Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика



бет45/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Экономика ответ

Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығымал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтаркеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесінбасқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
54. Рентабельділік[1]пайдалылық (нем. rentabel — табысты, пайдалы) — тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады. Түрлері: инвестициялар Рентабельділікnі — ұлғаймалы өндіріс пен жаңа техникаға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі. Ол күрделі жұмсалымның пайдалылығымен және оның өтелу мерзімімен сипатталады; капитал Рентабельділікгі — жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайданың шамасын сипаттайтын көрсеткіш. Абсолюттік есеппен (теңге/тиын есебімен), бірақ көбінесе салыстырмалы көрсеткішпен (пайызбен) тұлғаланады. Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндіріс Рентабельділікгі, атаулы меншікті капитал Рентабельділікгі, баланс бойынша капиталдың қосынды шамасының Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді. Капитал Рентабельділікгі мен айналым Рентабельділікгі арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынның өнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады; өндіріс Рентабельділікгі — өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші, ол өндірістік қордың бір теңгесіне шаққанда келетін пайданың мөлшерін көрсетеді. Өндірістік ресурстардың (негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражатының) құнына баланстағы пайданың қатынасымен (пайыз есебімен) айқындалатын өндірістің жалпы Рентабельділікгі, пайданы алуға қатысатын өндірістік ресурстардың құнына таза пайданың қатынасымен айқындалатын өндірістің есептік Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді; өнімнің Рентабельділікгі — өнімнің тиісті түрін өткізуден алынған пайданың оны өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынға қатынасымен айқындалатын көрсеткіш.

57. Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет