Сабақтың өту түрі - практикалық сабақ – Сұрақ-жауап
Қысқаша теориялық мәліметтер
Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс.
«Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекеттің белгілері:
1.Мемлекеттік басқару органдарының болуы. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққан таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
Құқық теориясында жүйе деп реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.
Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты, оның нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігінен көрінеді.
Құқық тек бір ғана тұлға емес, адамдардың үлкен топтарының, халықтың ұлттың, тұрғындардың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы оның келесі ерекшелігіне жатады.
Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа шығармайтын ішкі үйлесімнің көрінісі болуға тиіс.
Әдістемелік нұсқаулар
Қазақстан авторларының оқулықтары мен заңдар жинағымен және отандық ғалымдардың еңбектерімен танысу және зерттеу.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалар: Ортақ дискуссия, кроссворд құрастыру. Тақырып бойынша презентация дайындау.
Презентация тақырыбы: Мемлекеттің нысандары.
Үй тапсырмасы:
1.Мемлекет пен құқық және мемлекетіміздің ішкі саяси құрылысы туралы эссе жазу.
2.Мемлекеттің саяси режимі бойынша дайындалу, түсінік айту.
Достарыңызбен бөлісу: |