«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер



бет14/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

Когнитивті модельдің шеңберіндегі жарақаттаушы оқиғалар бұл – адамның әлем және өзі жайлы негізгі түсініктер жоюшылар. Стреске деген патологиялық реакция бұл – сол базалық түсініктердің құнсыздануына қатысты бейімсіз жауап.
Аталмыш түсініктер онтегенез барысында қалыптасып, қауіпсіздік қажеттігін қанағаттандырумен байланысты болып, Мен-теориясын құрайды. Қуатты стресс жағдайында Мен теориясы коллапсқа ұшырайды (толықсиды). Мен теориясының коллапсы – стрестік ықпалдың бейімсіз салдары болса да ол өздігінен бейімді болуы мүмкін. өйткені Мен жүйесінің неғұрлым тиімді қайта құрылуына мүмкіндік береді.
Жарақаттың бейімсіз шешімі қорқыгыштың, ашудың туындауын, жарақаттың қайтара көрініс беруін қамтиды. Жарақаттың бейімсіз шешімі когнитивті сызбалардың икемсіздігі мен реттелмеуінде. Аталмыш модель бұзылыстың этиологиясын, патогенезін және симптоматикасын неғұрлым толыққанды түсіндіреді, өйткені генетикалық, когнитивті, эмоциялы және мінез-құлық факторларын да қатарынан бірдей ескереді.
Психофизиологиялық модельдің шеңберінде жарақатқа реакция – ұзақ мерзімді физиологиялық өзгерістердің нәтижесі. Жарақатқа реакцияның вариабельділігі темпераментпен шартталады. Қазіргі заманғы мәліметтер бойынша (Колб, Ван дер Колк) стрестік ықпалдың әсерінен норэпинэфриннің айналымы артып, плазмалық катехламин, ацетлхоллин деңгейі артады, бас миында норадреналин, допамин, серотонин деңгейлерінің төмендейді, эндогенді опиоидтармен жанамаланған ауырсынуды басу эффектісі пайда болады.
Бас миында норадреналин, допамин деңгейінің төмендеуі психикалық мелшию күйімен айқасады. Көптеген авторлардың (Лифтон, Горовиц) ойынша аталмыш күй стреске жауап беру синдромында негізгі болып табылатындығын айтады. Эндогенді опиоидтармен жанамаланған ауырсынуды басу эффектісі опиоидты тәуелділікті тудырып, зақымдаушы оқиғаға ұқсас жағдайларды талап етіп трады. Серотониннің төмендеуі мінез-құлықтың жалғасуына кедергі келтіретін жүйенің қызметін ингибациялап, бастапқы стресорлармен байланысты стимулдарға қатысты шартты реакцияның туындауына әкеледі. Гиппокамп қызметінің тежелуі арнайы жарақаттаушы тәжірибге қатысты амнезияның себепшісі болуы мүмкін (Ван дер Колк және басқалар).
Жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстардың осы тектес көріністерін түсіндіру үшін патологиялық ассоциативті эмоциялы байланыстардың теориясы ұсынылған болатын (Питман). Эмоциялы күйлердің дамуын қамтитын естегі айрықша ақпараттық құрылым, - «желі» - үш компоненттен тұрады, олар:

  • сыртқы оқиғалар, сондай-ақ олардың көрініс берулерінің шарттары жайында ақпарат;

  • сөйлеу компонентерін, қозғалыс актілерін, висцералды және соматикалық реакцияларды қамтитын сол оқиғаларға реакция жайлы ақпарат;

  • стимулдардың мағыналы бағалануы мен жауап беру актілері жайындағы ақпар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет