Экспертиза проведена


Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау



бет5/8
Дата30.09.2024
өлшемі81,88 Kb.
#146119
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сумамед ОХЛП 05.10.23.

Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
ДП «пайда-қауіп» арақатынасына үздіксіз мониторинг өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркеуден кейін күмән тудыратын жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы ДП кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы мәлімдеуге кеңес беріледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz


4.9 Артық дозалануы
Ұсынылуынан жоғарырақ дозалар кезінде байқалған қолайсыз құбылыстар қалыпты дозаларда байқалғандарымен ұқсас болды. Макролидті антибиотиктермен артық дозалануының типтік симптомдарына қайтымды естімей қалу, айқын жүрек айну, құсу және диарея жатады. Артық дозалану жағдайларында белсендірілген көмір, ағымдағы симптоматикалық емдеу және қажет болса, қосымша шаралар тағайындалады.
Емдеу: артық дозалану жағдайында белсендірілген көмір қабылдау және организмнің тіршілік функцияларын демеуге бағытталған симптоматикалық ем жүргізу қажет.


5. ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
5.1. Фармакодинамикалық қасиеттері
Фармакотерапиялық тобы: Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.
АТХ коды J01FA10
Әсер ету механизмі
Сумамед - азалидтер тобына жататын макролидті антибиотик. Азитромициннің әсер ету механизмі 50S рибосомалық қосалқы бірлікпен байланысу және пептидтік транслокацияны тежеу арқылы бактериялық ақуыздар синтезін бәсеңдетуге негізделген.
Төзімділік механизмі
Азитромицинге төзімділік туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін. Микроорганизмдердің үш негізгі төзімділікті дамыту механизмі бар: нысана-бөлік өзгеруі, антибиотиктер тасымалының өзгеруі және антибиотиктер модификациясы.
Азитромицин эритромицинге төзімді грам-теріс изоляттарға айқаспалы төзімділігін көріністейді. Уақыт өтуімен макролидтерге сезімталдық төмендеуі, атап айтқанда, Streptococcus pneumoniae және Staphylococcus aureus үшін білінді. Сол сияқты Streptococcus viridans және Streptococcus agalactiae (B тобы) үшін басқа макролидтер мен линкозамидтерге сезімталдық төмендеуі байқалды.
Сезімталдық
Жүре пайда болған төзімділіктің таралуы географиялық жағынан және уақыт өте әртүрлі микроорганизмдерге қатысты өзгеруі мүмкін. Жергілікті көздерден, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеу кезінде төзімділік туралы ақпарат жинаған дұрыс. Қажет болса, аталған препаратпен инфекцияның кейбір типтерін емдеу пайдасы күмәнді болғандықтан, сол мекендегі төзімділік деңгейін анықтау үшін осы саладағы маманмен кеңесу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет