«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


Тікелей оқиға кезінде (апат, табиғи бақытсыздық және т.б.)



бет12/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Тікелей оқиға кезінде (апат, табиғи бақытсыздық және т.б.)

Қаупті оқиға аяқталған соң
құтқару жұмыстарын жүргізуде

Төтенше жағдайлардың шалғай аудандарында

Оқиғаның ерекшеліктері

Төтенше жағдайдың қарқындылығы



«Екінші реттегі психогениялар




Төтенше жағдайдың ұзақтығы







Төтенше жағдайдың тұтқиылдығы

Жеке дара реакциялар

Адамның соматикалық күйі




Адамның жас ерекшелігі

Адамның Төтенше жағдайға даярлығы

Жағдайдың дара бағалануы мен қабыладануы

Тұлғалық ерекшеліктері

Әлеуметтік және ұйымдастырушы факторлар

Хабардарлылығы



Әлеуметтік құрылымы

Құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуы

Компенсациялар

«ұжымдық мінез-құлық»

Әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек




Адамның соматикалық күйі

Реабилитация



11- дәріс
Жан жарақатынан кейінгі стресстік бұзылыс: модельдері және айқындалуы

Төтенше (экстремалды) жағдайлар ең алдымен адамда жарақаттаушы стрестің туындауына себепкер болатын оның психикасына зор қуатты ықпал етуімен ерекшелінеді. Жарақаттаушы стресстің психологиялық салдары шеткі көріністерінде өмірге немесе денсаулыққа күрделі қауіппен қатар жүретін созылмалы немесе жағдайға қатысты уақыты бойынша кешіккен реакция ретінде туындайтын жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар көрінісінде анықталады.


Жарақаттан кейінгі патологиялар шеңберінде авторлардың көпшілігі симптомдардың негізгі үш тобын атап көрсетеді, олар:

  1. Мөлшерден тыс қозу (вегетативті лабильділікті, ұйқының бұзылуын, мазасыздықты, ұмытылмайтын естеліктерді, жағдайлардан фобиялы қашуды қосқанда);

  2. Депрессивті көңіл-күйдің жиілікпен ұшығуы (сезімдердің мұқалуы, эмоциялы қозғалыссыздық, торығу, шарасыздықты сезіну);

  3. Истериялы жауап беру бітістері (талмалар, соқырлық, мылқаулық, жүйкелік дірілдер).

Адам көңіл-күйінің көріністері — сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана — психика дамуының ең жоғары дәрежедегі сатысы. Кез келген психикалык процесті (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау т. б.) адам санасының жемісі дейміз. Солай болғандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердін, бәрі де сана арқылы реттеліп отырады.
Стрестің физиологиялық негізі — американдық физиолог У. Кеннонның (1871 —1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні — ішкі организм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Қанада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы женіндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік — эмоциялық жағдайын шиеленістіреді.
Аффектінің қазіргі кездегі ең танымал түрі стресс деп аталады. Ол адамның жүйке жүйесіне эмоциялы артық жүктеме түскенде пайда болатын тым қуатты және ұзақ мерзімді психологиялық күй. Стресстер жиілеп ұзаққа созылса, адамның психологиялық күйі мен денсаулығына да кері әсер етеді. Олар жүрек және асқазан-ішек ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады. Ғылыми мәліметтер бойынша, стресстің жағымсыз әсерінен ада өлімі көбеюде.Стресстің сипаттамасында стресс және дистресс деген ұғымдар қолданылады. Ағылшын тілінен аударғанда стресс – қысым, ал дистресс – қайғы. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді, Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, әмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.
Адамның эндокринді жүйесінің өзгерістерінде физиологиялық тұрғыда анықталатын эмоциялы қысым стресс факторларының бірі болып табылады. Мәселен, клиникадағы экспериментті зерттеулер бойынша үнемі жүйке қысымында болатын адамдардың жұқпалы ауруларды ауыр кешеді екен. Мұндай жағдайда білігті психологтың көмегі қажет.
Психикалық стресстің негізгі сипаттамалары:

  1. стресс ағзаның күйі ретінде, оның ортамен өзара әрекеттестігін болжайды;

  2. стресс – үйреншікті мотивациялық күйге қарағанда едәуір үлкен қысым тудыратын күй.

  3. стресс құбылыстары қалыпты бейімделу реакциясы жетіспегенде пайда болады.

Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латыншадан аударғанда — көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін күтпеген келеңсіз жағдайларға кездескенде, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі, яғни фрустрация, қысым, мазасыздық ретінде күйзледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Ол да стресске жақын жақын күй. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады.
Стрес табиғаты бойныша эмоциялы және ақпаратты деп бөлінеді. Егер эмоциялы стресс физиологиялық және эмоциялы жүктемелерге байланысты болса, ақпаратты стресс – ақпараттың әрқилы ағымдарын жеңе алмауымен байланысты.
Кейбір жағдайларда стресс адамның еңбекқорлығына жағымды ықпал етуі мүмкін. Мәселен, шығармашылық іс-әрекеттің кейбір жағдайларында, спортта тұлға іс-әрекетпен қосарлана жүретін және: сергектіктен қуанышқа дейінгі ерекше түйсіктерді тудыратын эмоциялы стессті кешіреді.
Стресстің жағымсыз салдары:

    1. жалғыз ғана ұйғарымға көңіл қою. Стресс адамның бірнеше ұйғарымның бірін таңдауын қиындатып, мінез-құлқы мен ойлауындағы қатаңдықты көрсетеді;

    2. Қарсыласын қабылдауының, оның мүмкіншіліктерінің қарапайымдалуы. Стресс әлемнің ақ қарасын тануды күйшейтіп, адам орынды жауап беру қабілетінен айырылады;

    3. Шаршау;

    4. Уақыт ағымы шектеліп, болашаққа көңілдің бөлінбеуі. Стресс жағдайындағы зейін көбінде ең қауіпті ситуацияға ғана шоғарланады. Ол ситуацияның шешімі табылғанға дейін болашақ еш қызықтырмайды;

    5. Шешімнің салдарына деген жауапкершілік сезімінің төмендеуі Адамның өз әрекетінің нәтижелерінің нашарлауына қарсыласының әрекеттері немесе сыртқы жағдай себепкер деп есептегені бұрыс шешім үшін өзінің кінасын мойындалуына мүмкіндік береді.

    6. Стресс адамның мінез-құлқын, әсіресе сөйлеу қабілетін өзгертеді. Сонымен бірге стресс ым-ишараның өзгеруіне де әкеледі. Стресс жағдайында адамның денесі қысылып, құрысады.

Жарақаттық стресс бұл – тегі ерешк күйзеліс, адам мен қоршаған әлемнің ерекше өзара әрекеттестігінің нәтижесі. Бұл оғаш жағдайларға деген адамның қалыпты реакциясы, үйреншікті тәжірибенің шеңберінен тыс дүниені кешірген аламның жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет