«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


Реакциялар және психогендік бұзылыстар



бет11/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

Реакциялар және психогендік бұзылыстар

Клиникалық ерекшеліктері

патологиялық емес (физиологиялық) реакциялар

Эмоциялы қысымның, психомоторлы, психовегетативті, гипотимдік, көріністердің басымдылығы, орын алған жағдайдың сын тұрғысынан бағалануы және мақсатты іс-әрекетке қабілеттің сақталуы

Психогенді патологиялық реакциялар

Бұзылыстардың невротикалық деңгейі – шиеленісіп пайда болған астеникалық, депрессивті, истериялы және басқа да синдромдар, орын алған жағдайды сын тұрғысынан бағалау және мақсатты әрекет ету мүмкіндіктерінің төмендеуі

Психогенді патологиялық реакциялар

Тұрақталған және күрделенген невротикалық бұзылыстар – неврастения (қажу неврозы, астениялық невроз), истериялы невроз, тұрақты күйлер неврозы, депрессивті невроз, кейбір жағдайларда орын алған жағдайды сын тұрғысынан түсінуден және мақсатты әрекет ету мүмкіндіктерінен айырылу

Реактивті психоздар

Шиеленіскен

Шиеленіскен аффективті – шоктық күйлер, сананың бұлыңғыр күйі, қозғалыстың артуы немесе баяулауы




Созылмалы

Депрессивті, параноидтық, жалған, истериялық және басқа да психоздар

Адамның мінез – құлқы тұтқиялдан тап болған экстремалды жағдайларда адамның өзін - өзі сақтауына қажет физикалық және психикалық күйін шұғыл іске қосуға ықпал ететіндіктен физиологиялық тұрғыда белгілі бір шектерге дейін қалыпты деп саналатын қорқыныш эмоциясымен анықталады. Адам қорқынышына сын тұрғысынан қарау қабілетін жоғалтқанда әртүрлі психотикалық бұзылыстар (реактивті психоздар, аффективті – шоктық реакциялар), сондай – ақ үрей пайда қалыптасады.
Экстремалды жағдайларды кешірген адамдардың бойынан табылатын аталған невротикалық бұзылыстармн қатар мінез акцентуациялары мен психопатиялық тұлғалық бітістерінің декомпенсациясы да орын алады. Бұнда жеке дара мәні бар психологиялық жарақаттаушы жағдай мен әрбір адамның экстремалды жағдайларға дейінгі жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен тұлғалық ұстанымдары да маңызды. Адам тұлғасының ерекшеліктері маңызды патопластикалық рөлді атқарып, невротикалық реакцияларға өз ізін қалдырады.
Төтенше жағдайлар кезіндегі психогенді бұзылыстардың дамуы мен компенсациясының барлық кезеңдері: жағдайдың ерекшелігі, орын алған жағдайға жеке дара жауап беру, әлеуметтік және ұйымдастырушы іс – шаралар сияқты факторлардың үш тобына байланысты болады. Алайда жағдайдың дамуы кезеңдерінде аталмыш факторлардың мәні біртекті болмайды. Уақыт өткен сайын төтенше жағдайдың сипаты мен зардап шеккендердің даралық ерекшеліктері мәнін жоғалтып, керісінше медициналық көмектен басқа, әлеуметтік – психологиялық жәрдем мен ұйымдастырушы факторлардың маңызы арта бастайды.
Төтенше жағдайлар кезіндегі психогенді бұзылыстардың дамуы мен компенсациясына ықпал ететін негізгі факторларды төмендегіше топтастыруға болады.


Төтенше жағдайлар кезіндегі психогенді бұзылыстардың дамуы мен компенсациясына ықпал ететін негізгі факторлар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет