«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


- дәріс ДАРА ОСАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ



бет15/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
13- дәріс
ДАРА ОСАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ

Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар диагнозы үшін анамнезде стреске деген шиеленіскен реакцияның қатысуы міндетті болмаса да, оның жарақат кезінде немесе бірден жарақаттан кейін орын алуы болашақта жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар симптомдары дамуының жоғары қаупін білдіреді.


Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың дамуына ықпал етуі мүмкін жағдайлардың қатарын атап өтуге болады:

  1. Оқиғаның субьективті түрде қаншалықты қауіпті деп қабылданды;

  2. Өмірге төнген қауіптің қаншалықты обьективті болды;

  3. Индивид қауіпті оқиғалардың орнына қаншалықты жақын болды (ол дене жарақатын алмаса да, апаттың салдарын, құрбандардың өлі денелерін көруі мүмкін);

  4. Аталмыш оқиға жақын адамдар қаншалықты қатысты, зардап шекті ме, реакциялары қандай болды. Бұл жағдай балалар үшін аса маңызды. Ата-аналары орын алған оқиғаны тым ауыр қабылдап, үрейленсе, бала да өзін қауіпсіз сезіне алмайды.

Тұлға сипаттамалары мен стрестің және аурулардың өзара байланысын анықтауға бағытталған шетелдік зерттеу жұмыстарында қадағалау локусы, психологиялық шыдамдалық және өзін-өзі бағалау сияқты психологиялық қасиеттерге баса назар аударылады.
Жалпы жарақаттаушы стрестің пайда болуына қатысты жеке дара бейімдікті түсіндіретін теориялыр көп. Дж.Ялом жарақаттаушы стрестің барлық психологиялық проблемаларын өлім, еркіндік, оқшаулау және мағынасыздық ұғымдарының тұрғысында қарастыруды ұсынады. Сонымен бірге бесінші ұғым – орын алған барлық жағдайдың ықтималды сипаты ретінде белгісіздік ұғымы да қатысады (Смирнов). Белгісіздік ең ауыр күйзелістерді бірі болып табылады. Адамның өзі және әлеумет жайлы түсініктерінің қалыптасуымен байланысты интеллектілі іс-әрекетінің біршама бөлігі дәл сол белгісіздікті шешуге, заңдылықтарды іздестіруге бағытталады.
Ө л і м ұ ғ ы м ы. Өлім қорқынышы алғаш рет үш жастағы балада пайда болады: ол ұйықтауға қорқып, ата-аналарынан өліп қалмайсыңдар ма деп жиі сұрайды? Кейін бала базалық иллюзиялар түрінде орын алатын психологиялық қорғанысты құрастырады. Ондай иллюзиялардың саны үшеу: дербес өлместігінің иллюзиясы, әділдік иллюзиясы және әлем құрылысының қарапайымдылығы иллюзиясы. Аталмыш иллюзиялар өте тұрақты келеді және балаларда ғана емес, ересектерде де кездеседі.
Е р к і н д і к ұ ғ ы м ы. Кінә сезімі мен ондағы борыш, міндеткерліктер еркіндіктің ең қуатты шектеушілері болып табылады. Өзін-өзі кінәлайтын адамдар өзіндік жоюмен өзін жазалауға тырысады, яғни аутодеструктивті мінез-құлық танытады. Бұл әсіресе жарақаттаушы кінә сезіміне тән. Психологиялық жарақаттанған адамдарда аталмыш сезім үш түрлі үлгіде көрініс береді.
Біріншіден, бұл қиялдан шығарылған күнәлары үшін кінә. Мысалға жақындарының бірі өлім құшқанда адам өзінің қайтыс болған туысына қатысты мінез-құлқын талдай отырып, әрдайым оның көңілін қалдыратын жәйттерді ұмыта алмайды.
Екіншіден, жарақаттық стресті кешірген адамда істегені үшін кінә сезімі туындайды. Жарақаттық жағдайлардың құрбандарын өткен шақтағы әрекеттері үшін кінә сезімі мазалағанда «жауапкершіліктің ауыр сезімінен» зардап шегеді. Олар жағдайды талдай келе басқаша әрекет жасағанда трагедияны болдырмауға болатын еді деген ой мазалайды.
Кінә сезімінің үшінші жарақаттаушы аспектісі бұл - өзі тірі қалып, жанындағы адамның өлім құшқандығынан «кінәлі» болып, «тірі қалғанның кінәсі». Оны «концлагерлер тұтқындарының синдромы» деп те атайды. Тірі қалған адам адам төзгісіз жауапкершіліктің ауыр жүгімен тіршілік етеді.
О қ ш а у л а н у ұ ғ ы м ы. Оқшаулану ұғымы жарақаттық стрестің құрбандарына жақсы таныс: олардың көпшілігі жалғыздықтан, қиындықтан және басқа адамдармен жақын қатынастарды орната алмаудан запа шегеді. Олардың күйзелістерінің, тәжірибелерінің ерекше болғандығы соншалықты, басқа адамдар оларды түсіне алмайды. Сол кезде айналадағы адамдар оған іш пыстыратын, өмірде ештеңені түсіне алмайтындай көрінеді. Сол себептен жарақатты кешірген адамдар бір-біріне тартыла бастайды. Олардың ойынша тек дәл сондай қайғыны кешірген адам ғана оларды түсіне алады.
М а ғ ы н а с ы з д ы қ ұ ғ ы м ы. В.Франкл мәні болса адамның кез келген қайғыға төзе алатындығын сенімді түрде көрсетеді. Психологиялық жарақат тұтқиылдан тап болып, себепсіз болғандықтан мағынасыз жәйт ретінде қабылданады. Ол зардап шеккен адамның жарақаттаушы күйзелістің құр бекер болмағанын түсіндіруге міндеттейді.
Жарақаттық стресті күйзелудің ерекшелігін түсіндіретін келесі тұжырымдама Дж.Келлидің теориясына тиесілі. Келлидің ойынша адам ойлауының процесі полярлы көзқарастардың, конструктілердің қалыптасуының негізінде жүреді, олар:

  1. ажалды – ажалсыз;

  2. заңдылық – кездейсоқтық;

  3. тәуелділік – тәуелсіздік;

  4. өзге адамдармен араласу сезімі – жалғыздық;

  5. мағыналылық – мағынасыздық;

  6. қауіпсіздік – қауіп;

  7. шарасыздық – қуаттылық;

  8. толыққандылық – осалдылық.

Жарақаттаушы стрестік оқиға және оның салдары адам сенімдерінің ақиқатпен шиеленіскен, тұтқиылдан қақтығысуының тәжірибесі. Осыған сәйкес:

  1. тұлғаның базалық сенімдеріне қайшылығы. Олардың қайта қаралуы тіршілікке қауіп ретінде қабылданатынын;

  2. тұтқиылдылықты (обьективті және субьективті);

  3. өткен шақты түзетуге болмайтындығын жарақаттаушы стрестік оқиғаның психологиялық тұрғыдан ең маңызды сипаттамалары ретінде есептеуге болады.

Оқиғаның өзін қоспағанда стрестен кейінгі орта да жарақаттың маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі заманда адамның өлім мен қайғы-қасіретке қатынасын келесі ерекшеліктер сипаттайды:

    1. қашу бетбұрысы;

    2. оларды жалғыздықта кешіреді, өйткені мәдениет, қоғам және орта қолдау көрсетпейді. Мұның барлығы әрине, жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың ағымын және жоғалту реакцияларын күрделендіреді, жарақаттаушы оқиғаның қайта өңделуін қиындатады.

Шиеленіскен кезеңінде жарақат құндылықтардың, сенімдердің, әлем және өзі жайлы түсініктердің бұзылуына ұласады. Ал мұндай жағдайда компенсациялану процесі орын алмағанда адамды өз-өзіне қол жұмсауына итермелеуі мүмкін. Аталмыш апатты компенсациялау ұмтылысы:

  1. құндылықтар мен сенімдердің бұрынғы жүйесін сақтап қалу ұмтылыстары;

  2. жаңа, неғұрлым икемді және өміршең жүйені құру түрінде жүзеге асады.

Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың симптомдары: жарақаттың орын алуы (естеліктер, түстер, қайтара күйзелудің басқа да формалары) және қашу сол бетбұрыстардың сипаттамасын білдіреді. Жарақатты қайта өңдеу процесінің динамикасында төмендегідей кезеңдерді атап көрсетуге болады:

  1. жоққа шығару;

  2. қайтара мағынасын түсінуге тырысу;

  3. қабылдау.

Достық немесе отбасылық жеңіл психологиялық қолдауға мұқтаж компенсацияланған тұлғалар.
Жақындары мен ұжымдағы ортаның достық психологиялық қолдаумен қатар психолог пен психотерапевтің кәсіби араласуын қажет ететін бейімсіздіктің жеңіл түріне шалдыққан тұлғалар. Олардың психофизикалық тепе-теңдігі (физикалық, ой немесе эмоциялы сфераларда) бұзылады, эмоциялы қозғыштық, даукестік, қорқыныштар және ішкі үйлесімсіздіктің белгілері байқалуы мүмкін. Бейімделу процесі бұзылғанымен, нақты жағдайларда қиыншылықсыз орнығады.
Көмектің барлық түрлеріне, соның ішінде жағдайының фармакологиялық түзетілуіне мұқтаж бейімсіздіктің орта дәрежесіне шалдыққан тұлғалар. Психофизикалық тепе-теңдігі барлық сфераларда айқын бұзылған, шеткі деңгейде психикалық ауытқулары бар: қорқыныштың, айқын мазасыздықтың немесе агрессивтіліктің, оғаш жағдайлардың тұрақты сезімі байқалады. Физикалық тұрғыда ол адамдар жарақаттардың немесе жаралардың нәтижесінде күйзелуі мүмкін.
Барлық сфераларды қамтып, ұзақ мерзімді емдеуді және қалпына келтіруді қажет ететін бейімсіздіктің ауыр дәрежесіне ие тұлғалар. Ол психиатрдың көмегін қажет ететін психикалық жағдайдың айқын бұзылыстары болуы мүмкін; инвалидизацияға әкелетін және толымсыздық кешенінің, депрессияның, суицидтік ойлардың дамуына ұласатын дене жарақаттары немесе шығу тегі күрделі психосоматикалық бұзылыстар болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет