Экстремалды жағдайларды төмендегідей белгілері бойынша топтастыруға болады:
тұтқиылдылығының дәрежесі бойынша: тұтқиылды (болжалсыз) және болжалды. Табиғи апаттарға қарағанда әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларды болжауға болады. Экстремалды жағдайлардың дер кезінде болжануы және сәйкес әрекеттердің жасалынуы жеке жағдайлардағы біршама өлімдерді болдырмауға мүмкіндік береді;
таралу жылдамдығы бойынша: талқандаушы, шапшаң (әскері қақтығыстар, техногенді апаттар, табиғи апаттар), тез таралушы, біріңғай, бір қалыпты (экологиялық сипаттағы жағдайлар бір қалыпты дамиды) болуы мүмкін;
таралу қарқыны бойынша: бір жердің шеңберінен аспайтын, жергілікті, территориялы, аймақтық, федералды, траншекаралы. Бір жердің шеңберінен аспайтын, жергілікті, территориялы экстремалды жағдайларға қызмет етуші бөлімнің, өндірістің, тұрғылықты мекеннің аумағынан аспайтын жағдайлар жатады. Аймақтық, федералды, траншекаралы экстремалды жағдайлар тұтастай аймақтарды, мемлекеттерді немесе бірнеше мемлекеттерді қамтиды;
әрекетінің ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді сипатта болуы мүмкін. Қоршаған ортаның ластануы орын алатын барлық экстремалды жағдайлар созылмалы жағдайларға жатады;
сипаты бойынша: қасақана ойластырылғандар (ұлттық, әлеуметтік және әскери қақтығыстардың көпшілігі, ланкестік әрекеттер және басқалар) және қасақана ойластырылмағандар (көптеген техногенді апаттар мен зұлматтар).
Алайда біз үшін экстремалды жағдайлардың шығу тегі бойынша топтастырылуы қызығушылық тудыруда. Аталмыш өлшем бойынша олар төмендегіше жіктеледі:
техногендік сипаттағы экстремалды жағдайлар (апаттар, зұлматтар, өрттер, жарылыстар және т.с.с.);
шығу тегі табиғи экстремалды жағдайлар (геофизикалық, геологиялық, метерологиялық, агрометеорологиялық, қауіпті теңіз гидрологиялық құбылыстар, табиғи өрттер);
биологиялық-әлеуметтік сипаттағы экстремалды жағдайлар (аштық, ланкестік, қоғамдық бей-берекетсіздіктер, ішкілік, нашақорлық, токсикомания, әртекті зорлықтар).
Әрине аталмыш үлгіде топтастырудың өзі шартты, өйткені барлық апаттардың себептері өзара тығыз байланысты болады.