«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


дәріс Экстремалды жағдайлар кезіндегі адамдардың психологиялық жарақатқа ұшыраудың ғылыми – теориялық негіздері



бет2/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

дәріс

Экстремалды жағдайлар кезіндегі адамдардың психологиялық жарақатқа ұшыраудың ғылыми – теориялық негіздері.

Жан жарақатынан кейінгі стрестік бұзылыстар жайлы қазіргі заманғы түсініктер тек 1980 жылы қалыптасқанымен, жарақаттаушы ықпалдар жайлы ақпарат ғасырлар бойы тіркеліп отырған.


Орын алған апаттың нәтижесінде дамитын бұзылыстар («әдеттегі» психогендік күйлерге қарағанда) бұрын да сипатталып, диагностикаланған болатын. Мәселен 1867 жылдың өзінде-ақ Ж.Е.Еришен темір жолдарындағы апаттарды кешірген адамдардың психикалық ауытқуларын сипаттаған «Жүйке жүйесінің темір жолдағы және басқа да жарақаттары» атты еңбегін жариялайды. 1888 жылы Г.Оппенхайм жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың көптеген симптомдарын сипаттайтын кеңінен танымал «жарақаттаушы невроз» ұғымын тәжірибеге енгізеді (Смулевич, Ротштейн).
П.В.Каменченконың пікірі бойынша апаттардың қазіргі заманғы барлық психиатриясының негізіне айналған швед зерттеушісі Е.Штирлиннің еңбектері ерекше бағалы. Оған кеңестік кезеңдегі зерттеулері де, атап айтқанда 1927 жылғы қрымдық жер сілкінісінің салдарын зерттеу жұмысының да қосқан үлесі зор болды (Брусиловский және басқалар).
Аталмыш проблемаға арналған еңбектердің көпшілігі әскери қақтығыстардың салдарынан кейін пайда болады (Краснянский, Морозов). Мәселен, басты зерттеу жұмыстары Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Е.Крепелин жарақаттық неврозды сипаттай келе алғаш рет ауыр психикалық жарақттардан кейін тұрақты әрі уақыт өткен сайын күшейіп отыратын бұзылыстардың кездесетінін көрсетеді. Кейінірек Майерс «Франциядағы 1914-1919 жж.артиллериялық шок» атты еңбегінде «снарядтың жарылысынан кейінгі контузиядан» туындайтын неврологиялық бұзылыс пен «снарядтық шоктың» арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Снарядтың жарылысынан алынған контузияны ол дене жарақатынан туындаған неврологиялық күй ретінде қарастырса, «снарядтық шокты» Майерс қуатты стрестен пайда болатын психикалық күй ретінде анықтайды. Соғыс әрекеттеріне қатысумен шартталған реакциялар Екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде жүргізілген зерттеулердің тақырыбына айналады. Аталмыш құбылысты әртүрлі авторлар «әскери шаршау», «соғыстан қажу», «әскери невроз», «жарақаттан кейінгі невроз» деп әртекті атайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аталмыш проблема бойынша орыс психиатрлары В.Е.Галенко, Э.М.Залкинд, М.В.Соловьева және т.б.белсенді жұмыс жасайды.
1941 жылы А.Кардинер алғашқы жүйеленген зерттеу жұмыстарының бірінде аталмыш құбылысты «созылмалы әскери невроз» деп атайды. Ол Фрейдтің идеяларын негізге ала отырып, өзінің дербес көзқарасы бойынша қоршаған әлемге сәтті бейімделуді қамтамасыз ететін тұлғалық қызметтер қатары бұзылыстарының себебі болып табылатын «орталық физионевроз» ұғымын енгізеді. Кардинердің пікірінше әскери невроз физиологиялық әрі психологиялық табиғатқа ие. Ол алғаш рет симптоматиканың кешенді сипаттамасын береді:

  1. қозғыштық және ашушаңдық;

  2. тұтқиылдан пайда болған тітіркендіргештерге жауап берудің ұстамсыз типі;

  3. жарақаттаушы оқиға жағдайларына тұрақтап қалу;

  4. ақиқаттан қашу;

  5. басқарылмайтын агрессивті реакцияларға бейімділік.

Бұзылыстардың аталмыш типі концентрациялық лагерлерде қамауда болған адамдарда және әскери тұтқындарда да байқалады (Етингер, Шторм).
Кеңестік және ресейлік психиатрияда аталмыш проблемаға қатысты жаңадан қызығушылық ол елді соңғы он жылдықтарда жайлаған табиғи, техногендік апаттарға, әскери қақтығыстарға байланысты туындайды. Әсіресе Чернобыльдық АЭС-тегі апаттың және Армениядағы жер сілкінісінің зардабтары аса ауыр болды.
Вьетнамдағы соғыс американдық психиатрлар мен психологтардың зерттеу жұмыстары үшін зор түрткі болды. 70 жылдардың соңында олар соғысқа қатысушылардың психопатологиялық және тұлғалық бұзылыстары жайында қомақты материал жинақтайды. Оған ұқсас симптоматика психогенді ықпалының ауыртпалығы бойынша жақын басқа да ситуацияларда зардап шеккен адамдарда да анықталды. Соған байланысты аталмыш симптомокомплекс жалпыға бірдей қабылданған нозологиялық нормалардың біреуіне де сәйкес келмейді. 1980 жылы М.Горовиц оған «жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар» деген атау беріп, оны дербес синдром ретінде қарастыруды ұсынады. Кейінірек М.Горовицтің басшылығымен авторлар тобы психикалық аурулардың алғашында американдық топтастырылуына, кейінірек (еш өзгеріссіз) - МКБ-10 үшін қабылданған жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың диагностикалық өлшемдерін құрастырады (Смулевич, Ротштейн).
1980 жылдары жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстар синдромына арналған зерттеу жұмыстары одан ары кеңейе бастады. Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың дамуы мен әртүрлі аспектілерін нақтылау мақсатында АҚШ-та көптеген зерттеу жұмыстары жасалынады. Олардың ішінде Эгендорфтың мен Боуландердің авторлар серіктестерімен жасалынған еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Олардың біріншісі вьетнамдық ардагерлер мен олардың соғысқа қатыспаған замандастарының арасындағы бейімделу процесінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға, екіншісі – сол контингенттің стреске қатысты туындаған кеш реакциясының ерекшеліктерін зерттеуге арналады. Ол зерттеулердің нәтижелері маңызын әлі де жоғалтқан жоқ. Халықаралық зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындылары әскери этиологиядағыжарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың даму ерекшеліктерімен қатар геноцид, басқа да қайғылы оқиғалар құрбандарындағы стрестің салдарын немесе тұлғаны қорлау жағдайларын зерттеу нәтижелері де келтірілген «Жарақат және оның салдары» атты екі томдық ұжымдық монографияда жалпыланады.
1988 жылы вьетнамдық соғыс ардагерлерінің соғыстан кейін бейімделулерінің әртүрлі аспектілерінің жалпы ұлттық ретестілік зерттеу жұмыстарының нәтижелері де жарияланады (Кулька және басқалар). Аталмыш еңбектер жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың табиғаты мен диагностикасына байланысты көптеген мәселелерді нақтылауға мүмкіндік берді.
Табиғи және индустриалды апаттарды кешіруден туындаған стрестен кейінгі күйлерді жүйелі зерттеулердің бастамасын өткен ғасырдың 50-60 жж.жатқызуға болады. Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың орын алғандығын анықтайтын апаттардың салдары жөніндегі еңбектердің саны соғыс әрекеттеріне қатысқан ардагерлермен жүргізілген зерттеу жұмыстарының санына қарағанда анағұрлым аз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет