«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


- дәріс Психолгогтар үшін алғашқы көмек көрсету ережелері



бет7/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

7- дәріс
Психолгогтар үшін алғашқы көмек көрсету ережелері



  1. Дағдарыс жағдайында зардап шеккен адам әрдайым психикалық қозу күйінде болады. Бұл қалыпты жағдай. Қозудың орташа деңгейі қалыпты болып табылады. Пациентке бірден терапиядан не күтетініңізді және проблема жөніндегі жұмыстың қаншалықты ұзақ болатынын айтыңыз. Жетістікке бағытталған үміт үмітсіздік қорқынышынан жақсырақ.

  2. Бірден әрекеттерге көшпеңіз. Жан-жағыңызға қарап, (психологиялық көмектен басқа) қандай көмектің қажет екендігін және зардап шеккен адамдардың қайсысының барынша көмекке мұқтаж екендігін анықтап алыңыз. Зардап шеккен адам біреу ғана болса оған отыз секунд, ал одан көп болса бес минут шамасында уақыт бөліңіз.

  3. Өзіңіздің кім екендігіңізді және қандай қызметтерді атқаратындығыңызды нақты айтыңыз. Көмекке мұқтаж адамдардың есмдерін біліп алыңыз. Зардап шеккен адамдарға тез арада оларға көмек көрсетілетінін, өзіңіздің ол турасында шара қолданғаныңызды айтыңыз.

  4. Ешқашан зардап шегушіні кінәламаңыз. Ол тап болған жағдайда көмек көрсету үшін қандай шараларды қолдану талап етілетінін айтып беріңіз.

  5. Кәсіби біліктілік адамды тыныштандырады. Өзіңіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңіз жайлы айтып беріңіз.

  6. Зардап шегушіге өзінің дербес біліктілігіне сенім артуына ықпал етіңіз. Оның қолынан келетін тапсырма беріңіз. Оның жеке басының қабілеттеріне сенімділік танытуы үшін, зардап шегушінің өзін-өзі қадағалау сезімі туындауы үшін аталмыш амалды қолданыңыз.

  7. Зардап шеккен адамның шер тарқатуына мүмкіндік беріңіз. Оны зейін қойып тыңдаңыз, оның сезімдері мен ойларына абай болыңыз. Жағымды нәрсені әңгімелеп беріңіз.

  8. Зардап шеккен адамға оның жанында қалатындығыңызды айтыңыз. Егер бір сәтке немесе басқа жаққа кету қажет болса, онда орынбасар тауып, зардап шегушіге қажет шаралар жөнінде нұсқау беріңіз.

  9. Көмек көрсету үшін зардап шеккен адамның жақын ортасынан адамдарды тартыңыз. Оларға нұсқаулар беріп, қарапайым тапсырмаларды ұсыныңыз. Кімнің болса да кінә сезімінін тудыруы мүмкін сөздерден абай болыңыз.

  10. Зардап шеккен адамды мөлшерден тыс назар мен сұрақтардан сақтаңыз. Қызыққұмарларға нақты тапсырмаларды беріп, жұмсаңыз.

  11. Стресс психологқа да жағымсыз әсер етуі мүмкін. Осындай жұмыс барысында туындайтын қысымды релаксациялық жаттығулар мен кәсіби супервизияның көмегімен жеңілдеткен орынды. Супервизиялар тобын сауатты даярланған модератор жүргізуі тиіс.

Шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асырғанда табиғи апаттар мен ауыртпалықтар құрбандарының экстремалды жағдайдан туындайтын төмендегідей факторлардан зиян шегетіндерін ұмытпаған жөн:

    1. Тұтқиылдылық. Апаттар құрбандарды ескерте келмейді – мәселен, біртіндеп сынамалы кезеңге жақындай беретін тасқындар немесе боран. Оқиға неғұрлым тұтқиылдан тап берсе, соғұрлым ол құрбандар үшін жойқын ықпал етеді.

    2. Сәйкес тәжірибенің болмауы. Бақытымызға қарай апаттар мен ауыртпалықтар сирек орын алатындықтан – адамдар оларды стресс кезінде кешіруге үйренеді.

    3. Ұзақтығы. Аталмыш фактор жағдайға қарай өзгеріп отырады. Мәселен, біртіндеп күшейіп келе жатқан тасқын дәл сол қарқынмен әлсіреуі мүмкін, ал жер сілкінісі бірнеше секундқа ғана ұласып, одан да зор шығындарға әкелуі мүмкін. Дегенмен, кейбір ұзақ мерзімді экстремалды жағдайлар (мәселен, тікұшақтың айдалып әкетілуінде) құрбандарындағы жарақаттық эффектілер күн сайын артуы да мүмкін.

    4. Бақылаудың жеткіліксіздігі. Апат жағдайында ешкім оқиғалардың барысын қадағалай алмайды; адам күнделікті өмірдің үйреншікті жағдайларын қадағалай бастағанша біраз уақыт өтуі мүмкін. Егер де бақылаудан айрылу қаупі сол күйінше ұзақ сақталынса, білікті, тәуелсіз кадамдардың өзінде де «жаттанды шарасыздықтың» белгілері байқалуы мүмкін.

    5. Қайғы мен айырылу. Апаттар құрбандары сүйіктілерінен немесе жақындарының бірінен айырылуы мүмкін; ең қиыны бұл – барлық ықтималды айырылу жөнінде хабар күту жағдайы. Сонымен бірге құрбан аппаттың арқасында өзінің рөлін немесе позициясынан айырылуы мүмкін. Ұзақ мерзімді жарақаттық оқиғалар жағдайында адам жоғалтқандарын қайта табудың бүкіл үмітінен айырылуы мүмкін.

    6. Тұрақты өзгерістер. Апаттың қиратқандарын қалпына келтіруге болмауы мүмкін: құрбан мүлде жаңа әрі өшпенді жағдайларға тап болуы мүмкін.

    7. Өлім экспозициясы. Өмірге қауіп төндіретін аздаған жағдайлардың өзі де адамның тұлғалық құрылымы мен оның «танымдық картасын» өзгертуі мүмкін. Өліммен қайталанбалы кездесулер реттеуші деңгейдегі терең өзгерістерге әкелуі мүмкін. Өліммен қатты жақындасқанда ауыр экзистенциялы дағдарыс орын алуы мүмкін.

    8. Моральды сенімсіздік. Апат құрбандарының өмірді өзгертуі мүмкін құндылықтар жүйесіне қатысты шешімдерді (мәселен, кімді құтқаруға болады, қаншалықты тәуекел етуге болады, кінәны кімнің бойынан іздеу қажет) қабылдауға тура келуі мүмкін.

    9. Оқиға орнындағы мінез-құлық. Әркім қиын жағдайда жақсы көрінгісі келгенімен, ол барлығының қолынан келе бермейді. Адамның апат жағдайында жасағандары немесе жасамағандары оны басқа жарақаттар жазылған күннің өзінде де ұзақ уақыт бойында мазалауы мүмкін.

    10. Апат салдарының ауқымы. Апаттан кейін оны басынан кешірген адам айналасы мен әлеуметтік құрылымына шеккізген зиянын көріп таң қалар. Мәдени нормалардың өзгеруі адамның оларға бейімделуіне немесе сырт қалуына міндеттейді; соңғы жағдайда эмоциялы зиян әлеуметтік бейімсіздікке ұласуы мүмкін.

Қауіпті жағдайларда дамыған психогенді факторлардың динамикасы жайлы мәселе де маңызды болуы мүмкін. Оған арнайы зерттеу жұмыстарының біршама бөлігі арналған. Психикалық денсаулықты сақтаудың ұлттық институтына (АҚШ) жүргізілген жұмыстарға сәйкес апаттар кезіндегі психикалық реакциялар: ерлік, «бал айы», түңілу және қалпына келу деп төрт кезеңге бөлінеді.

  1. Ерлік кезеңі дәл апат жағдайында орын алып, бірнеше сағатқа созылады. Оған адамдарға көмектесу, құтқарылу және тірі қалу тілектерінен туындаған альтруизм, ерлік мінез-құлық тән. Орын алған жағдайды жеңу мүмкіндігі жайлы жалған болжамдар дәл осы кезеңде орын алады.

  2. «Бал айы» кезеңі апаттан кейін орын алып, бір аптадан үш-алты айға созылуы мүмкін. Тірі қалғандар барлық қауіп-қатерді жеңіп, аман қалғандары үшін зор мақтаныш сезімін кешіреді. Апаттың аталмыш кезеңінде зардап шеккендер барлық қиындықтар мен проблемалардың шешілетініне сеніп, үміттенеді.

  3. Түңілу кезеңі екі айдан бір-екі жылға созылуы мүмкін. Үміттердің ақталмауының салдарынан түңілу, ашу, наразылық және қайғы сезімдері туындайды.

  4. Қалпына келу кезеңі апаттан аман қалған адамдардың өз беттерінше тұрмыстарын реттеп, туындаған проблемаларды шешулері тиіс екендігін сезіне бастағанда және сол міндеттерді шешу жауапкершілігін мойындарына жүктегенде іске қосылады.

Жарақаттаушы жағдайлардан кейін адамдар күйінің динамикасындағы жүйелі кезеңдер мен сатылардың келесі топтамасы Решетников пен басқалардың еңбегінде ұсынылады:

  1. «Терең эмоциялы шок». Мелшиіп қатып қалу күйінен кейін дамып, үштен бес сағатқа дейін созылады; жалпы психикалық қысыммен, психфизиологиялық қорлардың жоғары дәрежеде іске қосылуымен, қабылдаудың асқынуымен және ой процестер жылдамдығының артуымен, жағдайдың сын тұрғысынан бағалануының төмендеуімен қатар ессіз ерліктітің көріністерімен (әсіресе жақындарын құтаруда), бірақ орынды іс-әрекетке қабілеттілікті сақтап қалумен сипатталады. Эмоциялы күйде бұл кезеңде бастың айналуымен және ауыруымен, жүрек соғысының артуымен, ауыздың құрғауымен, шөл мен дем алысының қиындауымен қатар жүретін торығу сезімі басым болады. Жағдайдың нашарлауын субьективті бағалауда тексерілгендердің 30 пайызында еңбекке қабілеттіліктің 1,5-2 есе артқандығы байқалады.

  2. «Психофизиологиялық демобилизация». Үш күнге дейін созылады. Тексерушілердің көпшілігі үшін аталмыш кезеңнің басталуы жарақат алғандармен және опат болғандардың денесімен алғашқы жанасумен, қайғы ауқымын сезінумен («сезіну стрессы») байланысты болады.

  3. «Шешімін табу кезеңі» - апат ауыртпалығынан кейін 3-12 күндері. Субьективті бағалау мәліметтері бойынша адамның көңіл-күйі мен жалпы жағдайы біртіндеп реттеле бастайды. Алайда тексерілген адамдардың көпшілігінің нәтижелері бойынша оларда төмендетілген эмоциялы фон, айналасындағылармен қатынастардың шектеулілігі, гипомимия (бет әлпеттің бет перде тәрізді болуы), сөйлеу тілінің интонациялық бояуының төмендеуі, қозғалыстардың баяулылығы сақталады.

    1. «Қалпына келу кезеңі». Шамамен апаттан кейінгі он екінші күннен басталады және мінез-құлық реакцияларында анағұрлым айқын көрініс береді; тұлғааралық қарым-қатынас белсендіріледі, сөйлеу-тілінің және мимикалық реакциялардың эмоциялы бояуы қалпына келе бастайды, апаттан кейін алғашқы рет айналадағы адамдардың эмоциялы жауабын тудырар қалжыңдар байқалуы мүмкін, қалыпты түс көру жағдайлары орын алады. Келесі топтастыру үш кезеңді көрсетеді (Александросвский және басқалар):

  1. Қауіп мен мазасыздық сезімін қамтитын әсералды кезеңі. Аталмыш фаза әдетте сейсмикалық қауіпті аудандар мен борандар мен тасқындар жиі орын алатын аймақтарда байқалады; көп жағдайда қатерге жете назар аударылмайды немесе байқалмайды.

  2. Әсер ету фазасы апаттық жағдайдың басынан бастап құтқару жұмыстары жүргізілгенге дейінгі аралықты қамтиды. Аталмыш кезеңде қорқыныш басым эмоция болып табылады. Әсер аяқталысымен белсенділіктің артуы, өзіндік және өзара көмектің орын алуы «ерлік фазасы» ретінде белгіленеді. Үрейлі мінез-құлық мүлде байқалмайды – ол құтқару жолдары мүмкін болмағанда кездеседі.

  3. Апатты жағдайдан бірнеше күннен кейін басталатын әсерден кейінгі кезең құтқару жұмыстарының жалғасуымен және туындаған проблемалардың бағалануымен сипатталады. Әлеуметтік дезорганизациямен, отбасыларының ажырауымен, эвакуациямен байланысты жаңа проблемаларды бірқатар авторлар «екінші аппатты жағдай» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет