақысы
|
|
|
|
өндірілген өнім санына
байланысты
Жалақы
Жұмыс
атқарған уақытына байланысты
кесімдік
мерзімдік
өндірілген
|
|
әр дананың
|
өнім саны
|
Х
|
ақысы
|
|
|
|
Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.
Жалақының формалары
Мерзімді Кесімді
Жай мерзімді
|
Мерзімді сыйлықты
|
Тікелей кесімді
|
Кесімді прогрессивті
|
Кесімді сыйлықты
| Аккордты |
Капитал
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:
өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.
Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.
Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номиналды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номиналды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:
жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,
алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)
нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%
Жер рентасы-жер иелерінің факторлық табысы.
Жер– ауылшаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам баласының “кіндік кескен ауылы” және “асырайтын анасы”.
Жер - қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар деп аталады.Ауыл шаруашылығында басты ӨҚЖ- жер болып табылады.
Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.
Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
Жердің құнарлылығы;
Жер телімінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Жер рентасы – жер телімін уақытша қолданғанға төленетін төлем.
10.5.сурет-Қоғамдағы жер рентасының ережелері.
Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.
Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.
Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
Дифференциалды рента екі түрде болады:
Жердің табиғи құнарлылығына және жер телімінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалды І рента деп атайды.
Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.
Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз- жерді интенсивті игер келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын, сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.
Жерге жеке меншік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банктің пайыз шамасына байланысты қалыптасады.
Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады. R
ЖБ = — * 100%
S
Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.
Кәсіпкерліктің табысы– пайда
Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Пайда бұл:
өндірістін кеңеюінің көзі болып табылады;
ресурстарды пайдалану деңгейі мен бөлуді сипаттайды;
инновациялық технологияға капитал салуды ынталандырады.
Пайданы бөлу: кәсіпорындағы қалдықты, бюджетті және бюджетті емес қорларға, банктерге пайызды төлеу. Пайданы қолдану мыналар арқылы жүргізіледі: тұтыну (дивидендтер, материалды көмек), жинақтау, әлеуметтік мұқтаждыққа, қаржылай салым, шығындарды жабуға.
10.6.сурет- Пайда элементтері
Пайданы есептеу әдістері мен түрлері:
1. Жалпы пайда = жиынтық табыс – өндіріс шығындары
2. Экономикалық пайда= жиынтық табыс – барлық ресурстарға экономикалық шығындар
3. Бухгалтерлік пайда = жиынтық табыс – айқын шығындар
4. Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістін айқын емес шығындары
5. Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер
6. Шаруашылық пайда = қалыпты пайда + экономикалық пайда
7. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.
Бірақ та, жалақы, пайыз және рента қайсы бір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |