ЖЕКЕЛЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҮРЕ ТӨЗІМДІ БОЛЫП КЕТЕТН ТҮРЛЕР
Аэробты грам-оң бактериялар
Streptococcus pneumoniae Пенициллинге аралық сезімталдықпен
Пенициллинге төзімді
ТУА БІТКЕН ТӨЗІМДІЛІК
Аэробты грам-оң бактериялар
Enterococcus faecalis
Стафилококктар MRSA, MRSE (метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк)*
Анаэробты бактериялар Bacteroides fragilis бактериодтар тобы
* метициллинге төзімді алтын түстес стафилококктар макролидтерге жүре пайда болған төзімділіктің өте жоғары дәрежесіне ие болады және олар азитромицинге сирек сезімтал болыа келетіндіктен осы тізімге енгізілген.
5.2 Фармакокинетикалық қасиеттері Сіңірілуі Пероральді енгізуден кейін биожетімділігі шамамен 37% құрайды. Плазмадағы жоғары шыңдық концентрациясына дәрілік затты қабылдаудан кейін 2-3 сағаттан соң жетеді.
Таралуы Пероральді енгізілген азитромицин бүкіл организмге кеңінен таралады. Зерттеулерде тіндердегі азитромицин концентрациялары, қан плазмасында өлшенген концентрацияларға қарағанда, едәуір жоғары (50 есеге дейін) екені көріністелді, бұл препараттың тіндермен айқын байланысуын көрсетеді.
Сарысу ақуыздарымен байланысуы плазмадағы концентрациясына қарай түрленеді және 0,5 мкг/мл кезіндегі 12%-дан 0,05 мкг азитромицин/мл сарысуда 52% дейін ауытқиды. Стационарлық жағдайда орташа таралу көлемі (VVss) 31,1 л/кг ретінде есептелді.
Биотрансформациясы Плазмадан соңғы жартылай шығарылу кезеңі тіндерден жартылай шығарылу кезеңін 2-ден 4 күнге дейін көріністейді.
Азитромициннің вена ішіне енгізілген дозасының 12% жуығы келесі үш күн ішінде несеппен өзгеріссіз шығарылады. Әсіресе, өзгермеген азитромициннің жоғары концентрациялары адам өтінен анықталды. Сондай-ақ өттен дезозамин мен агликон сақиналарының N- және O-деметилденуі, гидроксилденуі және кладиноза конъюгатының ыдырауы арқылы түзілген он метаболит табылды. Сұйықтық хроматографиясы мен микробиологиялық талдаулар қорытындыларын салыстыру азитромицин метаболиттерінің микробиологиялық белсенді еместігін көрсетті.
Зерттеулерде фагоциттердегі азитромициннің жоғары концентрациялары анықталды. Сондай-ақ белсенді фагоцитоз кезінде азитромициннің өте жоғары концентрацияларда белсенді емес фагоциттерден босап шығатыны анықталды. Бұл азитромициннің жоғары концентрациясының инфекция ошағына жеткізілуіне әкеледі.
Пациенттердің ерекше санаттарындағы фармакокинетикасы Бүйрек функциясының бұзылуы 1 г мөлшеріне тең азитромицин дозасын ішке бір рет қабылдаудан кейін бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде Cmax және AUC0-120 орташа көрсеткіштері (шумақтық сүзілу жылдамдығы 10-80 мл/мин), бүйрек функциясы қалыпты тұлғаларға (ШСЖ > 80 мл/мин) қарағанда, тиісінше, 5,1% және 4,2% жоғары болды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде C max және AUC 0-120 орташа көрсеткіштері, қалып шегімен салыстырғанда, тиісінше, 61% және 35% жоғары болды.
Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде қан сарысуындағы азитромицин фармакокинетикасында, бауырдың қалыпты функциясымен салыстырғанда, айқын өзгерістер белгілері жоқ. Бұл пациенттерде, сірә, несептегі азитромицин мөлшері ұлғаяды, ықтималды түрде, бұл препараттың бауыр клиренсінің төмендеуіне компенсаторлық реакция болып табылады.
Егде жастағы тұлғалар Егде жастағы ерлердегі азитромицин фармакокинетикасының көрсеткіштері ересек жас адамдардағы сияқты болды. Егде жастағы әйелдерде препараттың ең жоғары концентрациясының жоғарырақ көрсеткіштері байқалды (қалып шегінен 30-50% жоғары); дегенмен де, бұл ретте препараттың қандай да бір маңызды жинақталуы болмады.
Егде жастағы еріктілерде (> 65 жас) препаратты қабылдаудың 5 күндік курсынан кейін үнемі жасырақ еріктілердегіден (< 40 жас) өте жоғары (29%) AUC көрсеткіштері байқалды. Алайда, осы өзгешеліктер клиникалық тұрғыдан маңызды болып қарастырылмайды; осылайша, егде жастағы тұлғаларда доза шамасын түзету қажет емес.
Препаратты балаларда қолдану Препарат фармакокинетикасы препаратты капсула, түйіршіктер немесе суспензия түрінде қабылдаған 4 айдан 15 жасқа дейінгі балаларда зерттелді. 1-ші күні 10 мг/кг дозаның соңы 2-5 күндері 5 мг/кг дозаға жалғасты; осы орайда қол жеткізілген Cmax көрсеткіштері ересектердегіден аздап төмен – 224 микрограмм/л (емізулі нәрестелерде, бөбек жасындағы балаларда және 6 ай – 5 жас аралығындағы балаларда препаратты 3 күн қолданудан кейін) және 6-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерде 383 микрограмм/л. Жасы үлкен балалар мен жасөспірімдерде 36 сағаттан соң жартылай шығарылу кезеңінің көрсеткіштері ересектер үшін күтілетін мәндер шегінде болды.