Байланысты: 3.МУ по практ общий предмет.Экосистема
Іскер ойын Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет бабындағы
іс жүргізу тәртібін талдау және сотта іс қарау тәртібі
Ойынның бұл түрін қарапайым түрде, студенттердің шамалы санымен жүргізуге болады. Сот қатысушылары: негізгі тұлға судья, ол тараптардың өтініштері мен уәждерін тыңдап, заңның талаптарына сүйене отырып шешім шығарушы; талапкер – ол сотқа талап-арыз беруші тұлға; жауапкер – ол зардап шектіруші, құқық бұзушы тұлға.
Осылай студенттердің өздеріне қандай-да бір мәселені талдауды тапсыру қажет. Топтың қалғандары сол процесстің тыңдаушысы; әрі қадағалап, бақылап отырады. Студенттердің 2-3 ін куә ретінде қатыстыруға болады.
Іске қатысушы тараптар адвокат алуына да болады, дегенмен әр тарап өз құқығын өзі қарғаса, әсері ерекше болары сөзсіз.
Дайындық жұмыстары. Қатысушыларды оқиғаның барысымен таныстырып, істің мәнін ұғындыру керек.
іске мамандарды қатыстыру. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін шақырып қатыстырса студенттердің мәртебесі ерекше көтеріліп қалады.
ойнайтын ойындарын бөлу. Іске қатысушыларды жоғары айтылған топтарға бөлу: сот, талапкер мен жауапкер.
қатысушылардың дайындығы топ студенттері алған рөлдерін ойдағыдай ойнап шығу үшін оларға дайындалуға тағы да мүмкіндік беру.
Сотқа істің мән-жайымен танысып алу ұсынылады. Істің барысында қойылатын сұрақтар анықталады. Қойылатын сұрақтардың осы іске тікелей қатыстығы ескеріліп, ол сұрақтар оқйғаның мәнісін ашатындай болуы керек.
Сотқа өзін ұстауды, істі жүргізу тәртібін меңгеруге көмек көрсету, түсіндіру қажет.
талапкер өз талабы туралы бірінші болып айтады (сөз алады).
жауапкер өз уәждерін екінші болып айтады (сөз алады)
тараптардың бір біріне сұрақ қоюына, пікір алмасуына рұқсат етіледі.
сот қажет болған жағдайда істің барысын анықтап, нақтылау үшін тараптарды кез-келген уақытта тоқтатып сұрақ қоя алады.
Қатысушылар дәлелдер мен тағы басқа қажетті уәждерді келтіре отырып айтатын сөздерін дайындап алғаны дұрыс
Осылардың бәрін нақтылап алып, сот процессін бастауға болады. Әрбір рольдегі студенттерді оқытушы сырттай бақылап отырып, олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін, өздерін ұстауын, сөйлесу мәдениетін анықтауға мүмкіндік алады. Сот барысында жауапкер мен талапкердің арасындағы дау-жанжалды шешудің тәртібін, шеберлігін байқауға болады.