Ойынның қорытындысын шығару.
Ойынға қатысушылардың сөйлесу этикасын, өздерін ұстауын, нақтылап, талқылау қажет. Сот қатысушыларының дөрекілеу кеткен кездерін талқылап, оның мінісін түсіну керек.
Олардың сөйлесу мәдениетіне көп көңіл бөлген жөн. Пікір-талас барысындағы мәдениетін бағалау т.б.
Ойын қателіктермен де өтуі мүмкін, дегенмен оның нәтижесі студент тақырыпты қаншалықты меңгеріп, соны орындауға талпыныс жасауында болып табылады.
Бүгінгі таңда, әсіресе, ішкі істер органдары қызметкерлерінде этика категорияларының кемшін екені белгілі. Біз «Құқық негіздері» пәні арқылы болашақ мамандарымыздың адамгершілік, имандылық, ізгілік пен жан сұлулығын беруге тырысамыз. Қарапайым халықпен сөйлесу мәдениетін де байқай аламыз.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, мемлекетіміздің ішкі саяси құрылысы, ҚР Конституциясының маңыздылығы, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық және оның жауаптылығы, шаруашылық шарттар түзу, жеке еңбек шарттарын түзуді және құқықтары мен міндеттерін оқытады. Студенттерді қоғамдық дамудың заңдылықтарымен және заңға тәуелді актілермен, кәзіргі кезеңдердегі нормативті құқықтық актілермен таныстыру, әрбір құқық бұзушылықтың ерекшеліктерін көрсету, спецификалық терминдермен, түсініктермен тансытыру, қоғамдық тәртіпті сақтаудың жолын, оның маңыздылығын үйретеді.
Пәнді үйретудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Студент негізгі материалды меңгеруі тиіс, проблемалық оқыту негізінде студенттерде ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтауды, оның құндылығын ұғындыру.
Семинар сабақтарында ұсынылатын тақырыптар мен әдістемелік нұсқаулар
№1 Практикалық сабақтың тақырыбы:
Мемлекет және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
1.Құқық негіздерінің қайнар көздері.
2.Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктер
Достарыңызбен бөлісу: |