Экспертиза проведена


Пациенттердің ерекше топтары



бет2/8
Дата30.09.2024
өлшемі81,88 Kb.
#146119
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сумамед ОХЛП 05.10.23.

Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы тұлғалар:
Егде жастағы адамдарда ересектердегі сияқты доза қолданылады.
Егде жастағы пациенттер арасында жүрек аритмияларына бейімділік жиі білінетіндіктен, жүрек аритмиялары мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындау қаупіне орай ерекше сақ болу қажет.
Бүйрек функциясының бұзылулары:
Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар (ШСЖ 10-80 мл/мин) пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (ШСЖ < 10 мл/мин) бар пациенттерде азитромицинді тағайындау кезінде сақ болу қажет.
Бауыр функциясының бұзылулары:
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Азитромицин бауырда метаболизденіп, өтпен шығарылатындықтан, күрделі бауыр аурулары бар пациенттерде азитромицин сақтықпен қолданылу керек. Пациенттердің осы санаттарында азитромицинді қолдану жөнінде зерттеулер жүргізілмеген.
Қолдану тәсілі
Таблетканы жоғары дисперсиялық суспензия алынғанша араластырып, жеткілікті көлемде (кемінде 30 мл) сұйықтықта (су, алма немесе апельсин шырыны) еріту керек. Пациент алынған суспензияны жұтқаннан кейін ыдыс қабырғаларындағы қалдықтар аз су көлемінде қайта ерітуге жатады, алынған ерітіндіні жұтып қою қажет. Ерітілген таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.


4.3 Қолдануға болмайтын жағдайлар
- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидті және кетолидті антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- лактация кезеңі
- сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылық аурулары, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахараза-изомальтазалық жеткіліксіздік
- құрамында фенилаланин болуына байланысты фенилкетонурия бар пациенттер


4.4 Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Аса жоғары сезімталдық
Эритромицинмен және басқа макролидтермен жағдайдағы сияқты, ангионевроздық ісіну мен анафилаксияны (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP) және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS) болатын дәрілік реакцияны қоса, күрделі аллергиялық реакциялар мәлімделді. Азитромицин тудырған осы реакциялардың кейбіреуі қайталамалы симптомдарға алып келді және қадағалау мен емдеудің ұзағырақ кезеңін талап етті.
Гепатоуыттылық
Бауыр азитромицинді шығаратын негізгі ағза болғандықтан, оны қолдануды бауырдың айқын аурулары бар пациенттерде абайлап жүргізген жөн. Өмірге қатерлі бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы зор шұғыл сипатты гепатит жағдайлары хабарланды. Кейбір пациенттерде бауыр ауруы бұрын болған немесе олар басқа гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдаған болуы мүмкін.
Сарғаюмен байланысты тез дамитын астения, несеп түсінің қараюы, қан кетуге бейімділік немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары пайда болғанда бауыр функциясына дереу талдау/зерттеу жүргізу қажет. Бауыр функциясының бұзылуы жағдайында азитромицин қолдануды тоқтату керек.
Қастауыш алкалоидтарының туындылары
Қастауыш алкалоидтары туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизм пайда болуы кейбір макролидті антибиотиктерді бірге қолданудан туындайды. Қастауыш алкалоидтарының туындылары мен азитромициннің өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер жоқ. Алайда, эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігіне орай, азитромицин мен қастауыш алколоидтарының туындыларын бір мезгілде қолдануға болмайды.
Асқын инфекция
Кез келген антибиотикті қолдану жағдайларындағы сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер тудырған асқын инфекция белгілерін қадағалауға кеңес беріледі.
Clostridium difficile (CDAD) тудырған диарея
Азитромицинді қоса, бактерияға қарсы дәрілердің бәрін дерлік қолданғанда Clostridium difficile-мен (CDAD) байланысты диарея туралы мәлімделді, ол ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан өлімге ұшырататын колитке дейін түрленуі мүмкін. A және B гипертоксинін өндіретін C. difficile штаммдары CDAD дамуына ықпал етеді. C. difficile штаммдары өндіретін гипертоксиндер қатты аурушаңдық пен өлімге ұшырауға себеп болады, өйткені бұл инфекция микробқа қарсы емге төзімді болуы мүмкін және колэктомия қажет болуы мүмкін. Сондықтан кез келген антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін диарея пайда болуын CDAD ретінде қарастыру керек.
Бактерияға қарсы дәрілерді қолданудан кейін 2 ай өткен соң орын алған CDAD жағдайлары жөнінде хабарланды, бұл пациент анамнезін толық жинауды талап етеді.
Диарея симптомдары пайда болғанда азитромицинмен емді тоқтату және C. difficile үшін спецификалық ем тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Стрептококк инфекциялары
Пенициллин, әдетте, Streptococcus pyogenes тудырған фарингит/тонзиллитті емдеу үшін, сондай-ақ жедел ревматизмдік қызба профилактикасына арналған бірінші қатардағы ем болып табылады. Азитромицин, жалпы алғанда, ауыз-жұтқыншақтағы стрептококкқа қарсы тиімді, бірақ жедел ревматизмдік қызба профилактикасында азитромицин тиімділігін растайтындай деректер жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылулары
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде (ШСЖ < 10 мл/мин) азитромициннің жүйелі әсерінің 33% артуы байқалды.
QT аралығының ұзаруы
Басқа макролидтермен емдеу кезінде жүрек аритмиясының және екі бағытты қарыншалық тахикардияның даму қаупіне әкелетін ұзаққа созылатын жүрек реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы байқалды. Азитромицинді қолдану кезіндегі осындай әсерін ұзаққа созылатын жүрек реполяризациясының қаупі жоғары пациенттерде толық жоққа шығаруға болмайды; сондықтан мына пациенттерді емдегенде сақ болу қажет:
• туа біткен немесе құжат жүзінде расталған QT аралығының ұзаруымен;
• қазіргі уақытта Ia және III класты аритмияға қарсы препараттар, цизаприд пен терфенадин сияқты QT аралығын ұзартушылар ретінде белгілі басқа белсенді заттармен емделіп жүрген;
• электролит теңгерімінің бұзылуымен, әсіресе гипокалиемия және гипомагнеземия кезінде;
• клиникалық мәнді брадикардия, аритмия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігімен.
Миастения гравис
Азитромицинмен ем алып жүрген пациенттерде симптомдардың өршу жағдайлары және жаңа миастения синдромының көрінісі білінді.
Дәрілік препарат құрамында таблеткасына 1 ммоль мөлшерінен аз натрий (23 мг) бар, яғни, шын мәнінде «натрийсіз» болып табылады.
Препарат құрамында аспартам бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет