Биологиялық - әлеуметтік сипаттағы экстремалды жағдайлар.
Құмар ойындары. Аталмыш экстремалды жағдай үшін қорғанудың ең дұрыс жолы – оқиғаның басталуына дейін одан қашу қажет.
Ішкілік. Ішкілікке салынған адам ауру екенін түсінген соң оны жеңіске балап, ары қарай әрекет ету қажет.
Тұтқындалу және камерадағы әрекет. Тұтқындалуға мүмкіндігінше алдын ала даярлану қажет:
Көшедегі атыс.
Төбелес.
Орманда адасып кетсеңіз төмендегіше әрекет ету қажет:
Ұшақта жасалынған шабуыл.
Қабаған ит.
Зорлау.
Қалтаға ұру түсу жағдайы.
Пәтерге ұру түсу.
Лифтідегі шабуыл.
Алаяқтық.
Нашақорлық.
Пәтердің тоналуы.
Масаю.
Қарақшылық.
Сатушының өзін-өзі қорғауы.
Тобыр.
Адамның суға батуы.
Көлікті айдап әкету.
Телефонмен қорқыту.
Балаға көрсетілетін көмек.
Жыныстық зорлық.
10- дәріс
Экстремалды жағдайларда байқалатын психогендік бұзылыстар.
Апаттар мен табиғи бақытсыздықтар кезінде жүйке-психикалық бұзылыстар дезадаптация күйі мен невротикалық, невроз тектес реакциялардан реактивті психозадарға дейін кең ауқымда көрініс береді. Олардың ауыртпалылығы: адамның жасы, жынысы, бастапқы әлеуметтік бейімделу деңгейі; жеке дара мінез-құлық ерекшеліктері; апат кезіндегі қосымша күрделі факторлар (жалғыздық, ауру туыстары, жеке басының шарасыздығы, жүктілік, ауру және т.б.) сияқты көптеген жағдайларға байланысты болады.
Өмірге қауіпті жағдайларда туындайтын әртекті жағымсыз факторлардың адамның психикалық іс-әрекетіне жарақаттаушы ықпалы патологиялық емес психоэмоциялы (белгілі бір дәрежеде физиологиялық) реакциялар және патологиялық күйлер – психогениялар (реактивті күйлер) деп жіктеледі.Біріншілеріне реакцияның психологиялық түсініктілігі, оның тікелей жағдайға байланысты болуы және аса ұзақ болмауы. Патологиялық емес реакцияларда әдетте адамның еңбекке қабілеттілігі (төмендетілген болса да), айналасындағылармен араласу мүмкіндігі және мінез-құлқын сын тұрғысынан талдау қабілеті сақталады.
Патологиялық емес реакцияларға қарағанда патологиялық – психогенді бұзылыстар адамның қатардан шығарып тастайтын, оны өзге адамдармен өнімді араласу ықтималдылығынан және мақсатты әрекеттерге деген қабілетінен айыратын ауыр күйлер болып табылады. Бірқатар жағдайларда сана бұзылыстары орын алуы мүмкін, психотикалық бұзылыстардың кең шеңберімен қатар жүретін психопатологиялық бұзылыстар кездесіп жатады.
Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын неғұрлым жиі орын алатын психогендік бұзылыстарды – патологиялық емес (физиологиялық) реакциялар, патологиялық реакциялар, невротикалық күйлер мен реактивті психоздар деп төрт топқа біріктіреді.
Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын психогендік бұзылыстар (Александровский).
Достарыңызбен бөлісу: |